Мәңгілік ел

Досмахан Эльвира Мирамбекқызы

Еліміздің өткенімен, бүгінімен, болашағын байланыстыратын ол – Туған жеріміз. Шыр етіп дүниеге келіп, туған жердің жұпар иісін жұтып, асыл ананың  әлдиімен туған жерге деген махаббат бойымызда оянады. Осынау Туған жеріміз, Отанымыз, Ұлы даламызды, Тәуелсіздігімізді жырлаған, туындыларына қосқан ақын-жазушыларымыз аз емес.

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. – деп Күләш Ахметова жырлағандай, ақындар өз әніне, жазушылар туындыларына жырлаған жеріміздің оңай жолмен емес еңбекпен, қасық қаны қалғанша соғысқан батырлардың өмірімен жеткен туған жерде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз деп білемін.

Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма?

Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма?

Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма? –демекші

Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен асыл қазынасы. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау Тәуке хан, Есім хан, Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан мен Әбілхайыр хандар ел басқарған заманнан, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеудесін оққа тосып, өлім құшқан батырлардың, 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында орталық алаңға үймелеп келген қайратты қазақ жастарының ізі қалған ұлы даланың ұрпақтары екенімізге мақтан етуіміз керек. 1991 жылы Егемендік алып көк туымыздың көк аспан астында желбіреуі бір бақыт.  Қазақ даласы кең дүниенің мол байлығына ие болған, түп тамыры тереңге еңген егемен ел болды. Осынау аз уақыттың ішінде Қазақстан атын жер бетіне, дүниенің төрт бұрышында танылуына үлкен үлес қосқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасының Тәуелсіздік жарияланған сәттен бастап халықтың талғамына сай ең тиімді даму стратегиясын таңдауы, ашық нарықтық экономикаға көшу мақсаты қай қазақты болсада қамшылағаны анық. Бойына сенім ұялатып, еңбекке жетелеген қайратты халық қазіргі таңда әлемнің 50 ең бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірді.Абайдың 150 жылдығын «ЮНЕСКО» шеңберінде тойлап, 24 мемлекет басшысы біріккен кеңесі 2002 жылы Аялатыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында өткізілді. Өнер, спорт, білім, денсаулық саласынанда жеткен жетістіктеріміз де аз емес.  Биылғы жылдың басты жаңалығы халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінің біздің елімізде өтіп жатқанының өзі үлкен жеңіс.  Елбасының бастауымен, қолдауымен іске асып, жалғасын тауып келе жатқан істер арқасында еліміз әлі талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегінің арқасында Отанымыз еркіндікте, халқымыз-тыныштықта, бірлікте деп білемін. Елбасымыз армандағандай, еліміз Мәңгілік елге айналып, көк туымыздың көгімізде желбіреп, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болатынына мен сенемін. Ұлы елім, Тәуелсіз елім, мәңгі жасай берсін!

Өз ой толғауымды Әлия Дәулетбаеваның бір шумақ өлеңімен тәмәмдағым келеді.

Дастаным бар балбал тасқа қашаған,

Аспаным бар ала бұлттан босаған.

Асылына ие болған Алаштың,

Айналайын менің алтын босағам.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *