Мұғалімнің педагогикалық философиясы

Қостанай облысы Қарасу ауданы

«Ключевой орта мектебі»ММ

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

жоғары санатты мұғалімі

Карбузова Мейрамкул Туяковна

 

 

 

Мұғалімнің педагогикалық философиясы

Білім саласындағы өзгерістердің маңызын саралау, білім жүйесінің түрлі тарауларын бағалау күн сайын өзгеріп жатқан әлемде қазіргі мұғалімге заман ағымына қарай шыңдала беруді талап етеді. Бүгін – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ендеше еліміздің саясатының негізгі діңгегі – «Білім –ғылым-инновация» үштігі. Білім беру – бұл үлкен құндылық. Өйткені білім мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылықтарды қалыптастырады. Осы құндылықтарды жүзеге асыру, қалыптастыру үшін әрбір жасалған қадам нақты, ойластырылған, жүйеленген негізгі идеяға бағытталған болуы керек. Сондықтан да мына жаһандандыру заманында тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын білімді ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. 

Өткеніміз бен бүгініміз сабақтасып, философиялық ойлар, көзқарастар әр ұстазға ой салады, жол көрсетеді. Қанша заман өтсе де данышпан ұлылардың сөздері, терең филиософиялық көзқарастары бүгінгі ұрпағына құнды  дүние болып қала бермек. Оған дәлел данышпан, ұстаз, Абай атамыз «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне махаббатпен ерсеңіз» деп көгірегі сезімді, көңілі ойлы жастарға үмірт артып, жүрегін оятты. Жастарды өнімді еңбек етіп, ғылым, білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау ең негізгі идея болды. Осындай ұлылар салған ізбен, түпкі идеямен ұрпағымызды қарқынды дамыған ғасырда ұлттық болмысымызды, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, келешек ұрпақ бойына сіңіру ұстаздардың парызы. Елбасымыз өз сөзінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді. Сондықтан да әр ұстаз өз құзіреттілігін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдап отыруы қажет.

 

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе, мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. Абай атамыз айтқандай «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші әр ұстаздың ерең еңбегі ескеріліп бағаланбақ.

         Сондықтан әр ұстаз өз маманының шебері болу үшін үнемі тоқтаусыз білім-білік дағдыларын арттырып отыруы тиіс. Ал ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Бүгінгі алдымызда отырған бала – ертеңгі жаңа әлем. Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі екенін әр ұстаз жадында сақтағаны жөн.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *