«Білімділер бәйгесі» атты бастауыш сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс

Қабаева Мәншук Советқанқызы

Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту,ортада өзін ұстауға,ұқыптылыққа үйрету

Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге,шығармашылықпен еңбектенуге дағдыландыру.

Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.

Барысы:

1 ж.Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!

2 ж.Адамзат тарихында қай кезде де болмасын ғұламалар ғылым мен білім

мәселелеріне ерекше көңіл бөлген,қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін елбасы Н.Ә.Назарбаевтің

жолдауларында баса көрсетті.

1 ж.Ия Қ.Р өркенниетті ел болу үшін ең басты білім.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің ,оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі.

2 ж.Ендеше,бүгінгі сайысымыздың ұраны:Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.

1 ж.Олай болса,»Білімділер бәйгесіне « қош келдіңіздер!

2 ж.Ортаға сайысқа қатысушы 2-3-4 сынып оқушыларын шақырамыз.

Білімпаз балалар өздерін таныстырады: 1.»Алғырлар» тобы:

Асыл тастан,өнер жастан,              «Тапқырлар» тобы:

Шығады деп дарынды.                     Толағайдың тасындай,

Ұландардан тараймыз                     Жүзден жүйрік боламыз,

Тапқырлар тобы осындай.               «Білгірлер» тобы:

Қабылдаңыз шын жүректен,        Бір сыныпта оқимыз біз бәрімізде,

Сізге сәлем жалынды.                   Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.

1 ж.Сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын таныстырамыз:

Мектебіміздің директоры Керейбаева.Г, оқу ісінің меңгерушісі Г.Сейпкенова,  кітапханашы Мухаева Б.

1 ж. Сайыс кезеңдерін таныстырып өтейік:

1.»Ой жүйрігі» 1минут ішінде  сұрақтарға жауап беру

  1. «Тіл-өнер» сайысы

3.»Ғажайып алаң» Бұл кезеңде  10-40 аралығында ұяшықтар берілген.Бұлар ұпай сандары.Ұпай сандары артқан сайын сұрақ та  күрделене түседі.Дұрыс жауап берсе сол ұпайға ие болады.

4»Кім жүйрік?»  Бейнелі сөз беріледі

  1. Көрермендермен жұмыс. «Айна « ойыны. Бір-біріне қимыл көрсету

1.түйме қадау,2.сурет салу,3. Цирктегі ойын,4. Жолға шығу, 5.кітап оқу,

6.би билеу,7.ән салу,8.

Барысы:1 ж. Адамға ең керегі білім деген,

Білімсіз ол қатарға ілінбеген.

Ойлама білім алсам қор болам деп,

Тұрғанда мына заман күлімдеген.

2 ж.Бір бала бір мектептің түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

«Бірлік барда тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

«Сулифа» ойыны арқылы қай топ 1-ші,2-ші,3-ші  шешіледі.

1 айналым: «Ой жүйрігі» 1 топқа:

Қасиетті күнді ата, орман дәрігері, «Кел балалар» өлеңінің авторы,Сиырдың пірі,4 құбыла, қазақ әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер, айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар, күз айларын ата, жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

2 топқа:Ағаштың сабағын қалай атайды,күн жылы болғанда сынап бағанасы қандай деңгейде болады,сүйекті пайдаланып ойнайтын ұлттық ойын,

Ләззәт Асанова кім,Абай атамыздың әжесі кім, «Алып бала «кім туралы,

а+37 қандай өрнек,»Қазақ хрестоматиясын»  кім жазды,Жылқы малының атасы.

3 топқа:Үш қуатты ата(ақыл,жүрек,тіл),қазақтың ішекті ұлттық аспабы, адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз(темірқазық),жеміс неден пайда болады,

Заттың қимылын білдіретін сөз табы,азайту амалының компоненттерін ата,

Қар еріп болысымен қар астынан шығатын гүл,азайтқыш артқан сайын айырманың мәні қалай өзгереді,Абылайдың шын аты.

2 айналым:»Тіл-өнер»  1 топқа:Тепсем тебілмейді,көмсем көмілмейді(көлеңке),Талабы жоқ жас,қанаты жоқ (құс),Досы жоқ адам,(тұзы)жоқ тағам.

2 топқа:Бір қорапта қамалғандар,жану үшін жаралғандар.(сіріңке)

Ағайынды бес туыс,жамылатын тоны бар,бесеуінде бес қуыс.(қолғап)

Болса да көкте мекені,кездеспейді екеуі(ай менкүн)

3 топқа:Бір санға өсірді,өзі қалып орнында,бізді алға көшірді.(сынып)

Сақталады 6 ай жаз,сандығымда сары аяз(тоңазытқыш),Ойдың аяқталуын күтпейді,оны қойсаң сөйлем бітпейді(үтір)

3 айналым: «Ғажайып алаң»  1топқаТұлға   10  20  30   40

Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? 10

Өнер,білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып жұмғанша ,

Жылдам хабар алғызды       Өлеңнің аты,авторы кім?   (Ш.Құдайбердиев) 40     Қазақ халқының ұлы ақыны 20  Аты аңыз ,өзі батыр,         30 ұпай                                                                3топқа:10  Бұлақ басына қойған тасқа:»Азықсыз аш адамға  атбасындай алтынның түк пайдасы жоқ « -деп жазды.   Мәтіннің аты  ,    авторы кім?

20  Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң жауыңа найзаң тисін  деп айтқан би              30  «Көксерек»кімнің әңгімесі?     40  «Менің атым Қожа»

Кімнің шығармасы?

2топқа:10 Ақ киізге орап хан етіп сайлаған үш жүздің басын қосқан хан(Абылай)         20.Хан Абылайдың өзі «Дарабоз» деп ат қойған батыр (Қабанбай батыр)   30.  ( Шоқан)      40 Қарлығаш би атанған би(Төле)

Құбылыстар мен қасиеттер  1 топқа:  10. Өседі қоректенеді,тыныс алады Бұлар қандай табиғат иелері (өсімдіктер)   20 Ауа-райын өлшейтін құрал(термометр)   30. Ұзынсары дегеніміз не     40. Күн мен түн теңелетін күн

2 топқа :Жердің жұмсақ беткі қабаты 10            Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата20

Мұнай Қазақстанның қай жерінде көп кездеседі  30   Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан  40

3 топқа: 10   Жай көзбен қарағандағы көз жеткенге дейінгі кеңістік (көкжиек)

20 Еліміз қанша мың шаршы  км  аумақты алып жатыр (2 млн 724 мың  км )

30  Минералды сулар деп қандай суларды айтамыз      40 Әлемнің 7 кереметін ата

«Математика» 1 топқа:Бұрыш түрлерін ата 20

Қосу амалының компоненттері    10

10 литрлік және3 литрлік екі ыдысты пайдаланып,8 литр суды қалай құйып алуға болады?    30

Үш бала дойбы  ойнады Егер әр бала қалғандарының әрқайсысымен бір партия ойнаған болса,әр бала неше партия ойнады? 40

2 топқа: Суретте неше үшбұрыш бейнеленген  10

Кесіндінің 5\1 бөлігі-15 см  ұзындығы неше см (75) 20

500 кг неше центнер?   30

40     Ұлу  күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелеп шығады ал түнде 4м төмен түседі Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне жерден бастағанда қанша күнде жетеді?3 топқа:  Жылдамдықты табу үшін қандай амал қолданамыз? 10

Неше үшбұрыш бейнеленген?  20

Кубтын көлемі 64см бір қабырғасы неше см?30

Үстелде фигуралар үшбұрыш,ромб,дөңгелек,квадрат қатар жатыр.Олардыңтүстері жасыл,сары,көк,қызыл.Егер қызыл түсті фигура жасыл және көк түстің арасында жатқан болса сарыфигураның оң жағында ромб жатса дөңгелек үшбұрышпен  ромбының оң жағында жатса,үшбұрыш шетінде жатса және көк түсті фигура  сары түсті фигураның қасында жатса,онда фигуралардың қандай ретпен жатқанын және олардың әрқайсысының түсін анықта (сары квадрат,жасыл ромб,қызыл үшбұрыш,көк дөңгелек)         40 ұпай                                                                                                 Қазақ тілі 1 топқа:   10 Бірде дауысты,бірде дауыссыз ол қандай дыбыс?

20  Дауыссыз дыбыстар нешеу?

30 тасымал дегеніміз не?

40  Сөз бен сөзді байланыстыратын  қосымша

2 топқа:Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша  10

Үнді дауыссыз дыбыстарын ата  20

Сөздің әрі қарай бөлінбейтін бөлігі    30

Жалқы есімдерді ата    40                                                                                                                 3 топқа: Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем      10

Неше септік бар ата         40

Сөздер  мағынасына қарай қалай бөлінеді?   20

Ұяң дауыссыздарды ата  30

1 топқа: ине шаншар жер жоқ, қой аузынан шөп алмас,төбесі көкке жетті.

2 топқа:қабағынан қар жауды, бетінен оты шықты, ит өлген жер.

3 топқа:төбе шашы тік тұрды,көзді ашып-жұмғанша, таяқ сілтем жер.

2 топқа:                               өріп тараған,

қараған.

Құрт пен майын жинаған,

сыйлаған.

1топқа :                    қошақан,

қалмайды.

Сүп-сүйкімді момақан,

аумайды.

1 ж    Осымен сайыс шарты аяқталды

Қайтуға уақыт та таяп қалды.                                                                                     2 2ж Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта  жолда қалыспа,

Әділқазы бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыспа?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *