Абайдың 31-қара сөзі

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы №9 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі  Озганбаева Улболсын Туркменбайқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз бірініші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.
Сабақтың түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ақын суреті, ақын кітаптары, қима қағаздар, буклеттер.
Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық: «Көзімнің қарасы» өлеңін айту, бір – біріне жылы тілектер айту.
Ұйымдастыру кезеңі

• Оқушылармен сәлемдесу
• Сынып оқушыларын түгендеу, құралдарын тексеру.
• Сабақ барысы туралы түсінік беру,топқа бөлу. (Слайд)
Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,
Еңбекті сат,ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,-деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат» тобы деп екіге бөлеміз. Сары, көк асықтарды иіру. Сары асық алғандар Ақыл тобы, көк асық алғандар Қайрат тобы.

Үй тапсырмасын тексеру,бекіту.
— Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өттік. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерінің мазмұнымен танысқан болатынбыз.

— Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық,кім дайын?
Абай атамыз туралы не білеміз, соған мына суреттерге сүйене отырып, шолу жасап кетейік. (слайд)

Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды, — деген өлең жолдары арқылы сабағымызды бастаймыз.
Жаңа сабақ

 Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн жадын, тақырыпты жазып қойыңдар.

Мұғалім түсіндірмесі

Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны әрі қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Ол кезде Абай 45 жаста болған. Өзінің қара сөзді жазудағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

Абай қара сөздері — өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
Қара сөздерінде Абай әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан.
Бүгінгі сабақта «Отыз бірінші» қара сөзімен танысатын боламыз.

Оқушылар 31-қара сөз туралы көрінісі қояды.

Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды.

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан топқа бөлу. (Слайд)

1         Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

2         Дүниенің тылсым сырларын тану: 7, 19 ,31, 38, 43

3         Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18

4         Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33

5         Қазақтардың мінез-құлқы: 4, 10, 12, 15, 22, 24, 35, 38

6         Қазақ мақалдары: 5, 6, 37, 39

7         Еңбек: 2, 4, 25, 42

 

 

 

Бес жолды өлең құрастыру

1 Зат есім. Табиғат

2 Сын есім. Тірі     өлі

3 Етістік.  Асырайды      қорғайды      құлпырады

4 Бір сөйлем.  Адам табиғаттың бір бөлігі

5 Синоним. Дала

1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі .
5. Өнер.

 Сұрақ-жауап:  (Слайд)
«Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?
Есте сақтаудың,ұмытпаудың 4 түрлі себебі қандай?

Сөздікпен жұмыс. (дәптерге  жазу слайд)
Ғибратләну- (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».
Уайымсыздық- еш нәрсеге алаңдамаушылық.
Салғырттық- әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.
 Топпен жұмыс.
1-топ: «Отыз бірінші» сөз (парақша беріледі)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
2-топ: — төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
(әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады)

 Асыл сөздің жалғасын тап. (Слайд)
1.Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық … (Аздырар адам баласын)
2.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті … (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
3.Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға … (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

4.Баламды медресеге біл деп бердім … (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)
Сатылай кешенді талдау.
«Отыз бірінші» қара сөзі
Авторы: Абай Құнанбаев
Жанры:  Қара өлең
Тақырыбы: Жақсылыққа  үндеу
Идеясы:Естіген нәрсені ұмытпаудың,есте сақтаудың жолдарына тоқталған.
Естігенді ұмытпаудың төрт түрлі себебі бар:
Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін хормен айту.
Үй тапсырмасы: «Отыз бірінші» қара сөзін жаттау. Дүниенің тылсым сырларын тану тақырыбындағы тағы басқа қара сөздерін жаттап келу.
Бағалау.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *