Ойындардың дене тәрбиесі құралы және әдісі ретіндегі сипаты

Мухамеджанова Улман Жумагазиевна

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс ойындарына жетекші рөл беріледі.Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие,білім беру міндеттерін тиімді шешуге  мүмкіндік береді.Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайды.Ойын процесінде балалардың қозғалтқыштық ширақтылығы бүкіл ағзаға жігерлілік жағдай туғызады,алмасу процестерін күшейтеді,өмірлік тонусын  арттырады.

Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты.

Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімінен,кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен,тапсырманы жедел қарқынмен баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің рөлі артады.

Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.

Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады.Ол ойын шартына бейімделіп,ептілік көрсетіп және сол арқылы қимылды жетілдіріп,мақсаттылықпен әсер етеді.Мысалы «Өрт сөндірушілер»  ойыны балалар жүгіру, еңбектеу,өрмелеу жаттығуларын  игерген кезде өткізіледі.

П.Ф.Лесгафттың пікірі: «Ойындарда жүйелі түрде жүргізілген сабақ кезінде игерілгендердің бәрі қолданылады,сондықтан мұнда жұмсалатын қимылдар мен әдістердің бәрі ойынға қатысатындардың күші мен икеміне толық сай келуі және мүмкіндігінше өте дәлдікпен және ептілікпен жасалуы тиіс».

Қозғағыш іс-әрекет қимыл қозғалыс ойындары белгілі бір ерекшелікке ие: ол баладан белгіні тез  сезінуді және күтпеген жерден ойын жағдайын өзгертуді талап етеді.

Ойын кезінде пайда болатын әр түрлі жағдаяттар қимыл мен әрекеттің сипатын,қимыл бағытының тез өзгеруімен бұлшық ет ширығуының дәрежесін өзгерту қажеттігін туғызады.Мысалы, «Соқыр теке» ойынында әрбір бала жетекшінің әрекетін назар аудара бақылауы керек. Ойындағы кейіпкер жақындаған кезде балалар жан- жаққа тез қашып кетеді.Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді,тежейді,тоқтайды.Кейіпкер тағы да жақындаған кезде ол қимылын тағыда тездетеді.

Әрбір қимыл қозғалыс ойынында дерлік балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін белгілер болады.Мысалы, «Ынтымақты,бағыт пен қимыл сипатын өзгертуді білдіретін балалардың тез сезінуін,қабылдауын туғызады: бытыраңқы жеңіл жүгіріс бұрын белгіленген орындарға,бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді.Осындай ширақ қимыл әрекеті еліктіру және тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып,баланың нерв жүйесін шынықытырады.

Қимыл қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді:ойынның қалыптасқан жағдайға  байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады.Бұл бақылағыштыққа,тапқырлыққа тәрбиелеуге,қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап,бағдар белгілеу болып табылады.Қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу,тез шешім қабылдап,оны жүзеге асыру,батылдық,ептілік,белсенділік,мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің бастауын халықтық педагогиканың тұңғиығынан алады.Сәби жасынан бала өзінің алғашқы жасаған қимылдарымен байланысты айшықты әсем халықтық ойыншықтармен ойнап,әзілдерді,күлдіргілерді естіп,қызық ойындарға кенеліп тәрбиеленіп келеді.

Неғұрлым ересек балалардың өміріне балалар үшін қызғылықты ойын бастауларды,жеңіл өлеңдерді,санамақтарды қамтитын әр түрлі қимылдар жасалатын халық ойындары орын алды.Бұлардың бәрі күні бүгінге дейін өзінің ғажап көркемдігі,тәрбиелік мәнін сақтап келеді және бағалы,қайталанбас ойын фольклорын құрайды..

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргі кездегі байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта білім, біліктілік т.б. жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ»,«Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы тастау», «Сақина салу», «Тауық күрес», «Хан талапай», «Күн мен түн» т.б.балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Оқу процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу қызметінің тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» т.б. секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек. Бала ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Тәрбиеші әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызыздылығы: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен атын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.

Ғасыр  өткен  сайын,халқымыздың  зиялылары Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Торайғыров, т.б  ұрпақ  тәрбиесін  жас  кезінен   бастауды көздеген және ұрпақ  тәрбиесі  туралы  ойлар  өз  жалғасын  тауып, психолог-педагогтардың  ғылыми  еңбектерінде  айрықша  орын  алып келеді.  Балалардың дене  күші  мен  рухани  күшін  бірдей  жетілдіріп,  дамытуға  аса  мән  берген. Олар баланы  жас  кезінен  бастап, туған  халқының  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі, мәдениеті,  ана тілі  арқылы  тәрбиелеу  керектігін  өз  еңбектерінде  айқын  көрсетті.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,атап кеткен.                                                              Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», — дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Халқымыздың ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады.Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.Әйгілі орыс педагогі К.Д.Ушинский   халық ойындарын тәрбие берудің құдіретті құралы деп санап,оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды балалар үшін ол ойындарды жинауға шақырды.К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша балалардың бойында қоғамдық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратын «алғашқы қоғамдық қатынастар ассоцасиясы» түйіндейтін ұжымдық ойындар ерекше тәрбиелік рөл атқарады.

Ойындарды мазмұны және ережесі жөнінен біртіндеп күрделелендіру қажет.П.Ф.Лесгафт ойындардың жаңа шарттар,жаттығулар,әрекеттер,варианттарын енгізуді ұсынады.Осы арқылы неғұрлым жоғары талаптар қойып,өзі білетін әрекеттерді қайталауға,сондай-ақ ойындарға баланың қызығушылығын сақтай отырып,олардың балаға жүйелі түрде әсер етуіне жетуге болады.

Рөлдер мен әрекеттерді бөлуді П.Ф.Лесгафт ойнаушылардың қолына топтайды.Ойын ережелеріне балалардың бәрі бірдей саналы түрде және шын ниетпен бағынатын заң ретінде қарауы  маңызды.

П.Ф.Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің,олардың адамгершілік қасиеттерін: адалдығын,шыншылдығын,ұстамдылығын,тәртіптілігін,жолдастық сезімін

дамытудың бағалы құралы деп санайды. «Біз ойындарды балаларға өзін-өзі үйрету үшін пайдалануымыз керек(яғни жағымсыз сезімдерді жеңу үшін)».Ойын кезінде «оларды өздерінің шарықтап бара жатқан сезімі тежеуге және сонымен өз әрекеттерін бағындыра білуге үйрету» керек  екендігін атап өткен.

Лесгафт қимыл қозғалыс ойындарының жүйелі түрде жүргізілуі балалардың өз әрекеттерін басқара білуін дамытуға көмектесетіндігін оның денесін тәртіптілікке бейімдейтіндігін ,яғни әр түрлі ауыртпалықта әрекет етуге үйрететіндігін атап көрсетеді.Ойындар баланы жоғары ептілікпен,мақсатталықпен,тездікпен әрекет етуге,ережені орындауға, өзін-өзі билеуге,жолдастық сезімді бағалауға үйретеді.

Жарыс әдісімен ойналатын ойындар қызығушылық,эмоциялық өрлеу,ойын қимылдарын өте жақсы орындауға ұмтылуды туғызады,қозғағыш дағдыларды жетілдіруге көмектеседі.Алайда,қазірдің өзінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойындарында жарыс элементтері балалардың дене күші мен мүмкіндіктері мұқият зерттелгеннен және басшылық ету әдістері ойластырылғаннан кейін барып рұқсат етіледі. Қимыл-қозғалыс ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетінің негізгі түрі және жан-жақты тәрбие құралы беру құралы.

Балаларға арналған ойындардың сюжетін қазіргі қоғамдық өмірдің талаптарымен байланысты таңдаудың маңыздылығын атап өте зор.Қимыл-қозғалыс ойындары процесінде балалардың моральдық ерік-жігер қасиеттері қалыптасады,сондықтан ойын баланың өзіндік қасиетін қалыптастыру құралы болып табылады.

Ойын баланы өсірудің қуатты әрі бірден бір құралы,мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі тұтқасы деп есептеді.

Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығударының ішінде ойынның артықшылығын ол ойынға ерекше тартымдылық беретін,балалардың күшін жұмылдыратын,қуаныш пен қанағат сезіміне бөлейтін мол әсерлілігіне,ірі бұлшық еттердің (жүгіру,секіру,лақтыру)қимылдарының айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектесетін қозғағыштық қызметінің сипатынан,шаршау қауіпін жоятын қимылдардың сан алуандылығынан,қимылдық қарқыны мен күш-қуатын балалардың өздерінің реттей білу мүмкіндігінен,жеке белсенділік және батылдық,тәртіп,тапқырлық және т.б. сияқты психологиялық қасиеттердің дамуының көрінісінен көрді.Қимыл-қозғалыс ойындары қозғалғыш аппаратты дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі.Ойындар балаларды тәртіпке,әрекетті жинақтауға және жоспарлауға  үйретеді.

Бірақ ойынның сәби жастан пайдалы күшке айналуы үшін оған саналы,тәжірибелі және шын ықыласты басшылық қажет.

Ойын ережелері өз еркімен орындаудың,барлығының бір тәртіпке теңдей бағынудың жеке бастың адалдығы мен әлеуметтік тәртіптің алғашқы мектебі ретінде зор тәрбиелік маңызы бар.

Тәрбиеші мүмкіндігіне қарай ересек балаларға ойын өткізуде,рөлдерді бөлуде,ережені сақтауда дербестік береді.Алайда,егер балалар бұл міндеттерді қате орындаса педагогтың белсенді,әдепті араласуы қажет және оның шынайы мүдделілігі ойынның дұрыс әрі қызықты өтуі болып табылады.Ойынның балаға жан жақты әсерін ескере отырып,тәрбиешінің ойынды мұқият таңдап алуы,байсалды және сонымен бірге жігерлендіре түсіндіріп,рөлдерді бөле білуі,қажет кезінде ойынға қатынасуы,қорытынды жасауы-бұл үлкен өнер,оны әрбір тәрбиеші игеруге тырысуы қажет.

Ойын әрекеті қандай формада көрінсе де әрдайым баланы қуанышқа бөлейді, ал қимыл-қозғалыс ойыны сан алуан күтпеген көңілді сәттермен, әсіресе балалардың игі сезімдерін көтеруге пайдалы әсер етеді.Бұл қуанышты эмоциялардың қайнар көзінде ғаламат тәрбиелік күш бар.

Қимыл – қозғалыс ойындарының маңыздылығы ойынның тақырыбы мен мазмұнына мұқият талдау жасауды және осыған сәйкес балалар үшін іріктеп алуды талап етеді.

Қимыл – қозғалыс ойындарының мазмұнына баланың ой өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген таным материалдары енгізілген. Сюжетті ойындардың тақырыбы  адам өміріндегі кейбір оқиғалар, табиғат құбылысы, жануарларға еліктеуді құрайды.

Халық ойындары бұған тамаша мысал бола алады. Ондағы ойыннан туындайтын барлық жағдай баланы тәрбиелейді және өзіне еліктіреді, ал кейбір ойындарда кездесетін әңгімелесулер ойын кейіпкерлері мен олардың әрекеттерін тікелей сипаттайды («Соқыртеке» және т.б.).

Балалар үшін ойындарды іріктеп алукезінде олардың мазмұнына мұқият талдау жасау қажет.Сюжетсіз және белгілі бір ойналатын ойындарға ғана құрылған ойындарда да баланың сезіммен байланысты өрісін, оның ойлау, бағдарлау қабілетін дамытуға көмектесетін танып білуге қажетті материалдар көп.

Ойын ережелерінің зор тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын процесінің бүкіл барысын айқындайды, балалардың қимыл әрекеттерін, олардың мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын реттейді, моральдык ерік-жігер қасиетін қалыптастыруға көмектеседі.

Сөйтіп, ойын процесінде өмір үшін маңызды моральдық және жігерлілік қажеттерді көрсетуде бала шын мәнінде шынығады.

Тәрбиешінің ережені орындауды үнемі талап етуі баланың өзімшілдік эмоцияны жою және ойын шартын орындау кезіндегі талпыныс қабілетін қалыптастырады.

Кішкентайлар тобындағы балалар ережені ойынның даму барысында оның мазмұнынан туындайтын міндетті, қажетті ойын әрекетімен жауап қайыру ретінде қабылдайды.

Алғашында балалар ойын шартын тезірек орындауға құштарлығына орай ереже туралы ұмытады, оның үстіне, ұтуға және ұтысқа неғұрлым жеңіл әдіспен жетуге тырысушылық ережені бұзуға алып келеді, мұның бәрі ойнап жатқан балалардың наразылығын туғызады, қақтығыс шығып, олардың өзара қарым – қатынасын бұзады.

Ережені әдейі емес, кездейсоқ бұзудан көрінетін, оны орындамау себебі де өзгереді, мұндайда бала өзі жіберген қателікті сол бойда түзеткісі келеді.

Қимыл-қозғалыс ойындары баланың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі. Ойын әрекеті кезінде зейінділікті, ұғынуды тиісті болжамды, түсінікті бағдарды анықтаудың жетілдіруге қолайлы жағдай туғызады, ойындар қиялдауды, есте сақтағыштықты, тапқырлықты, ой сергектігін дамытуға көмектеседі.

Психологтардың зерттеулері, ойын әрекеттері арқасында бала іс жүзінде кеңістік пен заттық болмысты игеретінін, сонымен бірге кеңістіктің сырын ұғыну механизмінің өзінің де едәуір жетілетінін көрсетіп отыр.

Қимыл-қозғалыс ойындары баланың қарапайым уақытша бағдар белгілей білуін қалыптастырады. Олар – әуелі, онан соң, содан кейін, соның алдында, бәрі бір мезгілде және с.сс – ойын әрекеттерінің жүйелілігін түсінуден, балаларға берілген мерзім ішінде белгі бойынша, мысалы, «Мен беске дейін санағанша сіздер бәрін жалаушалардан қандай да бір өрнек жасауға тиіссіңдер» және басқа ойындардың міндеттерін тез орындаудан көрінеді.

Ойындардын мектеп жасына дейінгі балалар үшін іріктеп алынған әр түрлі педагогикалық жіктелуі бар, олардың негізінде түрлі белгілер жатыр.Кесте-1

Осы аталған және басқа ойындарды біріктіретін белгі балалардың эмоциялық өрлеуін, қимылдарды жетілдіру мүмкіндігін туғызатын сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің ортақтығы болып табылады. Қимыл басымдылығы белгілері жоғарыда айтылған сияқты топтастырудан басқа ойындарды балалардың бұлшық ет ширығуын туғызу дәрежесі бойынша: қимыл дәрежесі жоғары, орташа, баяу екпінде ойналатын ойындарға бөлу қабылданған.

Қимыл-қозғалыс ойындарының варианттары. Қимыл-қозғалыс ойындарын түрлендіру тиімді болады. Алайда варианттар жасау тек ойын әрекеттерін өзгерту, балалардың ойынға қызығушылығын сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар педагогикалық міндеттерді – балалардан белгілі дәрежеде ақыл-ой мен дене күшін жұмсауды талап ететін және сонымен бірге ойынға ойын элементтерін, ережелерін, ойын жағдайын, шарттарын орындау кезінде қимылды жетілдіруді, дене күші қабілетін қалыптастыруды шешу үшін де қажет.

Қимыл –қозғалыс ойындары мен арнайы іріктеп алынған жаттығулардың арақатынасыҚимыл-қозғалыс ойындары мен арнайы іріктелген жаттығулар өзара байланысты: ойындағы қимыл дағдыларын жетілдіруді баланың қимыл дағдысын шығармашылықпен қолдануға дайындығына тән үйрету процесінің үшінші кезеңінің өзіндік жалғасы ретінде қарастыру керек.Қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі түрде үйрету балалардын арнайы іріктелген жаттығуларды үйрену кезеңінде игерген шеберліктері мен дағдыларын одан әрі жетілдіруге жеткізеді.Кішкетайлар тобында ойын жаттығулары үйрету мақсатында пайдаланылады. Балаларға нақты, олар үшін қызықты тапсырмалар беріледі – «көпірдің үстімен жүру», «арықтан секіріп өту», «тысырлатпай, тышқандарша жүгіріп өту». Бұл жаттығулардын бәрі, өзінің мәнін сақтаумен бірге өзінің ойынға тән мәнеріне ие және оларды балалар өте құштарлықпен орындайды. Қимыл-қозғалыс ойындарында бұл жаттығулар ойын сюжетінің табиғи компоненті болып табылады, балалардын қимылы жетіледі және өзіндік эмоционалдық бейнелі мәнерлілікке ие болады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *