«Мен патриотпын»

Асылай Жалғасбаева Сағидоллақызы

 

Сабақтың тақырыбы: «Мен  патриотпын»

Сабақтың мақсаты: Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру
  2. Оқушыларды топқа бөлу

Кіріспе:

Мұғалім сөзі: — Құрметті  оқушылар сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Н. Ә. Назарбаев «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тәуелсіз Қазақстан» дегендей бүгінгі сабағымызды осы сөздермен бастағым келіп отыр. Өз елінің патриоты болу — өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет етуің керек. Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Тақтаға назар аударайық. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын Отанымыз жайлы видео ролик көрсету.

Білім алушыларға адамның  азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау мақсатында кестені толтыру ұсынылады:

 

Патриотқа тән қасиет Патриот емес адамның қасиеті Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан)
Болжамды жауаптар:

• жауапкершілік;

• әділеттілік;

• төзімділік;

• адалдық;

• батылдылық;

• шыдамдылық;

•  ризашылдық;

• зейінділік.

 

Болжамды жауаптар:

• өзі өмір сүріп жатқан  қоғамды құрметтемеу;

• жауапсыздық;

• отбасы алдындағы борыштың болмауы;

• берекесіздік;

• бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);

• арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;

• Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы.

 

 

Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті  ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.

Негізгі бөлім.

1-тапсырма «Патриот деген кім?» тақырыбында постер қорғайды.

2-тапсырма Суретте еліміздің патриоттары ұлы тұлғалар берілген. Осы тұлғалар кім және қандай ерлігі өзінің артынан не қалдырғанын қысқаша айтып берсендер.

І топ:

  1. Нұрсұлтан Назарбаев
  2. Абай Құнанбаев

ІІ топ:

  1. Әйтеке би
  2. Төле би

3 -тапсырма «Жалғастырайық» деп аталады

М -менмендікті

Е — егеменді

Н — намысын

П — президентін

А — абыройлы

Т — толықтырам

Р — рухани

И — инабатты

О -отанымды

Т — тигіземін

П — парасатты

Ы — ынтымақты

Н –нағыз

Болашағыелімнің!

Қорытынды:

-Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата — анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігіжоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауыз бірлік жылы ұямызға арқасын кең жайған да адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елінсүюге, өз елінің тұрмыс — тіршілігін, салт — санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *