Х х дыбысы мен әрпі

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенғалиева Әлия Рысқұлқызы

Сауат ашу

Күні: 10.02.2017
Сынып: 1 в Қатысқандар саны: 16
Қатыспағандар саны:0
Сабақтың тақырыбы «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.6.1. Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.
1.8.2.1 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9.2.1 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Хат-письмо- letter
Саяхат- путешествие-travelling
Сары-желтый-yellou
Жасыл-зеленый-green
Қызыл-красный-red
Алдынғы оқу Оқушылар Б,б дыбысы мен әрпіне сөздер айтады, дыбыстық талдау жасайды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Басы
3 минут
Психологиялық ахуал Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
(Оқушыларды түстер арқылы 3 топқа бөлемін қызыл, сары, жасыл)
Сабақты бастамас бұрын «Бағдаршам» ойынын ойнап жіберейік.Шарты:Қызыл түс-төс қағысу, сары түс-қол алысу,жасыл түс-арқа сүйеу.(Үш түсті кезек-кезек көрсетіп тұрамын.)

Шаттық шебері

«Бағдаршам»
Қызыл түсті көрсеткенде төс қағысады,сары түсте қол алысады,жасыл түсті көргенде арқа сүйейді.

Сабақтың ортасы
Ой қозғау

15 минут
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым

Бейнетаспа арқылы хат тасушы Хамит көрсету

Балалар бұл ненің суреті
Хат
Хат сөзі қандай әріптен басталып тұр?
Х әрпінен
-Олай болса, бүгін біз Хх әрпімен дыбысымен танысамыз.
(Сиқырлы кітап)
Х — тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Х дыбысы сөздің басында, ортасында және кейде аяғында кездеседі
Мысалы: хат, хабар, асхана, кітапхана, шах
Х – дыбысын хормен айту.
Хат — 3 әріп, 3 дыбыс ,1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз
Х — дауыссыз, қатаң
а — дауысты, жуан
т — дауыссыз, қатаң
Х х – баспа түрі, Хх — жазба түрі.
«Суреттер галереясы»
Сахна, хайуанат, шахмат, ханшатыр, хоккей, асхана
— Х дыбысы қандай дыбыс?
— Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Х әрпін бірінші ауада және тақтаға жазып көрсету
Бейнежазба арқылы х әрпінің жазылуын көрсету
№1 Оқылым.(4-5 балалаға оқыту)
№2 Өлеңді мәнерлеп оқы.
Халел қарап қалмайды,
Хамитқа хат арнайды.
«Хоккей добы керек!»-деп,
Хабарлайды хал-жайды.
№3 Сұрақтардың жауабын болжа. Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.
-Сен кітапханада болдың ба?
-Қандай кітаптар алдың?
-Кітаптарды таңдауға кім көмектесті?
Дәптермен жұмыс

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сиқырлы әріпті көрсету

Видеоролик

видеоролик

Сергіту сәті
1 минут (Бейнеролик арқылы қимыл-қозғалыс көрсеті)
Бейнеролик арқылы қимыл-қозғалыс көрсеті

Аяқталуы

16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут

Топтық жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
Адасқан буындардан сөздер құрау
Жұптық жұмыс
Сәйкестендіру
Ж Балалар
Х Айна
Б Жапырақ
А хабар

Жеке жұмыс
Тапсырма:
Кестедегі сөйлемдерді оқыңыз және құттықтау хаттың бөліктерінің ретін тауып, цифрлармен белгілеңіз.

Немереңіз Саят
Әже!
Сізді Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Зор денсаулық ұзақ өмір тілеймін.
Дискриптор:
Білім алушы
— құттықтау хаттың бөліктерін анықтайды;
— сандармен дұрыс белгілейді
Рефлексия
Бағдаршам арқылы сабаққа түсінгендерін көрсетеді

Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут

Кеменің суреттері
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *