Киіз үй жабдықтары

Гүлжан Курманалиева

Білім бөлімі:Әлеуметтік

Білім саласы: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Киіз үй жабдықтары.
Мақсаты: а). Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.
ә)Киіз үйді ауа райының қандай жағдайда да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.
б) Атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.
Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал, т. б.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Киіз үйдің суреттері, нақыл сөздер, т. б.

Тәрбиешінің іс — әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр.
Қанекей балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Мейрімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Апайлар сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар қане дөңгеленіп тұрып шаттық шеңберін құрайық.
Қуан, шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
— Балаларды төрт топқа бөліп отырғызу.
— Балалар әртүрлі қызғалдақ гүлі арқылы топқа бөлініп отырады.

Шаңырақ «Қызыл қызғалдақ»,Уық «Көк қызғалдақ » ,

Кереге «Сары қызғалдақ» , Есік «Ақ  қызғалдақ».

ІІ. Негізгі бөлім

Өткен іс — әрекетті қайталау.
— Қане балалар өткен іс – әрекете қандай тақырыппен таныстық?
— Ал, нан қалай келеді екен дастарханға?
— Нанды не үшін қастерлеу керек екен?
Нан туралы қандай мақалдар, нақыл сөздер білесіңдер?

Нан тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы.

«Нан –байлық, нан береке»

Жұмбақ

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.         (Егін)
— Жарайсыңдар балалар, сендер өткен іс – әрекетті ұмытпапсыңдар. Балаларды алтын жұлдызшамен бағалау.
— Ал енді әрі қарай іс – әрекетімізді жалғастырайық.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір қыстың  қай айы екен балалар?
— Аптаның қай күні?
—  Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы«Киіз үй жабдықтары»
— Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?
— Киіз үй туралы не білесіңдер?
— Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?
— Киіз үйді неден жасайды?
— Киіз үй жабдықтарын білесіңдер ме?
— Жарайсыңдар балалар. Жауап берген балаларды алтын жұлдызбен бағалау.
— Балалар мен сендерге киіз үй туралы шағын мағлұмат беріп өтейін.
— Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі).
Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.
Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады.
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарық теріден жасалады.
— Үй жиһаздарына да толық мағлұмат беріп өту.
Абажа – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.
Кебеже – сүт ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһаздары.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық.
Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһаздары.
Асадал – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһаздары.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық – киім — кешек, т.б.  зат салуға арналған үй жиһаздары.
Төсеніштер:
Алаша, киіз, сырмақ.
Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұратын үй бұйымы.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқылған, не құрап тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс – аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін о — — өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.
— Балалар, бізге білгішбек ағамыздан  хат келіпті, қане бәріміз бірге ашып көрейік. Төрт топтың балаларына тапсырмалар жіберіпті.
— Топпен жұмыс жасау.
1 – топ «Шаңырақ» Шаңырақтың суретін саласыңдар.
2 — топ «Уық» Киіз үй неше бөліктен тұрады санмен санап айтасыңдар.
3 – топ «Кереге» сендерге киіз үйді жабдықтары туралы әр түрлі пішіндер берілген киіз үйді құрастырыңдар.
4 – топ «Есік» Киіз үйдің ішіндегі үй жиһаздарын атаңдар.
Бәріміз орнымыздан тұрайық. Сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәтін жасау үшін,бір бала ортаға қол шатыр алып шығады,ол шаңырақ болады.Қалған балалар ою,өрнектелген әдемі матаны орап,киіз үй болады.Осылай сергіту сәтін жасауға болады.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

 

Сандық, түрлі түсті асықтар, тапсырмалар жазылған сандық.
Ойын шарты:
Қызыл, жасыл, сары ,көк түске боялған асықтар сандық ішінде жатады. Әртүрлі тапсырмалар болады.
Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешкізеді.
Сары асық алған бала мақал — мәтел айтады.
Қызыл асық алған бала тақпақ .

Көк асық алған бала  өлең оқиды.

 

  1. Сөздік жұмысын жүргізу.
    — Абажа — тамақпен ыдыс – аяқ салатын құрал.
    — Кебеже — сүт ет, құрт, шай сақтайтын, ағаштан жасалған бұйым.
    — Әбдіре — зат сақтайтын үлкен сандық.
    — Асадал — тамақпен ыдыс салатын кебеже.
    4. Балалар топпен жасаған жұмыстарынан түсіндіріп береді. Балалардың жасаған жұмыстарына қарай алтын бестікпен бағалау.

 

Әр топ .Киіз үйдің жабдықтарының суретін тақтаға іледі,сонда киіз үйдің суреті шығады,сонымен оқу іс-әрекетімізді қорытындылаймыз
ІІІ. Қорытындылау

Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.
Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.
Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.
Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *