Рухани жаңғыру

Жубанова Айман Қуанғалиқызы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласын зер сала оқып шықтым. Елбасы егеменді елдің бүгіні мен ертеңі ой толғандыратын  — қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана , тебірене, сыр шерткенге, ой елегінен өткізіп таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның өз елін шын жүрекпен сүйетіндігі, ұлттық құндылықтарға деген құштарлығы сүйсінтеді. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананың, жан дүниенің рухани жаңғыруы, азықтануы және білімділікке ұмтылу Елбасы  мақаласының өн бойына алтын әріптермен жазылған.

Уақыт шіркін , сағымдай көз ілестірмей зулайды. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бірінде  тарих беттерінен тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Әрине, бұл жаңа заман мен өмірге жаңа келген сәбидей болмысы пәк, сары ауыз балапандай кіршіксіз таза бой түзеп құрылған кішкене көктемде көгерген көктей бой түзеп келе жатқан « Қазақстан » деген елдің жемісі.Азапты толғаққа  толы күндерді өткеріп ,белестерден асып келеміз. Бұл біздің елдің бірлігі мен жасампаздығының , Елбасының көрегенді саясатының жүйесі деп білемін.

Барлық адамзат, тіпті қыбырлаған тіршілік иесі,  тәуелсіздік пен бас бостандықты теңдікті аңсайтыны , өмір жолы үшін тынбай күресетіні анық. Сол жолдағы тынбайтын күрес әлемнің кей түпкірлерінде жалғасып келеді.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев айтқандай  « Қазақстанның бірлігі мен болашағы – халқымыздың ынтымақ – бірлігінде ырыс- құтты тірлігінде ». Сол бірліктің арқасында еліміздің экономикасы даму мен әлеуметтік жаңару , жаңғырудың даңғыл  жолына түсті. Елбасымыздың көрегенді салиқалы саясатының арқасында  , жан дүниеміздің тазаруы ,  жаңғыруы , көкірегіміз ояу , көзіміз ашық екенін  көруге болады.Бұл нағыз –рухани жаңғыру!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели