Кәусар бұлақ тұнығынан

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Күні:
Тақырыбы:«Кәусар бұлақ» тұнығынан
Мұғалім:Ысқақова Әсел Табиғатқызы
Сынып: 6 «а» Оқушы саны:
Мақсаты:Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы С.А.Назарбаева жайлы көптеген мәліметтер айту,аналарды құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, балалардың «мейірімділік», оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
-балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту;
-адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу; Ресурстар:
(құралдар, мәлiмет
тер)
Музыкалық орталық, табиғат әуендері, ана туралы әуендер, бейнеклип,
шарлар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен амандасып оқу құралдарын тексеремін
Ә) Көңіл күйлерін сұраймын
Оқушыларды жемістер арқылы үш топқа бөлемін
Алма, шие ,банан
2. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Тыныштық сәтін жанға жайлы сазды әуенмен бастау.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Әуен аяқталған соң оқушылардың көңіл-күйін, қандай сезімде болғандары туралы пікірлерін тыңдау.
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтың қонақтары, бүгінгі ашық сабағымыз Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, қайырымдылық «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Ана» деп ән саламын атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер.
Олай болса, экранға назар аударып, бейнеклип тамашалайық.
Бейнебаян «Алтын жүректі ана» деп аталады
Сабақ барысын талдау
2.Жаңа сабақ
Сара Назарбаева кім? деген сұраққа оқушылардан жауап алу. (оқушылар ойларын ортаға салып, кластермен жұмыс жасайды)
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.
Ол Президенттің зайыбы ғана емес,ең алдымен әйел,ана және балаларға қамқор жан. Балаларға жақсылық жасау үшіноларды сүйе білу қажет.
“Балалар Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылыс.Сол үшін біз, үлкендер,балаларға ерекше құрметпен қарап,айырықша қамқорлық жасауымыз керек”-дейді Сара Алпысқызы.
САРА АЛПЫСҚЫЗЫ — қоғамқайраткері, экономист. ҚазіргіБұқаржырауауданың Қызылжарауылыныңтүлегі. Қарағаңдызауыт – ЖТО-ны бітірген. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағандыкөмір» ӨБ-де мамандығыбойыншажұмысістеді. 1992 жылғыақпанайынанбастап — «Бөбек» республикалықбалаларқайырымдылыққорыныңнегізінқалаушыжәнепрезиденті. Қорөсіпкележатқанұрпақтыңқұқықтары мен заңдымүдделерінқамтамасызетуменбайланыстымәселелердішешу, балаларғаадамгершілік-руханибілім мен тәрбиеберудеқоғамғанақтыкөмеккөрсетеді. «Бөбек» республикалыққорыреспубликаныңбарлықаймақтарындажетімжәнемүмкіндігішектеулібалаларына, көпбалалыотбасылардыңбалаларынақолдаужәнекөмеккөрсетубойыншабалаларқорларынұйымдастырды.
Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: «Порфирий Корнеевич Ивановтың ”Детка“ жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері» (1999 ж.); «Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың ”Детка“ жүйесі» (1999 ж. бірлескен авторлықта); «Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде» (1999 ж.); «Өмір этикасы» (2001 ж.); «Сүйіспеншілікпен» (2001 ж.).
Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені үшін марапаттары:
I дәрежедегі Достық Ордені (желтоқсан 2001 жыл);
«Алтын жүрек» халықаралық сыйақысының лауреаты (мамыр 2006 жыл); Өзін-өзі тану философиясына және оқу мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін — Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медаль (қараша 2003 жыл);
БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі (желтоқсан 2007 жыл); Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы;
Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін — «СОС-Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 жыл);
«Unity» халықаралық сыйақысы; Білімдерін ортаға салады
Тапсырма «Анама сыйлық»
Оқушылар топ болып жұмыс жасайды .Әр топ аналарына сыйлық жасайды.Постерге сурет салып қорғайды

3.Дәйексөз
1.«Анаңды үш рет Меккеге көтеріп апарсаң да, анаға мәңгі қарызсың»
2. «Жұмақтың кілті-анаңның табанының астында»
3. «Ана-тіршіліктің тірегі»
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.Н.Ә.Назарбаев

Осы бір үш әріпті сөздің қасиеті мен құдіретін ешбір қаламгер жеткізіп бере алмайтын шығар!Аналарымыз аман болсын!
Топ болып ән орындайды:
Қарақат Абильдинаның
«Анашым» әні орындалады Постермен жұмыс

3. Топтық жұмыс.
«Егер де мен анамды………..» тақырыбында ой бөлісу
1. «Егер де мен анамды ренжітіп алсам…….»
2. «Егер де мен анама қатты сөздер айтсам……..»
3. «Егер де мен анамның айтқанын тыңдамасам ………..
Жүректен жүрекке (өлеңдер, ән айту)
Мен де бір перзентімін маң даланың
Қазақтың қара сөзі-қанбағаным
Анамның аппақ сүтін ішкендіктен
Адамдық адал жолдар таңдағаным
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтін
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін
Махабатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың, ардақтысың, данасың
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме, анашым
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды
Қуандым ба
Өзің бар деп қуандым
Жыладым ба
Өзің жоқ деп жас тамды
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды
Еркелесем бір өзіңе еркелеп
Жасқандым ба
Тек өзіңнен жасқандым
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ

Тілек айту
Сабақ соңында оқушылар тілек ағашынан аналарына тілек тілейді Топтық жұмыс

Мәнерлеп оқу сайысы

Сабақты қорытын
дылау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *