Ертегілер еліне саяхат

Тулегенова Нурсулу

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекет түрі: Көркем әдебиет.

Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.Сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту,сөз өнеріне деген құрмет.Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау. Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш,ине ағаш, тауық маскасы, тышқан маскасы, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр маскасы, мейіз, тары, қайшы.

Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді.Қане сол қонақтармен сәлемдесейікші.

Амансыңба, Алтын күн Амансың ба,

Достарым Амансыңба, қонақтар

Біз сіздерді сағындық.

Сабақтың барысы 1.Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдаршы Ертегі айту,ертегіні тыңдау сендерге ұнай ма? Қандай ертегілерді білесіңдер. Енді осы аталған ертегілерге саяхатқа барамыз, ол үшін біз оларға сыйлық апаруымыз керек, ендеше Ертегілер еліне бәріміз бірігіп «Ертегілер әлемі» әнін айтып берейік.

2.Міне біздің ертегілер елінің қақпасын ашып ертегі елін тамашалайық. Енді ертегілер елінде жүрген мына кейіпкерлерге назар аударайықшы! Ең алды- мен қандай ертегілердің кейіпкерлері екенін тауып алайық.(балал-р жауабы)

3.Ал енді осы ертегілерді айтайық. Ол үшін мына қораптардың біреуін таңдаймыз да ішіндегі ертегіні әңгімелеп береміз.(«Бауырсақ», «Ойыншықтар достастығы», «Шалқан» ертегісі.) Бауырсақ неден жасалған-ұннан .Ұннан тағы қандай тағамдар жасауға болады?(бала-р жауабы нан,тоқаш,шелпек прәндік т.б.) Ас атасы-нан,нан атасы-дән демекші. Нан қайдан пайда болады? Көктемде дәнді егіп,күтіп-баптап күзде комбаймен орып жинаймызда диірменшіге апарамыз,диірменші бидайды тартып ұнғып ,ұнды наубайханаға апарып нан пісіреді. (Дәулет) Кім Нан туралы тақпақ біледі(Шұғыла) Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдар.

4.Балалар біз алдыңғы сабағымызда Ы.Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып,талдағанбыз иа? Ендеше осы ертегіден қойылым қояйық. Ерте, ерте ертеде,Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Мақта қыз үстел үстін реттейді, ыдыстарды жиыстырып болған соң еден сыпырып жүріп мейіз тауып алады. Мақта қыз (Мысығын шақырады.) —Мияуым менің, қайдасың? Тарғылым менің келе ғой,мен саған мейіз беремін(мысық келмейді) Келмесең келмей ақ-қой, өз обалың өзіңе деп(мейізді қыз жеп қояды).Осы кезде үй артынан «Мияу» деген дыбыс шығады. Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады. Мақта қыз- Мысығым-ау, мысығым, Тарғылы жақсы түсінің, Таңертең де, кеште де, Бетін жуған пысығым. Піш-піш десем,келе ғой,Айтқаныма көне ғой. Шақырғанда піш-піш деп, «Мяу» -деп дыбыс бере ғой. Жүргізуші: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді. Мысық- Менің атым мысық, Екі көзім қысық, Тышқан аулап отырамын Сүт көжемді ішіп — дейді. Мысық: Мақта қыз сен мені неге шақырдың? Мақта қыз: Айтпаймын! Мысық: ендеше мен сенің қатығыңды төгемін. Мақта қыз: Онда мен сенің құйрығыңды кесіп аламын. Мысық қатықты төгет, Мақта қыз құйрығын кесіп алады. Мысық: Берші,құйрығымды! Мақта қыз: Бермеймін!Қатығымды қайтарып бер! Жүргізуші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді. Сиыр — Менің атым атым Сиыр, Өрісім алыс қиыр Етім үшін,сүтім үшін адамдар маған үйір — дейді. Мысық: Мяу,Сиыр,Сиыр сен маған қатық берші! Сиыр: Сен маған жапырақ әкел менің қарным ашып тұр. Жүргізуші: Сөйтіп, Мысық ағашқа барады. Ағаш —Мен жасыл ағашпын, Күтсеңдер гүл ашам, Жолыңа нұр шашам, Жапырағым азық, Бұтағым қазық, Саяма сағаларсың, Салқындап дем аларсың. Мысық: Ағаш,ағаш маған жапырақ берші! Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін. Жүргізуші: Сөйтіп мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар: Су-тіршілік негізі,Онсыз өмір сүрмейсің. Тазалықтың негізі, Су деп және білгейсің.-деп әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар ма ған су беріңдерші!

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Жүргізуші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық: Мен ақ тауықпын, Өзім қақсауықпын, Күніне бір жұмыртқа табам, Осыған жетеді шамам –деп әндетеді.

Мысық:Мяу, тауық,тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық:Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Жүргізуші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып,інді қаза бастайды.

Тышқан- Мен тышқанмын, Өзім дән екпеймін.Егістен ұзап кетпеймін. Айналам толы ән,Қоймам толы дән, Дәнді тастап кетпеймін. –деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады. Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт тез,әйтпесе жеп қоямын.

Тышқан: Үйімде бір уыс дәнім бар,сол бір уыс дәніңді маған әкеліп бер .Жүргізуші:Сөйтіп тышқан бір уыс дәнді мысыққа берет, Мысық дәнді-тауыққа береді, тауық-жұмыртқасын береді,жұмыртқаны-дүкеншіге береді,дүкенші-сағыз береді,сағызды-қыздарға береді,қыздар-су,суды-ағашқа,ағаш-жапырағын, жапырақты-сиырға,сиыр-сүтін береді,сүтті –Мақта қызға әкеп береді,Мақта қыз мысыққа құйрығын қайтарып береді.Сөйтіп Мақта қыз бен мысық тату-тәтті өмір сүріпті.Балалар Мақта қыз бен мысықтың бір-біріне істегендері дұрыс па?(балала-ң жауабы).Осы ертегіден қандай ой түйдік? (балал-ң жауабы доспен әрқашан қолымыздағцыны бөлісуіміз керек.,доспен ренжіспеуіміз керек,тату болуымыз керек).

Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын Өзі жап-жас,мұрты бар. Етпен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде, Тікті тонын шып-шыбар. (Мысық)Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Біз бүгін сабақта ертегілер еліне саяхатқа бардық.Ертегілерді есімізге түсірдік,рөлдерде ойнадық, (Өздеріне талдау жасату)ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рақмет! «Тәрбие тал бесіктен»- демекші біздің балаларымыз бала-бақшаға да барады.Бала-бақшадан алған тәрбиелерін біз арықарай жалғастырып,балалардың тәрбиелі болып өсуіне жол көрсетеміз.Сондай жақсы тәрбиемен өскен бала тек жақсылыққа жететініне сенеміз.Енді бала-бақша әнін апайларымызға айтып берейік. Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған қонақтарымызға да көп-көп рақмет.

 

Бала-бақша әні

 

Күн сәулесін төгетін,білім нұрын себетін,

Алтын ұя бақшамыз,бізді жақсы көретін

Кәмпиттерін береді,бәрімізді біледі

Апайларды сыйлаймыз,болашаққа сенеміз,сенеміз.

 

Қ-сы

Бақшамызға барамыз,күнде бестік аламыз.

Бақшамызда осындай әсем әуен саламыз

Мол білімді аламыз,мектепке де барамыз

Мұғалім мен бақшаны ұмытпайтын боламыз,боламыз.

 

2.Тату тәтті баламыз,біз ақылды боламыз

Алтын ұя бақшамыз,айға бірге барамыз.

Бар жақсыны аламыз,жарқыраймыз жанамыз.

Алтын ұя бақшамыз,өнерлі ғой арамыз.

 

Қ-сы

Бақшамызға барамыз,күнде бестік аламыз

Бақшамызда осындай әсем әуен саламыз

Мол білімді аламыз,мектепке де барамыз

Мұғалім мен бақшаны ұмытпайтын боламыз,

 

  1. Мол білімді аламыз,мектепке де барамыз

Мұғалім мен бақшаны ұмытпайтын боламыз,боламыз.

Біз ақылды баламыз,зейін салып қараңыз

Қоштасудың кешінде әсем әуен саламыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *