Бау-бақшаға саяхат
Тайбулатова Адеми
Мақсаты:Жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейту, жылмезгілінің ерекшелігін түсіндіре отырып, тіліндамытуға, күздегі табиғат сұлулығына назар аударту.Балаларды күз сыйы көкөністермен, жемістерментаныстыру. Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардыңеңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Білімділігі: Ойлау қабілетін дамытуға, тіл шеберлігін білімге дегенқұштарлығын, ықыласын, ізденпаздығын арттыру.
Тәрбиелік: Айналаны қоршаған ортаны қорғауға,ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, Математика, Қоршаған Орта,Шығармашылық
Көрнекілік:Егіс даласы, Жемістер мен көкөністер, куректің суреті
Сабақтың барысы:
1 . Шаттық шеңбері:
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа
Дөңгеленген шеңберді.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын, сіздер шешуін табыңдар.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап барады.
Балалар айтыңдаршы? Бұл қайда болады?
Балалар:-Күз
Тәрбиеші:-Иә бұл күз мезгілі екен. Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар:Күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Жердің бәрі сап-сары болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күзде адамдардың да еңбегі ерекше. Олар егін орады, жеміс-жидектер, көкөністер жинайды.
Тәрбиеші:-Ал, енді балалар күз туралы кім тақпақ айтып береді?
Дастан:Сап — сары маңай,
Сап — сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айдана: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Назым: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Тәрбиеші: Балалар біз неге алтын күз деп айтамыз екен?
Балалар:Себебі ағаштар, шөртер, жапырақтар, түгелдей сап-сары болады.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар:Күзде 3 ай бар қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші:Ал балалар біз қазір бау-бақшаға саяхатқа шығамыз.Бізді бұл жақта ғажайып ағаш күтіп тұр екен.Ғажайып ағашта нелер бар екен?
Балалар:Алма, алмұрт т.б
Тәрбиеші:Бау-бақшада тек жеміс-жидектер ғана өспейді.Соынмен бірге көкөністер де өседі. Алма, алмұрт т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар бақта өседі, яғни жерде өседі. Бізоларды суарып, түбін қопсытып, арам шөптерін жұлып, ағаштарға ұя салып,құрт құмысрқадан қорғау үшін баптайды екенбіз.Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді.
Сергіту сәті: Саябаққа барамыз
Жүзім теріп аламыз
Жүзім теріп аламыз
Себетке біз саламыз.
Тәрбиеші:Балалар жеміс шырыны өте пайдалы, олардың құрамында витаминдер өте көп. Жемістерді ағаштан үзе сала жеуге болмайды. Оларды жақсылап ыстық сумен жуып, содан соң жеу керек.
Балалар:Бақшадан Айсұлу қызды көреді.
Айсұлу: Бақшаданжемістер мен көкөністер жинап жүргенінбірақ ол жемістермен көкөністі ажырата алмай жатқанын айтады.
Тәрбиеші: Балалар кішкентай Айсұлуға көмек беремізба?
Балалар: Ия… Ол үшін екі топқа бөлінеміз.Көкөністерді, жемістерді бөліп. Жемістерді бір себетке, көкөністерді бір себетке жинаймыз. Қай топ шапшаң жинайды екен?
Айсұлу:- Сіздерге көп рахмет. Мені атам мен әжем күтіп қалған болар, енді мен үйге қайтайын. Сау болыңыздар.
Тәрбиеші: Балалар бізге Бағбан ата келе жатыр.
Бағбан ата:Уа, балаларым амансыңдарма?
Балалар: Сәлематсыз ба ата?
Ата: Бау-бақшаны, даланы гүлдендірген, шырша егіп бағындыратынболашақ елдің батырлары. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.Қазақстанымыздың көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін осындай ұландар өсіп келеді. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер.
Тәрбиеші:Бағбан ата күрегіңіз сынып қалыптығой…Балалар атаның күрегін жасап беруге көмек беремізба?
Балалар: Ия…
Тәрбиеші:- Ендеше атаға күректің суретін салып берейік.
Балалар күректің суретін атаға салып береді.
Бағбан ата: Жарайсыңдар балалар! Үлкен азамат болыңдар. Еліміз өсе берсін, өне берсін! Балалар менің сендерге сыйлығым бар.
Балалар: Атаға рахметін айтып қоштасады.
Тәрбиеші: Балалар біздіңде балабақшаға қайтатын уақытымыз болды:-деп сабақты қорытындылайды.
-Балалар біз жемістер мен көкөністерді кімге ажыратып көмектестік?
-Жемістерге нелер жатады?
-Көкөністерге нелер жатады?
-Біз тағы кімге көмектестік?
Балаларды мадақтап оқу іс-қызметін аяқтау.