Менің жетістіктерімнің шыңы

Қалымбетова Гүлнар

 

Музыка … әрқайсымыз үшін, жеке арнайы музыка . Бұл қуанышты сәттерде бақыт бөлісуге көмектеседі , мұң мен қайғы туған сәттерде көңіл көтереді .  Музыка бізге қабілет, күш пен сенімділік береді.  Сезімдерімізді , өмірімізді шындыққа толтыруға көмектеседі. Әлемде музыкаға немқұрайлы адамдар бар.  Біз  оны,  тыңдап, түсінуге тырысуымыз қажет. Ұлы Отан Соғысы уақытында эскадрилья капитаны Титаренко :-« Бәріөтпелі  , бірақ музыка — мәңгілік» деген еді.(Соғысқа тек қана шалдар қатысады кинофилімінде) Мамандықтаңдауда жолымболды деп есептеймін. Мамандығым музыкамен байланысты- Жалпы білім беретін мектепте  музыка пәнінің мұғалімімін.  Көптеген жылдар бойғы менің қызметім — тамаша, ертегі музыка  әлемінің есігін балаларға ашу .Музыка әлеміне шақыру- музыкалық білім беру.

Жалпы білім беру дегеніміз не?

«Білім беру — өндірістік, әлеуметтік және мәдени іс-шаралар, оны дайындау үшін баланы психикалық және физикалық дамуын жүйелі  іс-қимыл процесі»арқылы жетілдіру.

Шын мәнінде, музыка сабақтары —  ән және ертеңгіліктер үшін билер күнделікті «оқытуларды » қайталау болып табылады.

Сонда нағыз музыка  қайда?  Балалардың музыкалық қабілетін қалай дамытуға  болады? Біз эстетикалық сезімді,  рухани бай,адамгершілігі мол балаларды күнделікті бір сарынды ән мен билер арқылы тәрбиелеп шыға аламыз ба?

«Музыкалық білім беру —  музыкантты тәрбиелеу емес,   адамды тәрбиелеу», — деген кеңестік композитор және педагог-Д Б Кабалевский.

Шынында да,  осы тұжырыммен келіспеу мүмкін емес.

Жанашырлық туралы балаларға бірнеше қайтара түсіндіріп айтуға болады, бірақ түсіндіре отырып, ЧайковскийдіңБалаларАльбомынан  «Қуыршақтың ауруы» пьессасын

тыңдағанда , — міндетті түрде, балалар  басқалардың қайғы-қасіретіне, жан күйзелісіне бей-жай қарай  алмайды.            Біз балалармен , патриотизм-туған жерге, ата-анаға достарымызға деген сүйіспеншілік туралы көп айтамыз,түсіндіреміз, бірақ кейбір балаларға әсер етпегендей болады, сол балаларға  Қазақстанның  Мемлекеттік Әнұранын, Отан, Туған жер туралы ән тыңдатсақ,  бойларынан құмырсқа жыбырлап өткендей әсер қалдырып, әнді айтқанда алдыңғы күйден басқа кері жағдайда болады.

Мұндай әсер мәңгі балалар жадында сақталады.

Біз -ұстаздар, ата-аналар  балаларымызға жақсы азамат болып өсуі қажет екендігін жиі ескертіп отырамыз.

Бірақ балалар өздерінің кейбір істерімен үлкендерді ойымыздан шықпай  ренжітіп отырады.

 

 

 

Міне, осындай кезде  мағынасы мол, дұрыс тәрбиеге бейімдейтін  Б Дәлденбайдың «Көңілді балалар әні», К Қуатбаевтың «Болайықшы осындай»,Т Жұмалиеваның« Жас дәуірдің түлегіміз»әндерін үйретіп, тыңдатсақ  балалар дұрыс жағына зейінді ,тіл алғыш, елпілдек болып  өзгергенін байқаймыз.

Міне ,балаларға арналып жазылған музыка бала өмірін өзгертуде осындай кереметтер жасай алады.

Музыка баланы рухани байытады

Музыка адамның мінез-құлқын өзгертуге,  психикалық аурудан емделуге көмектесетін көрінеді.

Музыка емдік қасиеттері бұрыннан белгілі болды. Мысалы, Киелі кітапта Жын билеген  Исраил патшасы Саул, Дэвидті шақырып, арфада ойнауын сұрайды . Дэвид ойнап, , Саул жынынан арылып,жақсы болды»деген әңгіме болса, Қазақтарда ертеректе бақсылар аурудың иесін  асатаяқ, даңғыра аспаптарымен айнала әндете жүріп аластаған. Ал ежелгі грек дәрігері Гиппократ музыкамен  ұйқысыздық және эпилепсияны  емдеген.

Музыка адамның асқақ ойлары, арман-мақсаты,ізгі тілектері,адамның жан-дүниесіне тигізетін әсері зор.Сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

СӘЛЕМ,ЖАҢА КҮН!  Бүгін маған не дайындадың?Шәкірттеріммен , қызметтестеріммен, достарыммен,қуанышты қауышу ма?Әлде педагогикалық ізденістерден жаңа жаңалықтар күтіп тұрма?…….

Міне ,күнделікті  үйреншікті жолыммен өзімнің жұмысыма, шәкірттеріме келемін. Мектеп есігіне жақындаған сайын жеке басымдағы ойлардың-(күнделікті үй тіршілігі, қаражат жетіспеушілігі,өмірде кездесетін кейбір кикілжіңдер т.б) барлығын ойдан шығарып, әрбір балаға жан жылуымды беруге, жылы шуағымды төгуге,бар бойымдағы жақсы қасиет пен білімімді беруге дайындалып мектеп табалдырығын аттаймын.

Алғаш кездескен кісімнен бастап (мейлі ,ол -ұстаз, мейлі, ол -оқушы, мейлі ,ол -еден жуушы)жылы жүзбен,жұмсақ дауыспен амандасып, жүмыс күнімді бастаймын

-Распа, Бұған күшті қайдан аласың?- дерсіз.

-Бастысы –махаббат.Өмірге махаббат, шәкірттеріңе махаббат,өзіңнің істеген ісіңе  махаббат. Ал біз,- ұстаздар ,ең үлкен іс жасап жатырмыз, Жер бетіндегі ең үлкен іс бала тәрбиесі-біз оларға тек білім беріп қана қоймаймыз,қайырымдылыққа, дұрыс адамгершілік қатынасқа,тәрбиелі болуға бар күшімізді, ынта-жігерімізді саламыз.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, ұстаз ақылды, мейірімді, батыл, білімді, жан-жақты болу керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сол себепті де ұстазға «Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын жан», — деп Ж.Ж.Руссо баға берген болатын. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болу керек.

Мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық деген үш бағытта бейімдеумен қатар эстетикаға қоса тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің міндеті.  Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру  оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Кейінгі жылдары «Музыка сауатын ашу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығарамашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Музыка сауатын оқыту барысында оқушылардың шығарма -шылығын дамыту жолдарында  жаңа методикалық ізденістермен жұмыс жасау

Нота сауатын оқытып, таныту, сольфеджиомен жұмыс жасау арқылы музыкалық шығарманың әуенін аспапсыз табу –балаларға өте қызықты.Музыкалық терминдермен жұмыс жасау балаларға үлкен жаңалық, ноталармен есептер шығар,диктант жазу т.барқылы музыканың жәй ғылым емес –өте күрделі сала екендігіне көздері жетіп қызығушылықтары артады,Ноталарды — музыкалық таңбаларды нота дәптерге түсіре отырып,музыканың әліпбиін бастап үйренгендеріне қарап өзім шабыттанамын.

Балаларды белгілі бір мамандыққа бейімдеу бағытында  «Музыка сауаты»тақырыбында төменгі сынып оқушыларына 32 сағаттық бағадарлама мен қызықты жұмыс дәптерін жасап ,аптасына 1 рет 4сынып оқушыларымен факультатив есебінде балалар нотасауатымен танысып,жылдың аяғында  кішкене балаларға арналған әндерді сольфеджиосымен оқып,әуенін таба алатын дәрежеге жетеді.

Музыканы тереңдетіп оқу үшін балалардың бейімін анықтап, жөн сілтеген оқушыларымның Шиелі аудандық музыка мектебіне барып оқып жүргенін көргенде, бұл да болса менің еңбегімнің нәтижесі. 3 сынып оқушылары Ернар мен Қуаныштың балғын саусақтарымен домбыра пернелерін таза алып, жоғары -төмен қағыстарымен жарыса тартқан күйлеріне қарап, «Апай, біз бүгін мына шығарманы бастап үйреніп жатырмыз, тыңдаңызшы»- деп баян аспабыма таласқан 5сынып оқушылары Аяна мен Таңшолпанға қарап көңілім толады. 1сынып оқушысы Ералы Жансұлуға музыка мектебінің фортепиано сыныбында оқуға ақыл беріп,Нұрмышова Дананың сыныбында  оқып,  Алматы қаласындағы дарынды балар мектебініңФортепиано сыныбына 1сыныпқа үмітті 65 баланың бесеуінің бірі болып қабылданғанда төбем көкке бір елі жетпей қалды.Әнші қыздарымыз Ибрагимова Ақерке мен  Бердияр Аружан бірнеше республикалық сайыстардың дипломанты, жеңімпаздары.

Фортепиано сыныбының оқушысы Бекпаева Рәбибі

«Сенің оқушыларың мектептен нотаны жақсы танып келеді» деген музыка мектебінің  сольфеджио және баян аспабының мұғалімі Жәрімбетова  Мадинаның ризашылық көңілмен айтқан лебізінен кейін  бір баланы  болса да болашақ мамандығына бейімдедім-ау деген  өзіме ризашылығым келесі  жұмыс күніме шабыттандырады.

Хор үйірмесіндегі балалардың музыкалық шығарманы сезініп, жанды дауыспен музыкалық шығар  -маны  айтып үйренуі, баланың өзін кішкене болсадабасқа қырынан  тануына көмектеседі.

-Менің де қолымнан келеді, мен де айта аламын ,деген сенім балаларды алға жетелейді шабыттан-     дырады. Әсіресе тек спортты жанына жақын тұтатын ер балдардың сабаққа қызыға қатысып,қосы- лып отыруы жұмыс істеуіме жігер береді.

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасу- да. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамып келе жатқан елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Соған орай біздің мектептегі әрбір кабинеттер манаблогтармен , мультимедиялық кабинетпен, интерактивті тақтамен жабдықталуы біздің ойға алып, жоспарлаған сабақтарымызды қиындықсыз өтуде  мүмкіндігіміз мол болып отыр..

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып, жаңаша сабақ түрлерін өткізе бастағанымда өзім де, оқушыларым да қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болды.

Оқушы тыңдайды, қайталайды, тыңдап отырып өз бетінше диктант жазады ,қатемен жұмыс түрлерін орындайды. Екіншіден, проблемалық сұрақтар қою, оның жауабын жеке өзі, соңынан жұппен, топта талқылау арқылы шешімін тапса, бұл оқушы тілін дамытудың, қабілетін әрі шығармашылығын дамытудың басты бір жолы болып табылады.

Оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыра білу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Қорытынды: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгер- шілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп деп алдына мақсат қоюы қажет.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *