«Оқушының адамгершілік қасиеттерінің дамуына өзін-өзі тану пәнінің ықпалы»

Умбетова Гулжайнар Шайхановна

 «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                                  

С.А.Назарбаева

 

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетін- рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен жанашырлықты ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

Рухани- адамгершілік тәрбие –екі жақты үрдіс. Бір жағынан өл үлкендердің, ата- аналардың, педагогтердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.

Осы талаппен  жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай,  С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пәннің енгізілуі қазіргі ұрпақтың рухани дамуына аса үлкен үлес қосты.  «Өзін-өзі тану» пәні өзіндік орны бар, өзге пәнмен ауыстырылмайтын, керісінше олардың мазмұнындағы адамгершілік тәрбие берудегі кемшілік тұстарын толықтыратын пән екенін дәлелдеді.

Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы-тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Халқымыз қайырымды жанды адамгершіл деп дәріптеген.Өйткені адамгершіл болу қайырымдылықты керек етеді.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы арқылы тәрбиеленеді.Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен оқыту формаларына қарай нақтыланады. Сонымен қатар педагогтың балалармен мазмұнды қарым-қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармашылықпен танысу негізінде іске асады. Оқушы ойында ұнамды әдеттер,өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбеккте-еңбексүйгіштік,үлкендер еңбегін құрметтеу, ұйымшылдық, жауапкершілік сезімі.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моралъдық жағынан кіршіксіз таза бол дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі-имандалық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады.Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.

Осындай адамгершілік асыл қасиеттерге үйретуге өзін-өзі тану пәнінің маңызы зор. Күнделікті сабақтарда және кластан тыс шараларда оқушылармен тренинг, ойын-жаттығулар жүргізіледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда ме­мелекетті дамытудың жаңа әлеуметтік-мәдени контексінде мек­тептегі және жоғары оқу орын­дарындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты – рухани сауатты адам, өзінің ұлттық әлем бейнесін сақ­тай және дамыта отырып, жаһандану дәуірінде өмір сүруге және бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғай алатын, өмір салты өзгеше адамдарды сый­лай білетін, түрлі мәдениет пен өмір тәжірибелерін құрмет­тей­­тін планета азаматын қалып­тас­тыру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы – жас өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесіне нәр беруші, ол – адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкін­дік­те­рін аша алуы. Осы орайда, жас ұрпақтың рухани мәдениетін арт­тырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қа­лып­тастырып, салауаттылыққа тәр­биелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы  адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дү­ниесіне үңіліп, өзін-өзі бас­қару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетін көтеруді басты мәселе етіп қарастырады. Жеке тұл­ғаның бойына имандылық нұ­рын ұялатуда бұл пәннің мәні ерекше зор. Өйткені, бұл – кіріктірілген бағдарлама.
Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар, ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмір­лік ұстанымын, дүниета­ным­дық дең­гейін анықтайтын құн­ды­лықтар сапасына ие бо­лу­ға ба­ғыт-бағдар береді. Адамгершілік- рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құн­дылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық ар­а­қатынас мә­селесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.

Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, қоғамда болып жатқан экономикалық, саяси – идеологиялық және рухани — әлеуметтік өзгерістерге белсене араласып, оның талаптарын өз бетінше шеше алатын, ортаға бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан – жақты үйлесімді дамыған оқушыны қалыптастыруды талап етеді. Оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді шешуде, оқушының өзін — өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді.

Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек.

«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.

Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

 

Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы. Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады. Күн сәулесі өсімдік өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.

Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата- анасына, құрбы- құрдастарына, олардың іс- әрекеттеріне және басқа да қасиеттеріне байланысты. Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен, және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты  Өзін-өзі тану сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыларымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, адамгершілік құндылықтармен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа жалпы өмірге деген сүйіспеншіліктері артады.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзін-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- өзін-өзі тану пәнінің ықпалы  тәрбиенің басты мақсаты.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Қазақтың халық педагогикасы.Қ.Бөлеев. Жамбыл.1993.

2.Самопазнание.кz 2011№11

3.Қазақстан мектебі 2002№6

  1. Спиркин А.Г. Сознание и самоссознание. М., Политиздат, 1972

5.www.ustaz.kz  сайты.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *