Жақсылық жолмен жүреміз

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

 

Бекітемін:

Мектеп: № 114 Мерзімі: № 17 сабақ

Тақырып: Жақсылық жолмен жүреміз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сенімділік, сыйластық

Мұғалім: Баймаханова Назерке

Сынып:_1 «А», «Б» Оқушылар саны: 1 «А»: 1 «Б»:

 

Сабақтың мақсаты: 

 

Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

 

Сабақтың міндеттері: 

 

Оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру;

 

Оқушыларды ізгі қарым – қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрету;

 

Оқушыларды ізгілік, риясыздық, саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу.  

 

 

Ресурстар: оқулық, дәптер, ән мәтіні, бейнепроектор.

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі. 

          Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

 

 

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз. 

 

«Жақсылық – жан азығы»

Мақал

 

 

 

 

Әңгімелеу (сұқбат). 

Жақсылық пен жамандық

(Ертегі)

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: 

Адам, ана балыққа көмектесіп жібер- десе, Жамандық:

Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма- дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрғандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: 

Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:

Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру жаратылысың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, — дейді.

    Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.

    Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аясының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол :

     Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзіңнен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп –кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.

Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді. 

 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 

1 тапсырма:

«Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөз жазады.

2 тапсырма:

Суреттерді мұқият қарайды. Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатынын ойланып шешеді. Өз шешімдерін ортаға салып айтады.

 

 

Топпен ән айту. 

Бала тілегі

                                                     Сөзі С.Молдасанұлынікі

                                                     Әні Ф.Лұқпанованікі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2-рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2-рет)

 

 

 

Үй тапсырмасы. 

«Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгімені үйден оқып, мазмұндау.

 

 

Сабақ соңындағы тыныштық сәті. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. 

Мұғалім жәй дауыспен: 

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *