Жыл мезгілдері

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: Көкбұлақ орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ғизатқызы Аягөз
Сынып: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім Қоршаған орта

⦁ №82 сабақтың тақырыбы Жыл мезгілдері
Сабақтың оқыту мақсаттары 2.2.7.1. Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табу.
2.2.9.1. Сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан табу.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың бәрі: мәтінді түсініп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі: жыл мезгілдерінің сипаттарына сай көркем сөздерді қолдана алады.
Кейбір оқушылар: қосымша дереккөздерді пайдаланып, сұраққа жауап береді.
Құндылық Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін академиялық білім.
Жеке және жұпта тиімді жұмыс жасай алу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, сурет,музыка
АКТ қолдану дағдылары Ғаламтор, интербелсенді тақта, мультимедиялық оқу құралы
Алдыңғы білім Ағаштарға күтім жасаймын
Жоспар
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
6 минут Қызығушылықты ояту:
Сәлемдесу
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Армысың ба, жер –ана !
Амансың ба, достарым!
Жалқаулықты тастайық,
Сабағымызды бастайық
Үй тапсырмасын сұрау.
( сұрақ –жауап арқылы)

Сабақтың ортасы
30–35 минут

 

Мағынаны ажырату
1.Жұмбақтар шешіледі, суреттері слайдтан көрсетіледі.
2« Жыл мезгілдері туралы» бейнеролик көру
3Оқылым.
«Жыл мезгілдері» (ертегі) жеке-жеке оқып шығады.
Бағалау.
Тапсырмаларды орындау барысында кім өте жақсы нәтиже көрсетсе сол оқушының бағанына жапырақтарды жабыстыратын боламыз.
4.1-тапсырма: Кестені толтырыңдар.

Жыл мезгілдері Кейіпкерлердің сипаты Сенің пікірің

Көктем

Жаз
Күз

Қыс

Көрікті,сұлу қыз,жаны нәзік,сезімтал

2-тапсырма.
5.Жыл мезгілдеріне байланысты берілген мақал-мәтелдерді аяқтаймыз.
1.Көктем-мұрап
Күз –диқан
2.Шаруа жазда жазылар,
Қыста қысылар.
3.Үркерлі айдың бәрі қыс.
4.Жаздың бір күні,қыстың мың күні
5.Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
6.От арық,су семіз.

6.Сергіту сәті:

7.Шығармашылық тапсырма. Өздеріңізге ұнайтын жыл мезгілінің суретін салып,әңгімелеп беріңіздер.
Дәптермен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті жыл мезгілінің атауын
айтып жаз.
… – көрікті. … – жайдары. … – жомарт. … –қаһарлы.
Алдарыңызға берілген сурет қиындылары берілген осы қиындылар арқылы сурет құрап құраған құбылыстарыңыз қай мезгілде болатынын және қандай ерекшелігі бар екенін айтыңыз.
.

Жыл мезгілдері – Youtube.com
youtube.com/watch?v=-02b49PW1cw

Интербелсенді тақта немесе плакат

Мультимедиялық оқу құралы

Сабақтың соңы
5 минут Жыл мезгілдері ауысып отырмаса не болар еді.Сол сиякты күн мен түн ауысып отырмаса не болар еді бірге тамашалайық.
«Күн мен түн» бейне көріністі тамашалаңыздар.
Кері байланыс.

Сабақ қызықты болды,
мен бәрін түсіндім
Сабақ ұнады, кейбір тапсырмаға түсінбедім
Сабақ ұнамады, мен
ештеңе түсінбедім
«Австралиялық жауын» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың психологиялық шаршаңқылық күйін азайту.
Мұғалім барлық қатысушыларға орнынан тұруын және іс-қимылдарды қайталауын сұрайды:
— Австралия аумағында жел көтерілді (жүргізуші алақандарын уқалайды);
— Жаңбыр жауа бастады (кеудеңізді алақанмен шапалақтаңыз);
— Күшейтілген жауын басталды (бөксе бойынша ұрғылау)
— Ал енді бұршақ және қатты жел тұрды (аяқ тарсылы);
— Тамшылар жерге тамуда (саусақтарды сытырлату);
— Самал жел (алақанды уқалау);
— Күн (қолдарынды жоғары көтер).

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылар-дың ақпаратты қанша-лықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
А, А + жыл мезгілдеріне қатысты ертегідегі және өз беттерінше көркем сөздерді орынды қолданады. Жетістік критерийлері арқылы,
қол соғу арқылы. Құндылықтарды дарыту:
ынтымақтастық,
құрмет.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.
АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.
Тәрбиелік мәні: қоршаған ортаның құндылықтарын бағалауға баулу.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):
1.
2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *