Жаңа білім беру кеңістігінде ата-аналармен және қоғам қауымдастығымен жүргізілетін жұмыстардың білім беру сапасына тигізетін ықпалы

Махмутжанова Гұлнар Әбілпаттақызы

 

Кіріспе

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім оқуды, ізденуді …. оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

 

 

 

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші роль атқарады. Сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасуы, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі  — рухтың материаға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғыолыми теориялардан түбірлі айырмашылығы, ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынас қалыптастырады.

Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді танымды, пішімді болары сөзсіз. Бұл «Қазақстан республикасының Білім туралы Заңының» 8 бабында «білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі  — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру, ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникация желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында айтқандай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім, Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту ережесін технологияландыру мәселесін айтып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсат бәсекеге қабілетін дайындай мектеп үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Ұстаз атана білу оны қадір тұту, қастералеу таза ұстау, әр мұғалімнің борышы.

 

 

 

 

Жаңа білім беру кеңістігінде ата-аналармен және қоғам қауымдастылығымен жүргізілетін жұмыстардың білім беру сапасына тигізетін ықпалы

«Баланың жақсысы – қазық,

Жаманы — күйік»   Абай

Қазіргі заман талаптарының бірі – өскелең жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып жетілуі. Бұған дәлел елбасымыздың халыққа жолдауында, білімге, білім алуға ұмтылу шаралары айтылып жатыр. Үш тілді меңгерту бағыты соған дәлел десе болады. Бұл жағдайлар баспасөзде де жазылып та, айтылып та жүр.

Мені толғандырып жүрген жағдайлар, сол білім беретін ордада жұмыс істеп жүргендіктен, сол жеткіншек ұрпақтың болашағы. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының білім алуға құштарлығы қалай, оларға ата-аналар тарапынан белсенділік таныту өз дәрежесінде ме? деген сұрақ мазалайды.  Ғұлама бабамыз Әл-Фараби тәрбиеге байланысты былай деген екен: «Адамға ең керегі – тәрбие, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», осы айтылған бір ауыз сөзде үлкен мағына жатыр емес пе?

Ата-ананың мектеппен байланысы азайып бара жатқан сияқты. «Етіктің қадірін етікші біледі» демекші, бұл жағдайды көпшілік ұстаздар қуаттайды деп есептеймін. Мектеп пен ата-ананың байланысы дегеніміз бәрімізге бесенеден белгілі, мысалы оқу жылында 4-5 рет өтетін негізгі ата-аналар жиналысы, мектепішілік шаралар: білім күні, оқу жылы, оқу жылын аяқтау шаралары т.б. Негізгі шараларға көпшілік ата-аналар келмейдінді шығарды. Пән сабақтарына қатысу ұстаздардың баласының хал-жағдайын жиі-жиі сұрап тұру әрекеттері жоққа тән. Үй ішінде, отбасында сабаққа дайындығын тексеру не нәрсеге қызығушылығын,ғ қандай пәндерді ұнататындығын, қандай мамандықты қалайтындығыны т.б толып жатқан бақылау азайған.

Бір таңқаларлық жағдай, сұрап-естіп жатамыз, орыс тілді сынып оқушыларының ата-аналарының белсенділігі жоғары. Неге? Дене сұрақ тағы туындайды. Тағы да өзіміздің жайбарақаттылығымыз ба деймыз? Өз баласының болашағын шынымен ойлайтын ата-ана меніңше солай жасау керек. Осы күнге дейін мектеп есігін ашпаған ата-аналар да кезадеседі. «Баяғы жартас – сол жартас» дегендей сол шараларға келіп тұрған 7-8 ата-ана ғана. Бұл қынжылыстарды ата-аналармен қызу жұмыс істеп жүрген сынып жетекшілері жақсы біледі.

Сынып жетекшілері сыныптағы оқушылардың үйіне барып, телефон шалып, ата-аналармен кездесіп те, сөйлесіп те жатыр. Сонда да нәтиже ойдағыдай емес. Сынып жетекшілерінің көбі – әйелдер қауымы. Үй-үйді аралап әрбір ата-анамен сөйлесу қаншама уақыт алады. Сол еңбектерін, сол кейбір ата-аналар түсініп жатса ғой. Сынып жетекшілерінің бұл жұмыстары ұстаздар қауымының жалпы іс-шараларының бір бөлшегі ғана.

Ұлы Абайдың 19 шы қара сөзінде мыанадай жерлери бар: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жамандықты жанындағы сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады». Немесе 10-шы қара сөзінде «…Сөйтіп жүріп мал таптық, байыдың, сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңде табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ақырет те жоқ. Дүние де жоқ… мына мен айтқан тура жол балаң бала болам десе – оқыт, құдайдан қорық, пендеден ұял, одан мал аяма» деген екен Абай атамыз.

Құрметті, ата-ана, еткен еңбегіміз, істеп жатқан жұмысымыз, тауып жатқан табыстарымыз өз қараусыз қалмасын.

 

 

«Ел боламын десең…»

Бала өмірінің жалғасы, ертеңгі жарқын болашақтың ел мен жердің иесі. Өсер ел бірінші кезекте ұрпағын ойлайды. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі. Ертеңіміз жастар дер болсаң, сол жастар жас шыбық, қалай исең, солай иілуге әзір. Жастардың ойын да бойын да түзу өсіруге мектеп, отбасы және қоғам бірігіп, бар күш жігерімізді салуымыз қажет ақ. Өркениетті ел боламыз десек, осы үлкен ошақтың үш тұғырын тең және бекем ұстауымыз керек. Ата-ана – мектеп – қоғам. Бала – ішіндегі алтын қазына. Тай қазанды асыл қазынаға толтыруға, оның шайқалмай, игі ниетпен жұмсалуына үш жақ бірдей түдделілік танып, ұмтылса мақсатқа жетеріміз деу жоқ.

«Жасында бераген тәрбие – жас қайыңды игендей» дейді. Халық қағидасы, олай болса, кейіннен берген тәрбие есекке ноқта ілгендей, қанша қақпайлағанмен қатерге ұрындырмай қоймайды. Отбасында түзу тәрбие көрмей, жаман қылықұқа әдеттеніп өскенбаланы тек мектеп қана түзетеді дей – ессіздік.

Оған ата-ана, бүкіл қоғам болып жұмылғанда ғана игі нәтижесін беру мүмкін. Отбасында тәрбиесіз, әдепсіз есер болып өскен баланың мектепке келген соң ұрыншақтығы қалғанмен, қырыншақтығы қалмайды. Тал қасында қисық ағаш жатпайды дейді халық қағидасы. «Тиез» дегеніміз жақты болмайды. Тезге салу үшін жан-жағынан қапсыра ұстайтын ата-ана, қоғам, мектеп ынтымақтасқан құдіретті құрал болу керек. Отбасында түзу тәрбие көрмесе, теледидардан көргені сұмдық пен сорақылық болса, көшеде бұзақылардан аяқ алып жүре алмаса, көргенін істеп, көргенсіз болмасқа лажы жоқ.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен ата-ана алдында нәзік те қиын қыр-сыры мол үлкен міндет тұрады. Ол – бала втәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ана-ана. Ата-аналардың көбісі жұмысқа ерте кетіп, жұмыстан, не қонақтан кеш келеді. Бала тәрбиесі түгілі, оған қарауға уақт жетпейді. Сіздер ойланып көрдіңіздер ме? Дүниеге келген сәби қалай өсіп жатыр? Оны кім өсіріп жатыр? Сіз ойланып көріңізші ең болмаса күн сайын балаңызбен бір сағат болып көрдіңіз бе? Осы сұрақ шынында таң қаларлық емес пе? Қазір теледидарда бала санасын улайтын фильмдерді шығаратынын қалай түсінуге болады? Ал теледидар арқылы еліктеушіліктің әсері мен оның зардабы өскелең ұрпақтың санасын уламасқа кім кепіл? Олай болса, бүкіл қоғам болып, мемлекет, мектеп, ата-ана, ақпарат құралдары болып улы істі түзетуге ынтымақтасып кіріссе алынбайтын қамал жоқ.

