Мектептегі тәжірибем

Бейсенбаева Оразкул Ахметовна

Біліміңді күнде шыңдап отыр,
бір күн біліміңді қарайтып алсаң,
қырық күн бойы ағарта алмайсың

 Басқару мен бақылау барысында мұғалімдерге  қойылатын талаптар деңгейінде көшбасшылыққа жаңа көзқараспен қарауды меңгердім. Бақылауды тек басшылық ғана емес, қажетті білім мен дағдыны қатар меңгерген педагог қызметкерлер бірлесіп жүргізсе, мектептегі оқу мен оқытудың тәжірибесі жаңарады, үлгерім сапасы жақсарады, тиімсіз тәсілдерден алшақтаймыз және бұл үдеріс мектептің дамуына ықпал етеді деп есептеймін. Мектепте өзгеріс енгізу барысында ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізуде шығармашылық және жаңадан құрылған басқа да топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау үшін деңгейлі бағдарлама курстарынан өтіп келген мұғалімдердің үлесі айрықша екені анық. Сондықтан, алдағы уақытта болып жатса мектеп мұғалімдерін деңгейлі бағдарлама курстарына және сертификатталған мұғалімдер санын көбейтуді жоспарлап жүзеге асыруымыз керек екенін мұғалімдер сезіне бастады . . Мектеп мұғалімдерін кәсіби дамыту саласындағы қажеттіліктерін зерттей отырып, тиімді жүзеге асыруды жоспарлауда мектептегі кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе жұмыс жасайтыным айқын. Жазғы демалыс кезі болғандықтан даму жоспары мұғалімдерге бағытталып жасалды. Мен «кезекті еңбек демалысында жүрген мұғалімдер өзгеріс енгізудің алғашқы қадамдарына түсіністік танытар ма екен?» деп те қауіптенген едім. Мектептегі тәжірибені «Курстағы  кезеңінде алған білімімді тиімді қолдана аламын ба?» деген сұрақтармен бастадым. Тәжірибе барысында бірқатар қиындықтар мен кедергілерге тап болғаныммен, жаңашыл, өзгеруге ынталы мұғалімдердің көмегімен жұмысымды бір жүйеге қоя білдім.Мектепке келген күннен бастап  «өзгеріс тобымен» дөңгелек үстелде пікірлесу арқылы көп мәселелердің шешімін табатыныма  сенімді болдым.  Шығармашылық топтар арқылы коучингтер, сабақтар , лессен стади өткізуге  дайын екендіктерін  білдірді . Ойлап келген ойлардың шешімі табыла бастады . Ата-аналармен коучингті  2 деңгейлік бағдарламаны  бітірген  математика мұғалімі Алешова Гулсин  коучинг өткізу арқылы  «ата-ана үнімен » үндестік .Олардың .ндерін тыңдау арқылы ойлар мен болжамдарын  білдік . Осылай жаңартылған білім мазмұнына дайындық басталып кетті . Әлі алар асулар алда .

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *