Ана алақаны — балаға айдынды қоңыс

Медетбекова Сандуғаш

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, шар, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы;
  2. Отбасылық эмблеманы таныстыру
  3. Баланы жақсы көру дегеніміз не?
  4. Тыйым сөздер
  5. Отбасы видеролик
  6. Сергіту жаттығуы «Ормандағы жаңбырлар»
  7. Қар қиыршықтары
  8. Ән «Ана туралы»
  9. Шар жару «тілек,рахмет айту»

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
— Сәлеметсіздер ме құрметті ата — аналар! Бүгінгі біздің:«Біз бір — бірімізді түсінеміз бе?» атты тренингке хош келдіңіздер! Ата – ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал осы ұл — қызымызды тәрбиелеуге үлес қосып отырған тәрбиешілерді түсіне аламыз ба?
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырып демеуші ата — ана. Олай болса, сіздер мен біздер бірлесіп бірауыздан жұмылып жұмыс жасасақ, біз алмайтын қамал жоқ — деп ойлаймын. Ал, Іске сәт!
Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата — аналар 3 түсті гүл күлтешесінен бір — бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата — аналар бірігіп бір топ боласыздар.
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен ақкөңіл – Ақмаралмын
Мен гүлдей — Гүлнармын
Мен көңілді – Көркеммін.
«Осы қасиеттеріңіз әрқашан өздеріңе жолдас болып, тек жақсы қасиеттеріңді қабылдап жүрейік»
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

2.Эмблеманы таныстыру:

   Барысы: Ата-аналар эмблема арқылы өздерінің отбасы мүшелерін таныстырады.Өз отбасын  таныстырады

3.Баланы жақсы көру дегеніміз не?

    Барысы: Ата-аналар осы сұраққа жауап береді,өз жауабын күн бейнесін шуақтарына жазады,әр ата-ана өз ойынша баланы жақсы көру дегенін түсіндіреді.

4.Шектен тыс тыйымдар:

Барысы: Отбасының баланың пікірін тыңдауға,баланың психологиялық саулығына әсер ететін тәрбие әдістерін дұрыс таңдауға көмектесу.

Қажетті құралдар: Дәке,қайшы өту барысы:Алдарыңыздағы дені са,періштедей көңілі ақ сәби тұр деп елестетейік.Енді отбасындағы бала тәрбиесіне (дене мүшелеріне) қатысты қолданылатын айтайық.

Айтылған тыйымдардан кейін жүргізуді дәкенің көмегімен тыймда көрсетілген дене мүшесңн байлайды.

Мыс: аяғынды тарсылдатпа,секірме,жүгірме (аяқты байлау)

Көзін ауырады қарама (көзді байлау) үлкендердің әңгімесін тыңдама,сөйлесе араласпай жайына отыр (ауыз бен құлақты байлау)

Кейде баланың қуанышы мен ренішінде де қолдау көрсетпейтін жағдайлар болады.Жылама,күлме,(жүрегін байлау) ұстама,түрітпе.сызба,тиіспе,сызба,(қолын байлау)

 

5.Отбасы видеролик

6.Сергіту жаттығуы «Ормандағы жаңбырлар»

Мақсаты: иық, мойын омыртқа жотасы аймақтарындағы бұлшық еттердің қысымын төмендету, босаңсу.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау: Барлығымыз бір — біріміздің соңымыздан тұрып, шеңбер құрайық. Енді сіздер қалың орманда джунглиде жүргеніңізді елестетіңіз. Алғашқыда ауа райы өте тамаша болды, күн сәулесі жерді жылытып, дала өте ыстық. Бір уақытта самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасын қолыңызбен сыйпаңыз. Жел соғуы күшейеді. Арқаларыңызда қысым күшейеді. Қатты дауыл соғып тұр. Күшті шеңберлі қозғалыстар. Кейін ұсақ жауын жауды. Алдыңызда тұрған адамның арқасын жеңіл соғамыз. Енді нөсер жауын жауды. Алақан және саусақтармен жоғарыдан төмен арқаны сипаймыз. Бұршақ жауды. Бүкіл саусақтарыңмен қатты соғыңдар. Қайтадан нөсер жауын жауды, жаңбыр себелеп тұр, қатты дауыл соқты, кейін самал жел соғы, кейін ол әлсіреді, табиғатта бәрі тынышталды. Қайтадан күн сәулесі шығып, дала жылынды. Қимылдар қайталанады.
Ал енді 180 градусқа бұрылып ойынды жалғастыр.
Талдау:
7.Қар қиыршықтары

Барысы: А4 форматты ақ қағаз беріледі, және сол қағазды бүктеу арқылы жыртып белгілі бір пішінді жасап шығару.

8.Ән «Ана туралы»

Барысы: Барлығына таныс әуен алынды.Шеңбер бойымен бірге отырып шеңбер бойымен айтады.

9.Шар жару «тілек,рахмет айту»

Барысы: Шар адам бойындағы агресивті адам бойынан шығарады.Үрілген шардың ішінен тілектер жазылған қағаздар шығады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *