Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы

Тусупова Кульжан Губайдулаевна

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде әлеуметтiк-сындарлылық идеялардың танымал педагогикалық тәсiлдерінің бірі — «Диалог негізінде оқыту және оқу»  болып табылады.

Егер балаларға бір-бірiмен  сөйлесуге мүмкіндiк  берілсе, олар бір-бірiне ойларын айтады және пікір алмасу барысында пікірлерін негіздеуге мүмкiндік  алар еді,  оқушылардың талқылауын тыңдауға, қол көтерген оқушы  ғана емес, сыныптағы  барлық оқушыларды сабаққа тарту туралы ойлауға  түрткі болды.

Білім берудің мұғалімдi селқос тыңдағанда емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, дәлелдеу барысында жүзеге асатынын  көрсететінін түсіндім.

Мұғалім  оқушыларды сын тұрғысынан  үйрету үшін, ең бірінші мұғалімнің өзі сын тұрғысынан ойлануы қажет.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына  қанағаттандырарлық  жауап беру  үшін, сұрақ дұрыс қойылуы қажет.

Қандай сабақ болмасын, барлығы  диалогтан құралатыны анық. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында байланыс та диалогтан тұрады.

Тіл үйретудегі негізгі құрал диалогты оқыту екенін түсіндім.

Сабаққа мақсат дұрыс қою күтілетін нәтижеге жетелеуі оқыту мен оқу үдерісінде ең бірінші қадамы. Өз жұмысынан және оқушыдан нәтиже күту үшін мақсат дұрыс қойылуы керек.

Өзімнің әр сабағымда «Психологиялық ахуал туғызу», «Ыстық орындық», «ЖИГСО», «Инсерт», «Диалогты оқыту», «Болжалды оқыту» «Венн диаграмасы» стратегиясын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту ниетінде қолданып жүрмін.

Осы сабақтар үдерісінде көп қолданатыным диалогты оқыту, себебі орыс сыныптарында қазақ тілі оқушылар алған білімдерін әлеуметтік ортада қолдана білулерін түсіндім.

Сабақтар барысында формативті (ОҮБ) бағалау  үнемі көрініс тауып отыратынына көз жеткіздім. Оқушылар бағалау парақтары, бағдаршам, смайликтер арқылы өз өздерін және өзгелерді бағалауларын жоспарлап отырады.

Әр сабақтан күтетін нәтижем  оқушылардың шынайы қызығушылықтарының артуы,  сыни тұрғыдан ойлаулары, олардың  бір-бірінен үйренуі, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуі және бағалаулары, әңгімелесу, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады. Осының барлығы қазақ тілі орыс сыныптарында  оқушының логикасын дамытуға ықпал ететініне  қол жеткізіп келемін.

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

Мұғалімге арналған Нұсқаулық

Таратпа материалдар

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *