Бұл қай кезде болады?

Дират Ардагүл

Мақсаты: Балаларды қыс көрінісін әңгімелесуге,табиғаттағы ерекшеліктерге назар аудартып, көргендерін байқау, бақылағандарын бейнелеу іс-әрекетінде  бере білуге үйрету. Балалардың көргендерін өз іс-әрекеттерінде табиғи заттарды қолдана отырып, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.

Қолданылатын көрнекіліктер: DVD –дискі, көрсету-түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Билингвистикалық компонент: Қыс-зима, аяз-мороз, қар-снег, сырғанақ-каток, аққала-снеговик, шана-сани, шаңғы-лыжи.(ағылшын тілінде айтылады)

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиеші әрекеті:

Балалар әрекеті:

Мотивациялық-қозғаушы:

Амандасу сәті

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жан!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

 

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

  • Балалар, жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілінде неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Бүгін аптаның қай күні? Ендеше балалар бәріміз назарымызды теледидарға аударамыз. Теледидардан «Қыс көріністері» табиғатының пейзаждық суреттері көрсетіледі
  • Суретте қай мезгіл бейнеленген?
  • Дала қандай?
  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
  • Қыс мезгілі кімге ұнайды?
  • Несімен ұнайды?
  • Енді балалар , қыс мезгілінде біздің жан-жануарларымыздың көңіл күйі қандай болатынын бірге тамашалайық. Назарымызды теледидарға аударамыз.

Теледидардан қыс мезгілінде түсірілген мультсериал көрсетіледі

  • Балалар, жан-жануарлар қандай көңіл-күйде екен?
  • Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

Ұйымдастырушылық:Қыс әуені орындалып, сырттан «Ақпан ата» кіреді. Соңында шанасы, оның үстінде қорапшасы бар.

Ғажайып сәт балаларды таң қалдырады.

Менің атым-Ақпан

Келдім суық жақтан.

Тоңып қалмай балалар,

Аязымнан сақтан!

  • Балалар бізге қонаққа кім келді?
  • Ақпан ата , саламатсыз ба?
  • Қош келдіңіз!
  • Қош көрдік. Қандай әдепті балаларсыңдар. Енді мен сендердің білімдеріңмен өнерлеріңді бақылап көрейін. Менің шанамдағы қорапта тапсырмаларым бар. Қане, шығарайын.

1-тапсырма:

  • Кім қыс туралы өлең, тақпақ біледі?

2-тапсырма:

  • Кім жұмбақ шешеді?

Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді

Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді

(Қыс пен жаз)

Бес ін, бес іннің аузы бір ін

(Қолғап)

  • Жарайсыңдар, балалар, сендер өте тапқыр екенсіңдер.
  • Ендігі тапсырмамды балалар, апайларыңа берейін.
  • 3-тапсырма:Билингвистикалық компонент , тәрбиешінің жүргізуінде.
  • Жұмырланған қарды, біреуіңе лақтырып:

Қалт етпей қағып ал,

Аудармасын тауып ал.

Қар-снег

Аяз-мороз

Сырғанақ-каток

Шана-сани

Шаңғы-лыжи

Аққала-снеговик

  • Балалар, барлық тапсырмамды дұрыс орындадыңдар.

Рахмет, сендерге.

Ізденпаздық

  • Енді, балалар, біздер бүгінгі іс-әрекетімізге келейік.
  • Ұжымдық жұмыс
  • Жапсыру

Балалар, жұмысымызды аяқтасақ, ортаға жиналамыз. Бізге Ақпан ата «Қар жинау ойынын»әкеліпті. Ақпан Ата, сіз бізбен ойнайсыз ба?

  • Әрине
  • Ендеше мен ойын шартын түсіндіріп кетейін.
  • «Қар жинау» ойыны ойналады.

Ақпан ата:

  • Балалар, сендер әртүрлі тапсырмаларымды орындап, талантты, өнерлі екендіктеріңді көрсетіңдер.Енді менің басқа да баратын жерлерім бар.
  • Балалар, біз Ақпан атаға өзіміздің жасаған жұмыстарымызды естелікке берейік. Ақпан атамен қоштасайық.
  • Ақпан ата, сау болыңыз!
  • Енді балалар, кім қандай тапсырма орындады, айта қойыңдаршы?
  • Сонымен балалар, біз қыс мезгілі жайлы біраз мағлұматтар біліп, қыс мезгілінің көріністерін әртүрлі тапсырма ретінде орындадық.

Рефлексвті коррекциялаушы

  • Қазір «Қыс» әнін барлығымыз орындаймыз

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады. Балалар қыс көрінісін әңгімелеуді, табиғатты ерекшеліктерге назар аудартып, көргендерін жаңғыртады.

Түсінеді: Балалардың көргендерін өз іс-әрекеттерінде түрлі-түсті қағаз, табиғи заттармен қағаз бетіне орнастыруды түсінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *