Ақпараттық технология арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру

Ашанбаева Меруерт Айтпаевна

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін

 ең алдымен азаттық пен білім қажет

 

                                                                           Шоқан Уәлиханов

 

ХХІ ғасыр біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді.Бұл кезең ақпараттық кезең болғандықтан компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар оқушылар мен мұғалімдерге ауадай қажет.  Сондықтан компьютерлік техника  педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Сол себептен сабақта қазіргі ақпараттық оқыту технологияларын кеңінен қолданамын. Информатика сабағында озық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін,компьютерлік сауаттылық мәдениетін қалыптастыру. Басты міндет технологияларды тиімді қолдану арқылыөз бетінше дами алатын, логикалық ойын,қызығушылығын арттыратын жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.

«Ұшам деген қанатқа-дүние кең» дегендей мұғалім және оқушы үшін білім саласында  мүмкіндік өте мол. Мұғалім үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі. Барлық  салада  жұмыстың нәтижесі  сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен  оқып білім алуға баулу арқылы ғана азамат тәрбиелеуге болады. Білімнің сапалы болуы талантты шебер ұстазға байланысты. Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту мәселесі және логикалық ойын қалыптастыру білім берудің ең басты мақсаттарының бірі болып отыр.

Информатика пәніне оқушылардың қызығушылығы мол. Сол себепті осы пәнді оқытуда оқушылардың қызығушылығын жоғалтып алмай,оны одан әрі жалғастыру мұғалімнің  басты міндеті. Қазіргі кезде оқу үрдісінде түрлі озық технологияларды және түрлі әдіс тәсілдерді қолдану оған  дәлел бола алады. Осы технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушының компьютерлік сауаттылық мәдениетін қалыптастыра аламыз.

Мен өз  сабағымда оқушыларға қызықты болу үшін түрлі озық технологияларды қолданамын.  Сабақ барысында оқушыларға тек дайын білімді берумен шектелмей,оларды сыни тұрғыдан ойлауға, логикалық  ойын қалыптастыруға, өз бетінше ізденіп алған білімін тиімді пайдалануға дағдыландыру.

 Сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  мынадай қорытындыға келдім:

  • Жеке, жұппен, топпен жұмысты оқушылар жақсы жүргізеді.
  • Жұмыс барысында  оқушылардың белсенділігі  жоғары болады.
  • Оқушылардың жеке жауапкершілігі артады.
  • Жұмыс барысында қызығушылығын байқадым.
  • Бір-біріне деген көмек беру, сыйлау, ынтымақстастық  қалыптасады.
  • Сабақта мұғалім тек бағыттаушы болып қана қоймай, оқушылар ізденуші болып көп жұмыс жүргізеді.
  • Оқушылар сабақта еркін сөйлеуге үйренеді.
  • Бір –бірінің пікірін тыңдауға,құрметтеуге дағдыланады.
  • Оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады және сенімділікпен жұмыс жасайды.
  • Бір-бірінің пікірін тыңдауға және пікір айтысыуға қалыптасады.
  • Оқушылар өз-өзін реттеуге дағдыланады.
  • Бағалауда оқушылар  әділ болуға тырысады.
  • Бағалау барысында  оқушыларды  көтермелеп баға қою және оқушыларды салыстыру болмайды.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа озық технологияларды көбірек қолданып, оны оқып үйрену арқылы оқу үрдісіндегі туындайтын кемшіліктер мен қателіктер саны азаяр еді.

Сөзімді түйіндей келе  оқушының бойындағы шығармашылық пен логикалық ойлау икемділігі  әр түрлі болады.  Сол себептен мұғалімнің басты шеберлігі оқушыны қандай тұлға екенін көре білу және  оны жетілдіру.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа озық технологияларын жан-жақты меңгеру болып отыр. Оқушылардың  шығармашылық  және логикалық ойлау   қабілеттілігін артыру барысында  АКТ-ның көмегі өте зор.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *