«Г» дыбысы мен әрпі

Джабиева Гүлшат

Пәні:Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»
Сабақтыңмақсаты
1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқужәне жазуға үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеумәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ
шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер кеспе әріп.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылар мен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап – таза,
Бор да дайын тақтада.
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.
ІІ. Өткен сабақтық айталау
Мұғалім: — Балалар, біз сауат ашудан нені үйрендік?
Оқушылар: — оқуды,жазуды.
Мұғалім: — дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: — әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: — дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыздыбыс.
Мұғалім: — әріптерден не құралады?
Оқушы: — сөз.
Мұғалім: — сөзден не құралады?
Оқушы: — Сөйлем.
Мұғалім: — сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: — бас әріппен.
Мұғалім: — сөйлемдерден не құралады?
Оқушы: — мәтін. Өте жақсы.
Мұғалім: — өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?                                Оқушы: Ү дыбысы.                                                                                                 Мұғалім: Ү дыбысы қандайдыбыс? Оқушы: дауысты жіңішке. Үкі, Үйрек суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.
Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп оқыту.
— Кім сызды мына партаны?- деп ұстаз бізден сұрады. Үсенбек айтты: — Мен емес. Үміт айтты: — Мен емес. Күміс айтты: — Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі – Елемес үнсіз тұр әлі.
III. Жаңа сабақ
Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
(Гүл)
Мұғалім: Балалар,гүл дегенде қандай дыбыс естіліп  тұр?                                     Оқушылар: Ггдыбысы.                                                                                                       Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ггдыбысы және әрпімен танысамыз.Г  дыбысын дауыстап айту.                                                            Мұғалім: Ггдыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында, ортасында кездеседі.
Гүлдің суреті. ГҮЛ – гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір – бірімізге сыйлаймыз.
Оқулықпен жұмыс:
Е -гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.
Е-геу – үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е -гіз – бірге туған екі адам.
Се-гіз — сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақыттаөтеміз).
Ке- ре- ге – киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық,кереге»
Бе- те- ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше-ге – күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір – біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не -ге — сұрақ.
Шең- гел – тікенді өсімдік.
Мез -гіл — уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.
Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ақкөгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
Оқушыларды – тізбектеп оқыту.

IV. Сергітусәті.
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.
Дәптермен жұмыс.
Ауада жазу, тақтада көрсету.
Бас әріп, кіші әрпін жазу.

V. Шығармашылық тапсырма.
Гүл, көгершін сөздерін текшені бояу.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Дидактикалық ойын « Кім шапшаң?» ойыны.
Шарты: Ггдыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу.

VII. Жаңа сабақты қорытындылау.
Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық, Ггдыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
«Ақкөгершін» өлеңін жатқа айту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды  бағалау.                                                                                                                        VIII Мадақтау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *