Ер есімі-ел есінде
Басарбаева Жазира
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру. Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру.Еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру.
Ынталандыру сезімді ояту:
Шаттық шеңбері:
Күлімде күн, күлімде
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгінде
Қанат қақсын көгершін
Ізденістер Ұйымдастыру:
1.Педагогтың түсіндіруі:
-Балалар қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк маметова, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.
Қазір олардың есімдерімен көптеген көшелер мектептер тағы басқа мәлени орындар аталады. Жылда 9 Мамыр «Жеңіс күні» деп аталып өтеді.
Қазақстанның қарулы күштері өте мықты . Оның құрамына ішкі әскерлер , Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызмет және басқа да әскелері, респудликалық «Ұлан» азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді.
Сергіту сәтін өткізу:
Ақ көгершін, көгершін
Қол қанат құс сен едің
Бір кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
- Сурет бойынша әңгімелесу
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау:
Күтілетін нәтиже:Ұлы Отан соғысының батырларының аттарын есте сақтау. Отанды сүйіп, оны құрметтеуге тиіс. Өздері болашқа Егеменді Қазақстанның азаматы болатынын тұсіну. Еліміз туралы ойын жеткізе білу, өлеңді жатқа айту.