Баламызтізгінін ұстап, елінің ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақтың өсу талабынан туындап отырады.

«Отан отбасынан басталады» деген қастерлі сөз бар халқымызда. Адам бойындағы ең асыл. Ең жақсы қасиеттер өскен орта арқылы қалыптасады. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері, ата-аналардың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Қай жағдайда ата-ана баланың көзінше қызыл өңещ болып бажылдасып жатады. Алғашқы қателігіміз осы. Анасын балағаттап, ұрып жатқан әкесінен көрген баланың мінезі беріліп, сыртта да соны жасайды. Отбасының тыныштығы бір-бірімен, сыйластығы сәбиге ерекше әсер етеді. Кейде отбасы тәрбиесі жоқ бола тұра, баланың теледидардан көрген неше түрлі саны бар да сапасыз фильмдер бала санасын улайды. Отбасы тәрбиесінен гөрі теледидар тәрбиесі басым болып тұрған жайымыз бар. Сосын бала түзге шыққан соң, теледидардан көргенін әліктеушіліктің әсерінен жүзеге асырып, тіпті оны өзіне дәреже көрсететінін қайтесің.

Содан келіп бойында ата-ананың тыңдамау сияқты дөрекі қасиеттер пайда болып, бала әкеге қол көтерсе таң қалмаңыз. Себебі, көретіні қантөгіс кино, бұрынғы қазақфильмдерін де көруге тұрарлықтай емес.

Кейбір ата-аналар боп өздерінің балаларының тәрбиесіне, оқуына, күнделікті не істеп жүргенін қадағаламай, бір күні баланың жаман жолға түсіп кеткенінбілгені ата-ана мектептке барып, мұғаліміне айқайлайды. Сонда оның ойынша мектеп жасындағы жасөспірімдерд тек мектеп қана тәрбиелейді ме? Бала мектепте ары барса 4-5 сағат қана болады. Ал қалған уақытын үйде өткізеді емес пе? Қазіргі кезде жасөспірімдердің байқаусызда жаман жолға түсіп кетіп жатқанының бірден бір себебі осы. Халқымыздың сын ғасырдан бері даналығына құлақ ассаң, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Әке асқар тау. Ана ағып жатқан бұлақ, бала жағадағы құрақ дегендей біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі мақсат пен құрметтен іздестіреді. Мұның барлығы жоғарыда айтылған мақал мәтелдей отбасының бақытындай бақыт жоқ сірә. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды деген» ана тілегін айтылмаса керек.

«Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында» мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет әр баланың қабілатіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, кертартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім болашақты жетілген адамдарды қажет етеді. Ол үшін оқушылардың белсенділіңтерін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты таңдай білу, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар беру, оны сол бағытқа жетелеу – ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жайылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек» — деген екен. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Сол себептен де білім арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қаыбілетіне сай деңгейлеп оқыту. Ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты, зердеші, дарынды, талантты адамды қалыптастыруға білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты козорында. «Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші ел болашағын ойласаң ертеңгі болашақ  иелерінің тәрбиесін ойлайсың. Қазақстан дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, мектептегі ұстаздар мен ата-ана қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. А.С.Макаренко «педогогический сочинения» М. Педагогика 1988
  2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беру дамыту тұжырымдамасы. Астана 2004 ж
  3. Қазақстан мұғалімі. 2012
  4. Б.А.Тұрғанбаева, мұғалімнің шығармашылық әлеументін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. Алматы 2005 ж.
  5. К.Құдайбергенова. құзырлылық – тұлға дамуының сапалақ критерий «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 2008 30-32-б

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *