Бірге ойнайық

Кабиева  Актолкын

Ата-аналармен және балалармен тренинг

Тақырыбы: Бірге ойнайық                                                                                                                 Мақсаты: Ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатысуын қалыптастыру,бірін-бірі жақын біліп,түсіну,қызығушылық,көңілдерін көтеру,қуаншы сыйлау.Тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктері жоғары екенін ұғындыру, баламен қарым – қатынасты жақсарту.Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.                                                                                                               Жүргізуші:                                                                                                                                                           -Хош келдіңіздкр,құрметті ата-аналар!Бүгінгі күн өте ерекше,өйткені біздер өз балдарымызбен мезгілді қызықты өткізуге жиналдық.Бәріміздің де басымыздан балалық шақ өтті.Бәріміз де ойнағанды ұнаттық.Ал бүгін тағы да сол балғын балалық шаққа оралайық.                                                                                                                                                        1-жаттығуымыз. «Сиқырлы алма ағаш»Мына тұрған алма ағашқа 1 немесе 2 алманы алып өздеріңіз осы тренигтен нені күтесіздер,өз ойларыңызды,мақсаттарыңызды жазып іліңіздер. 2-жаттығу“Танысу.”
-Шеңберге тұрайық,балаларымызды алдымызға қояйық.Әрқайсыңыз есімдеріңізді атап,бірінші әрпіне басталатын бір жақсы қасиеттеріңізді атаңыз.Бала өз атын атайды,ал сіз оның есімінің бас әрпіне келетін бір жақсы қасиетін айтыңыз.3-жаттығу “Кірпі” Массаж жасайтын доппен балаларға массаж жасау.

-Кірпі кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кірпі,кірпі,келе ғой,

Менің баламмен ойнай ғой!

4-жаттығу “Аюды қуантайық”

-Аю келді орманнан,

Жылап біздің шағын топқа

Кане,аюды жұбатайық,

Оған сыйлық берейік!

5-жаттығу «Зоопарк»Жүргізуші:-Бұрын бәрімізде зоопаркке барған шығармыз.Онда әртүрлі хайуандар кездеседі.Сіздерге тапсырма.Ата-анасы өз баласымен таңдаған жануарлардың төлімен қимылын салып береді.(Қоян,маймыл,түлкі,кенгуру,жылан,түйе.)Ал,қалғандары бұлар қандай жануар екенің шешулері керек.

6-жаттығу “Қандай мен кереметпін”Ата-аналар өздерінің бастарын сипап,мен қандай кереметпін деп мақтайды.Балаларының бастарын сипап,қандай менің балам керемет деп  мақтайы

 

7.“Кеш қалмаңыз” Видеокөрсетілім

8-жаттығу “Сиқырлы алма ағашқа оралайық”Жүргізуші:-Алма ағашқа оралайық.Трениг басында бәріміз бұл тренигтен нені күтеміз? Деген сұраққа жауап бердік.Ал,сол күткендеріңіз орындалды ма?Бала-біздің өміріміздің гүлі,біздің болашағымыз!Сол болашақ қандай болатынын біздің қолымызда.Балаға көп қызықты,қуанышты сәттілік сыйлаңыздар!Әр атқан күндерің бақыт сыйласын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *