О дыбысы және әрпі

Пәні: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем        

                  құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын   

                 кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.

ІІ. Өткенді қайталау.
а)   Сұрақ-жауап:
— Дыбыс деген не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Әріп деп нені айтамыз
— Әріптерді не істейміз?

ә)   Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып айту.

 

Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? — Жабайы аңдар.
— Олар қайда өмір сүреді?
— Орманда.
— «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
— О дыбысынан.
— Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) — Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны.

Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
— Алма артық, қалғаны ойыншықтар.

-Ойыншық сөзі қай дыбыстан басталады?
— Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
— О дыбысы  неге ұқсас?
— Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.

2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны.

О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло — сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.

3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту жаттығуы:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

4. Түлкінің тапсырмасы.
  ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
— Отанымыз қалай аталады?

5. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на

Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
6. «Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
— Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
— О дыбысы қандай дыбыс екен?
— Әріп таңбасы неге ұқсас?
-О дыбысына байланысты сөздер айту.
Мадақтау.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *