Мен не үшін өзгеруім керек?

Абсадықова Қалдыкүл

Егер болашақтың өзгеруін қаласан, өзің қазіргі сәттің өзгерісі бол

М.Ганди

Педагогикалық шеберлік орталығына да келіп жеттім. Тренеріміз нұрлы жүзбен қарсы алды. Бейтаныс орта, бөтен адамдар, республикамыздың әр өңірінен келген әріптестер. Сессиямызды таныстықтан бастадық. Таныстықтан соң, тренеріміз  топтарға  бөліп «Біз не үшін өзгеруіміз керек?» деген тапсырма берді.  Маған алғаш келген ой, шынында не үшін өзгеремін? Мүмкін,оқытумен оқуды дамытуым үшінөзгеріс енгізу, мектепті дамыту  үшін өзгеруім керек шығар дедім. Бірақ қалай? Мен жұмыс істеп отырған мектебімде жас  математик болып келгенім кеше ғана сияқты еді. Осы жылдар бойы мұғалімдердің сабақ беруіне  қатыса отырып  көңілім толмайтын ешқандай инновация байқалмайтын, көп нәрсені өзгерткім келген,бірақ неден бастауды білмей жүргем. Енді міне, осы курс бағдарлама аясында көп нәрсені түсініп, үйреніп те алдым. Енді, еш кедергісіз өзгеріс енгізуге де мүмкіндігім бар. Себебі, әлем өзгеруде, сондықтан қазір әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл ел өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп үшін ең басты, маңызды мәселе «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?». Қазақстанның жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Оқушыларға білім де, дағдыларда қажет.Оларға білімді жай игеру аз, себебі ол алған білімін орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылады. Оқушылардан сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды іспен шешу, нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру, ізденіп, зерттеу жүргізе алу дағдыларының болуына ұжымдық және жеке табыстар тәуелді. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер болуы мүмкін. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз. Өзгерістерді енгізе отырып,  біз табысты мектепке де қол жеткіземіз. Ол үшін алдымен мұғалімдерге қойылатын құзыреттілік талаптары, яғни маманның тиісті сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы жоғары деңгейде болу керек. Бөлінген көшбасшылық, тәлімгерлік, коучинг үдерісін енгізу. Оқыту мен оқудағы өзгерісті эволюациялау. Бөлінген көшбасшылық арқылы оқыту мен оқудың нәтижелерін бағалау және бақылау. Алынған деректермен ата- ана және жергілікті қауыммен бөлісу. Басқа мектептермен ынтымақтастық орнату, мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эволюациялау, педагогиканың жаңа нысандарын игеру. Ата- аналармен жұмыс істей отырып, қоғам сұранысына жауап беру, тәлімгерлік пен коучинг үдерін өткізу арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыта аламыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *