Мектепалды даярлық сыныптарында жаңа технология түрін қолдану тәсілі

Бурамбаева Самал

І. Кіріспе

1.Жаңа  технология  түрін  қолдану;

                                ІІ. Негізгі бөлім

1) Электрондық  оқулықтарды  пайдалану;

2) Интерактивті  тақтаны  қолдану;

                                 ІІІ. Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,

ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында» — деп,  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  білім  беру  саласындағы  қызметкерлердің       жауапкершілігін  атап  көрсетті.  Әрбір  ұстаз  балаға  тиянақты,  терең  білім  беруге,  заман  талабына  сай  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  меңгерту,  оның  жетістіктерін  сабақ   үрдісінде  тиімді  пайдалануы  міндетті.  Мұғалім  пәнді  өзі  жетік  терең      білуімен  қатар,  оны  оқушыға  меңгерту  үшін  әр  сабақта    ғылым  мен       техника  жаңалықтарын  дұрыс  қолдана  білуі  тиіс. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі- білімді ұрпақ. Ендеше, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау-бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы. Елбасымыз осы ретте қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып, «Сіздер мен біздер тек болашақ буында ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар буынын тәрбиелерге міндеттіміз және  «Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз қажет»-деген еді.

Қазіргі  кезде  білім  беру  үрдісінде   50ден  астам  жаңа  технология

түрін  қолдану  әр  мұғалімнің  еншісінде.Бұлтехнологияның  бәрін  бір         сабақта  қамту  мүмкін  емес.Сондықтан,  әр  пәнді  оқыту  технологиясын таңдап,  іріктеу  және  оның  ісәрекетін  жетілдіру  арқылы  мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілерінің  білім  жетістіктерін  арттыруға  болады.  Мұнда,  тәрбиеленушінің   әрекеті – технологияны  қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлуі  қажет.  Өйткені,  оқытуды  технологияландыру  қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайында  өмір  талабынан  туындап  отыр.

Қазіргі  мұғалімдердің  алдына  қойып  отырған  басты  міндеттерінің бірі – оқытудың  әдістәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және   жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру.

Мұғалім-ақпараттанушы,  оқушы  жеке  тұлғалық  және  интеллектуалды  дамуын  жобалаушы.  Ал  бұл  — мұғалімнен  жоғары  құзырлықты,  ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,    оқушыларды  қазіргі  қоғамның    түбегейлі  өзгерістеріне  лайық  бейімдеу,  олардың  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  бағыттарын  талап  етеді.

Ізденімпаз,  жаңашыл  мұғалімнің   шығармашылығындағы  ерекшелігі-  оның сабақты  түрлендіре  өткізіп,оқушының  жүрегінежол  таба  білуінде.  Егер ол  іс – тәжірибесінде  «Сауат ашу негіздері   сабағында  оқушылардың  білімін»  тиімді  пайдалана  отырып,  күнделікті  сабақты  ыңғайына  қарай  түрлендіріп  өткізсе,  оқушылардың ұйымдастырылған іс-әрекетке  деген  қызығушылығы  арта  түседі.   Оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру – мұғалімнің  өз  еңбегін  ұтымды  ұйымдастыра  отырып,  жаңа  сабақ  үлгілерімен  оқушылардың  шығармашылық   ізденуін  қалыптастыру,  оқушыларға  сұрақ  қою,  эксперименттік  тапсырмаларды  шештіру,  ой  таласын  жасау,  танымдық  ойындар  ұйымдастыру  арқылы  іске  асады.  Сондықтан  да  әр  сауат ашу негіздері сабағын  бір – біріне  ұқсатпай  топтық жұмыс , суретке қарап мәтін құрастыру,әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану    керек  деп  ойлаймын.

Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында   жаңа  педагогикалық   технологияларды  пайдалану  мұғалімге  оқу  процесінің  құрылымын  түбегейлі  өзгертуге,  оқытудағы  пәнаралық  байланысты   күшейтуге,  мектепке дейінгі балалардың  дүниетанымдарын  кеңейтуге  және  жеке  қабілеттерін  көре  біліп,  оны  дамытуға   толық  жағдай  жасауға  мүмкіндік  береді.

Мектепалды даярлық сыныбы балаларының  ойлау  қабілетін дамыту,  танымдық

ісәрекеттерін  қалыптастыру,  шығармашылықпен,  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  дағдыландыру  барысында,  өз  істәжірибемде  жаңа  технологияны  тиімді  пайдаланып  жүрмін.

Қазіргі  заман  талабына  сай  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісінде  тиімді  пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру   қажеттілігі  туындап  отыр.

Электрондық  оқулықтың  мазмұны  мектепке дейінгі баланың   зерделі  ойлау  қабілетін  дамытуға  бағытталуы  және  оның  мына  қасиеттерді  қанағаттандыруы  өте  қажет:  қисынды  ойлау  жүйесінің  қалыптасуы,  жинақтылығы,  жүйелілігі, эстетикалық  көркемділігі,  жылдамдығы, т. б.   Электрондық  оқулықтың  тиімділігі,  қашықтан  оқытуға, мектеп жасына дейінгі  баланың көру арқылы есте сақтау қабілеті жақсарады.

Электрондық  оқулық  —  бұл  тек  жиынтық  қана  емес,  оқуматериалдарының  қиын  жерлерін  ақпараттық  технологияның  әртүрліформаларын  пайдалану  арқылы  түсіндіруге  мүмкіндік  беретін   толықдидактикалық,  әдістемелік  және  интерактивті  бағдарламалық  жүйе.  Электрондық   оқулық  көмегімен  материалды   балаға  түсінікті де,  көрнектітүрде  жеткізуге  болады.

Электрондық  оқулықтарды   сабақ  кезінде  пайдалану  оқушылардың  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтеді,  өз  бетімен  жұмыс жасауға   дағдыланады.Электрондық  оқулықтардың  теориялық  білімді  жетілдірудегі  маңызы  зор. Электрондық  оқулық  арқылы  сабақты  түрлі  суреттер  мен  видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  өткізуге  болады.  Бұл,  әрине  тәрбиешінің  тақтаға  жазып  немесе  құр  сөзбен  айтып  түсіндіргеніненәлдеқайда  тиімді  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  тақырыптарды  өткенде  компьютердің  көмегімен  оқушыларға  ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  олардың  құштарлығы  оянады.

Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  кезінде   электрондық  оқулықтардың  ерекшелігі – үлгіге  сәйкестілігі  мен   жоғары  мобильділігі,  оқуға  үйренуге  икемділігінде  болып  табылады.  Мысалы,   электрондық  оқулықтағы       бір  тақырыпқа  тоқталатын  болсақ,  алғашында  сол  тақырып  бойынша  теориялық  материал  берілген:

  1. Осы  материалды  оқушы тыңдайды, есте сақтауы жақсарады.
  2. Теориялық  білімді  негіздейтін  мультимедиялық  материалды  көреді.
  3. Берілген  тақырып  көлемінде  түрлі  жаттығулар  мен  тапсырмалар  орындайды.

Оған:

1.Компьютермен  сұхбаттасу  арқылы  қойылған  сұраққа  дұрыс  жауап  бере  алатындығын  көрсетеді

  1. Тақырыпты  түсінгендігін  тексеретін  сұрақтармен  жұмыс  жасайды.

Сонымен   электрондық  оқулықтар баланың

  • Білім  деңгейін  тереңдетуге;
  • Тапсырмаларды  өзбетімен  орындай  білу  дағдыларын  қалыптастыруға,
  • өзбетінше  іздену  қабілетін  қалыптастыруға;
  • ойларын  дамытуға;
  • оқушылардың  сөздік  қорының  молаюына;
  • жаңа  сабақты  үйренуге  деген  ынтасы  мен  қызығушылығының  артуына;
  • сабақта  өзін  еркін  ұстап,  өз  мүмкіншілігін  кеңінен  пайдалана  алуына көптен – көп  көмегін  тигізеді

Сондай –ақ  білім  сапасын  арттыруда  интерактивті  тақтаның  маңызы  зор  деп  ойлаймын.   Интерактивті  тақта   оқушылардың  топпен   жұмыс  жасап,  бір – бірін  толықтырып  отыруына  мүмкіндік  беретін,  сабақ  барысында  барлық  оқушылардың  қатысуын  ұйымдастыратын  құрал.    Интерактивті  тақтаны  қолданумен  бірге  сабақ  құрылымы  да  өзгереді.  Сабақ  сапасы, бірінші  кезекте  тәрбиешінің  өзіне  тиімді. Интерактивті  құралдарды  пайдалану,  кез  келген  сабақты  серпімді  етеді,  ал  бұл  сабақтың  бірінші  минутынан  оқушылардың  танымдық іс — әрекетінің  артуына  ықпал  етеді.   Мысалы,  тәрбиешілерге  ескертулер,  тапсырмалар  жазу  мүмкіндігі  бар,  сонымен  қатар,  өткен  материалға  балалардың  оны  қаншалықты  меңгергендігін  бақылау  үшін  қайта  келе  алады,  жаңа  сабаққа  сәйкес  өзгерте  алады.

Интерактивті  тақтаны  пайдаланудың  артықшылықтары   оқушы   мен  мұғалім  үшін  маңызды  болып  табылады.  Интерактивті  тақтаның  мүмкіндігін  пайдалана   отырып,  әр түрлі  тақырыптарды  презентация  түрінде  дайындауға  болады.  Мұғалім  қажет  материалдарды   гиперсілтемемен  байланыстыра  отырып,  бір  файлдың  ішінде  сақтай  алады.  Аудио  және  бейне  файлдарды  қажет болған жағдайда  интерактивті  тақтаның  көмегімен  ойнатып,  қадағалауға  болады.  Ескертпелер  мен  файлдағы  толықтыруларды  сақтап  қойып,  келесі  сабақтарда  немесе  қайталау  кезінде  қолдануға  болады.Осы шығармашылық жұмыс жасау барысында күнделікті ұйымдастырған оқу қызметіме қолданып отырамын.

Саласы: Коммуникация . Бөлімі: Сауат ашу негіздері .

Тақырыбы: Сүйкімді жануарларым. Ққ дыбысы мен әрпі. Ұйымдастырған оқу қызметімнің І.Ұйымдастыру кезеңінде Қазақстан тәуелсіздігіне арналған видеоролик жүргіздім.Бұл видеоны көру арқылы баланың сабаққа деген қызығушылығы артады.

Мотивациялық қызығушылығын оятуда Ққ әрпінің таңбалануын электронды оқулықтың көмегімен интерактивті тақтадан көрсетілді.

«Мен қай жануармын » дидактикалық ойын ойнатылғанда компьютердің көмегімен жануарлардың даусын балаларға естірту. Естіген дауыс қай жануардың дыбысы екенін   анықтайды.

Сергіту сәті: Интерактивті тақтада көрсетілген видеороликтегі қимылдарды қайталау.

  1. Білім беру саласы : Әлеумет. Бөлімі: Қоршаған орта
    Тақырыбы: Мамандықтар әлемінде.

Қостілдік компонент: Тігінші – портниха, дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, профессия – мамандық сөздерін суретімен  тақтаға шығару арқылы  есте сақтауын жақсарту.

І.Ұйымдастыру кезеңінде. Суретпен жұмыс:
Бүгінгі оқу іс — әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз.Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады.

Дидактикалық ойын «Кім болам?» балалар біз суретке қарап мамандығына суретке қарап әңгімеқұрастырамыз. «Болайықшы осындай» әнімен оқу іс — әрекетіміз аяқталды
«Сергіту сәті»
«Кім жоқ?» ойыны
. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмудыұсынып, бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады. (Балалардың ойыны)

Еліміздің ғылым-білім саласын әлемдік деңгейге көтеру үшін алдымен, білімді ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Елбасымыз айтқандай, Білім-өмірдің шамшырағы, тек қана білім мен тәрбие ғана болашақ жас ұрпақты дұрыс жолға жетелейді.

Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  сабақ  кешегі  сабақтан  өзгеше,  ал  ертеңгі  сабақ  бүгінгі  сабақтан  жақсы  болуы  тиіс.

«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» — білімді  ұрпақ  тәрбиелеу  баршамыздың  міндетіміз деген еді. Бүгінгі шәкірт- ертеңгі егеменді еліміздің білгір азаматы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

  1. «Информатика  негіздері»  ғылыми — әдістемелік  журнал
  2. «Мектепалды даярлық» 2017 ж
  3. USKZ.ORG ұстаздар сайты

4. 2018 жылы 10 қаңтардағы елбасының халыққа жолдауы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели