Заманауи әлемдегі педагог

Орынбаева Актиын Ниязовна

Шын мәніндегі педагогтың ерекшелігі – өзінің барлық білімін, ғылыми-зерттеу тәжірибесін түгелімен шәкірттеріне беру, өз шәкірттеріне өз баласындай қарап, олардың жетістіктеріне сүйсініп, кемістік жақтарына күйіну.

Қажым Жұмалиев

 

Жаһандану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде педагог алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің маңызы орасан зор. Осы мақсатта педагог қауымына елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелген. Сол себепті қазіргі заманауи әлемдегі педагог – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болу керек.Ал шығармашыл тұлғаның алдына қойған үлкен міндеті -оқушыларымызға заман талабына сай тәлім-тәрбие беру.Алған тәлім-тәрбиесін кез келген жерде пайдалана алатын, өз бетімен мәселелерді шеше алатын, заманына сай, білімі шыңдалған оқушы үшін, болашағымыз білімді ұрпақтар қолында болу үшін аянбай тер төгуге болады. Тек шыдамды, ізденуші, зерттеуші, шығармашыл, жаңашыл болудан қашпау керек. Бұл заман талабы.

Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол- үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Сондықтан мұғалімге өмір бойы ізденіп, оқу керек, білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Жаңаша ойлай білсең ғана – ұстазсың. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу — ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройы, беделі оның шәкіртінен көрінері сөзсіз. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшуде. Бұл процестен мен де қалыс қалғаным жоқ. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңа тұрпатты педагогты қажет етеді. Заман талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып,өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Өз сабағымда берілген теориялық білімді іс-тәжірибемде қолдану арқылы білім беру үдерісінде енгізе отырып, сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізуді жоспарладым. Әр сабағымды «шаттық  шеңберімен» бастаймын.

Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланамын. Бұл технология көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады.

Оқушылар сабақта  тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болса, олардың алған білімдері нәтижелі болады,  ал мен тек  бағыттаушы боламын. Менің  ойымша сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетуі. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Ұлы ойшыл Қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі.

Ұлы ағылшын ағартушысыУильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,–дейді. Мен оқушыларымның жетістіктерін, талпыныстарын ескеріп, мақтап, мадақтап, шабыттандырудың  маңызды екенін жақсы түсінемін.

Жаңашыл педагог пен талғампаз қоғам мүддесінің бір арнада тоғысуы сапалы білім беруге негіз болады.«Мәңгілік елдің» болашақ жастарын тәрбиелеуде жаңа сарында сапалы білім беру әрбір ұстаздың борышы деп білемін. Оқушыларға сапалы да саналы білім беруде алдымызға жан салмай еңбек етейік! Академик, ғалым Қ.И.Сәтбаевтың:«Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да, жарқырай береді», –деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *