Жақсы сөз жарым ырыс.

 

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі :  Драма

Тақырыбы: Жақсы сөз жарым ырыс.

Мақсаты: Балаларды жақсы істерге, жақсы сөздер айтуға, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Өзара жақсы қарым қатынас жасай білуге үйрету.

Әрекет кезедері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

 

Шеңберде дұрыс тұру және өлең жолдарымен қимылдар жасау

Біздің топта балалар

Тату тәтті ойнайды

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.

Ұйымдастыру – іздену

1. Қызығушылықты ояту.

Өлең оқу.

Автор. Ә.Дүйсенбиев

Сұрақ-жауап

Өлең не туралы айтылған?

Қандай әсер алдыңдар?

Жақсы мен жаман туралы не айтылған?

Жақсылық пен жамандық туралы түсінік беру.

2.Сурет бойынша әңгіме.

Сұрақ – жауап.

1.Жақсы бала қандай болады?

2.Сендер қандай әдепті сөздер білесіңдер?

3.Ақылды, әдепті балалар қандай болу керек?

4.Ал жамандық туралы ше?

Біз ертегілерден жамандықпен жақсылықты ажырата аламызба?

Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді қалай айырамыз?

Сергіту  сәті.

3. Мақал-мәтелдер айтып мағынасын түсіндіру.

 

Балалар жақсылық және жамандық туралы өз білімдерін айту.

 

 

 

 

 

 

 

Суретке қарап әңгіме құрастыра білу.

 

Қойылған сұрақтарға қызығушылық пен жауап бере білу.

 

 

Мақал-мәтелдердің  мағынасына мән беру.

Сөздік жұмыс: жақсылық, әдепті, жамандық, әдепсіз, тәртіпті, тіл алғыш т.б.

 

 

                     Тақпақ:

Жақсы бала, ол анық,

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып.

 

Жаман бала құрысып,

Өз – өзінен тырысып.

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып.

 

Мақал-мәтелдер.

Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

«Жамандықтан тұра қаш,

Жақсылықпен бол жолдас».

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен».

«Жаманға жан жуымас».

 

Рефлекстік түзету

Дид.ойын: «Кім тапқыр?»

Сабақ соңында балаларды бағалау

Ойынға қызығушылықпен қатысу.

 

 

                                        Күтілетін нәтиже:

Білу: Жақсылық жасай білу керектігі туралы түсініктерді біледі.

Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игереді.

 

Меңгеру: Үлкендерді, достарын құрметтеу туралы түсініктерді меңгереді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *