Даулдық оқыту жүйесі – мамандар даярлаудағы кәсіби құзіреттілік кепілі

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі барлық кезеңдерде заман талабына сай маман дайындап келеді.  Нарықтық экономика жүйесіне көшкеннен бері білім беру жүйесінің бұл саласы нарық сұранысына жауап бере алатын, жаңа технологияларды меңгерген, білікті маман даярлау ісін қолға алып қызмет етуде.

Елбасының  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Кәсіби –техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек» деп көрсеткен болатын. Техникалық және кәсіптік білім жүйесін модернизациялау –мемлекеттік үдемелі индустриялық –инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы болары сөзсіз.

Қазіргі кезде кәсіптік білім жүйесіндегі педагогтардың әдістемелік қызметінің басты мақсаты-инновациялық технологияларды енгізу арқылы техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту.

 «Инновациялық технология» ұғымы жұмысшы кадрлар даярлауда тек қана білім берудің жаңа әдістері мен технологияларын емес, сонымен қатар болашақ жұмысшының еңбек ету қабілеттілігін арттыруда маңызды рөлге ие. Еңбек процестерінің жаңа технологияларын меңгерту үшін тек қана кәсіби шебер педагог қана емес, жұмыс беруші де бірлесе отырып шешетін мәселелер көп. Дуалдық оқыту жүйесі –кадр даярлаудың тиімді әрі жаңаша тәсілі болып табылды. Техникалық және кәсіптік білім алған түлектің басты проблемасы жұмысқа орналасу, ал дуалдық оқыту бұл маман дайындаудың тиімді әдісі. Бұл жүйе  Германия,Австрия,Дания,Швейцария елдерінде өз нәтижелерін беруде. Бұл жүйе өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді. Дуалды білім берудің оң нәтижелері  көп.  Ең маңыздылары:

1.Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.

2. Жақсы білімді болашақ жұмысшы- маман, психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді. 

3.«Тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, студент теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді. 

4. Жұмыс берушінің студентке  берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған  студент, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.

5. Тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді. Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгереріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.                                                                     Елбасының  Н.Ә. Назарбаев : «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш»  деп жастарға зор үміт артады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат қандай дегенге тоқталар болсақ: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септілігін тигізетін, жаңа технологияларды  меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу.

 Біздің Атырау аграрлы-техникалық колледжінде аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, білікті жұмысшы кадрларды бірлесе даярлауға, жұмыс берушілерді жұмылдыру мақсатында әр түрлі жұмыстар жасалынуда. Әлеуметтік серіктестіктермен келісімшарттар жылдан жылға жаңартылып отырады. Колледж бен жұмыс беруші мекеме арасындағы келісім шарттардың негізгі бағыттары:

-өндірістік тәжірбиеден өту;

-оқу орнындағы материалдық-техникалық базаны нығайту;

-түлектерді жұмыспен қамту.

Мамандардың білім сапасын және кәсіптік шеберліктерін көтерудің бірден –бір шарты өндірістік тәжірбиені дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Кәсіптік білім беру саласында және мамандарды даярлау бойынша Атырау аграрлы-техникалық колледжі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен жұмыс берушілер арасында келісімшарт жасайды. Төмендегі әлеументтік серіктестіктермен «Первомайский» ЖШС, КЖБ «Темір-АТ», «Казторгтехника» және басқа да ЖШС-терімен  дуалды оқыту жүйесін енгізу үшін меморандумға қол қойылған. Әлеуметтік серіктестіктердің жетекші мамандарымен бірлесе отырып оқу жылының басында дуальдық оқу бағдарламасын жасақтау жолға қойылаған.

Дуалдық оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін нәтиже аз емес. Олар:

-Теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;

-түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері оң шешім табады;

-дуальды жүйемен оқыған студент белгілі құзіретті меңгерген кәсіби маман болып қалыптасады.

Біздің студенттеріміз  өзінің ертеңгі жұмыс орнымен танысып , оған ие болу мүмкіндігін сезінеді, сондай-ақ, ол бәсекеге қабілетті болса ғана кәсіби маман ретінде бағаланып лайықты табысқа қол жеткізе алатындығын түсінеді.

Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады.

 

Әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2012.

2. Азгальдов Г. Г., Костин А. В. Интеллектуальная собственность, инновации и квалиметрия // Экономические стратегии, 2008.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы,

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *