«Тіл үйрену шараларының бала денсаулығына тигізетін әсері»

Крымова Рита Илесовна

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме  балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі  мекемеде қазақ  тілін  оқыту  жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі  мекемеде  білім  беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды  оқыту  мәселесі  алдымен  балабақшада  жүзеге  асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының  дамуында  тіл  маңызды  рөл  атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан  қалған  салт-дәстүрге,адамгершілікке баули отырып, жаңа  технологияны  меңгерту. Осы мақсатымыз  жүзеге асуы  үшін біз ең  алдымен  өзіміздің  ана  тілімізді  меңгеруіміз  қажет. Бүгінгі таңда  тіл  туралы  көп  айтылады.Тіл білген  адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның  ойы  тілден  көрінеді.Сондықтан  балабақша  қабырғасынан  бастап  тіл  үйретудің  маңызы зор.

 

Балалабақшада  қазақ тілін үйретуде  сөздік  жұмысты  қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен  тығыз  байланыстыра  жүргізу,жаңа  сөздер  қамтылатындай  түрлі  ойындар  арқылы  тіл  ұстарту, көру, есту, тыңдау, қайталау, есте сақтау,жаттау  қабілеттерін  жетілдіріп  отыру,балаларды  сөйлесе  білуге,сөйлемдерді  дұрыс айтуға,тәрбиешінің  сұрағын  түсініп, дұрыс  жауап  беруге  баулу  мақсаттары  көзделеді.

Ересек  балалар   тобында  бұрынғы  топтарда  үйренгендерін  тереңдете  түседі. Ауызша  сөйлеу  тілін  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді

Әр  оқу  қызметтер сайын  тақырыпқа  сай  түрлі  суреттер,кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар  бойынша  электронды  кітаптармен  көркемдеп  отырса,балалардың  сөздік  қоры  біршама  толығады деп  санамін.

Заман  өзгерген  сайын  әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып  отырады.Әр түрлі  жаңа  технологияларды  өз  тәжірибемізде  қолданып  отырамыз. Соның  бірі  «Ойын»  технологиясы.

Баланың  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытуда, оқыту мен  тәрбиелеудің  негізін  қалыптастырудың  құралы-ойын  әрекеті. Ойын  дегеніміз — жас  ерекшелігіне қарамайтын,адамның  көңіл  күйін  көтеретін,ойландыратын  үрдіс.Ойын  арқылы  балалар  өзінің  психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады.Әр бала  ойнау  үшін  алдымен  ойланады,ойлана  отырып  ойнайды. Кез  келген  бала  еш  уақытты  жалғыз  ойнамайды, құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе  жүріп, пікірлесіп әсер  алысады,ойынның  мазмұнын  анықтайды. Балалар ойын  шығарушылар, ойынды  жасаушылар  болып  табылады. Бала жалғыз  ойнағанның  өзінде  ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы  қатысушылармен  әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу  әрекеті  ойлау  қабілеті  болып  табылады. Түрлі  заттарды  пайдалана  отырып, қоршаған  ортамен, адамдармен  қарым-қатынас  жасайды,тәжірибе  жинақтайды.Ойын баланы  ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да  алға жетелеп  дамытады,баланың  ойын  өрбітіп,тілін  дамытып, бойын өсіреді.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.
Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *