Ғылыми жоба «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет «

 

Ғылыми жоба

 

 

Тақырыбы: “Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет”

 

Зерттеуші: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы,

№114 орта мектептің оқушысы

Бауыржанқызы Мерей

 

Бағыты: Өлкетану

 

Сынып: 7

 

Ғылыми жетекшісі:

 

Дастан Сәтпай – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университет оқытушысы, тарих ғылымының докторы

 

Кеңесшісі: Әбенова Ұлжан

 

Жетекшісі: № 114 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Баймаханова Назерке Тәжетқызы

 

Ғылыми жоба мақсаты:

Ұлы Отан соғысының ардагері Баймаханов Әбдіқадыр атамның өмір жолын зерттеп өз ұрпағына үлгі еткім келеді.

 

Ғылыми жобаның міндеті:

 

– Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірін өзімізге үлгі – өнеге тұту;

– Әр ауылдан, аудан мектептерінен келген оқушыларға біздің ауылдың батырының ұлағатты өмірін паш ету;

– Ұлы Отан соғысы ардагерлерінін ерлігін насихаттау және жас ұрпақты елін, жерін, Отанын қорғауға тәрбиелеу;

Ғылыми жобаның өзектілігі: Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек тәуелсіздікке ғана тіреледі. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.

Біз, соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтық –қазақтар мен қазақстандықтардың анкешті ерлігі туралы оқулықтардан, көркем әдебиеттерден, кино туындылардан ғана білеміз. Соғыс ардагерлерінің соңғы буындары айтып берген әсері әңгімелері жанымызды, санамызды патриотизмге жетелейтін. 91 жасқа қараған шағында дүниеден озған Арал қаласы, Қасқақұлан елді мекенінің тумасы. Ұлы Отан соғысы жылдарында Арал қаласынан Қызылордаға, одан әрі Қытайдың Хайлар, Чансунь, Чичикар қалаларында шайқаста батырлық пен ерлік көрсетті. Күннің ыстығына, суығына төзген. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Майдандағы армияның тыныс-тіршілігінде оның сәтсіздіктері мен жеңістерінде қаншама солдаттардың қаны жерге төгілді. Топырақ астынан окоптың ішінде өз өмірлерін Отан үшін қиған жандардың куәсі болған Әбдіқадыр ата 1948 жылы елге оралады.

Еңбек жолдарын бастаған Соғыстағы ерліктеріне берілген «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан Соғысы», «Сталинградты азат еткен үшін», «Еңбек ардагері»тағы басқа медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда Әбдіқадыр атамыздың 3 қыз 3 ұл 29 немере 27 шөбересі бар.

Ә.Молдағұлова апамыздың ерлігін мақтан тұтамыз. Оның қайсарлығы, жігерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі, келешек ұрпақ үшін қалдырған қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын біз, болашақ жастармыз. Олардың даңқын өшірмеу біздің парызымыз. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю-бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөзді Елбасы Н.Ә.Назарбаев жария еткен.

 

Пікір

 

Азамат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 72 жыл толды. Бірақ Ұлы

Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Бұл

мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын

қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті

жақындатқан жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін

дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі мен

жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның

бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше

ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта

өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен

даңқымыздың мерекесі. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын

терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық,

басқыншылық тізе бүкті. Бірлік,ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Ұлы Отан

соғысына қатысқан Б.Момышұлы,М.Маметова, Ә.Молдағұлова, М.Ғабдуллин,

Т.Бегелдинов, Р.Джумагулов өзіміздің ауданнан аттанған мыңдаған

жерлестерімізге басымды иеміз. Ол кісілерге құрметпен қараймыз. Жеңістің 72 –

ші көктемі бүр жарды. Әлі талай таңы атады. Аталарымыздың, ағаларымыздың

соғыстағы ерлігі еленіп, құрмет көрсетіліп жатыр. Бірақ арамызда Ұлы Отан

соғысының ардагерлері азайып барады. Қазыналы қарттарым аман болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Бұл тақырып «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» атты шығармашылық жұмыс толық қанды жан-жақты зерттеліп жазылып қамтылған. Жұмыс барысында 7-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мерей мен жетекшісі Баймаханова Назеркенің жетекшілігінде зерттеліп жазылған жұмыс. Бұл шығармашылық жұмыста Ұлы Отан Соғысының ардагері Баймаханов Әбдіқадыр атаның Ұлы Отан соғысы жылдарында Чита қаласында сержант мектебін бітіріп, одан әрі Жапония, одан әрі Хайлар, Цицикар елді мекендері төңірегінде шайқаста болады. Қазіргі таңда Баймаханов Әбдіқадыр атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері болған.

 

Аннотация

 

Эта тема посвящена творчеству «Честь ветерану — задача для поколений». Работа изучала ученик 7-го класса Бауржановна Мерей и его руководитель Баймаханова Назерке. Эта работа ветерана Великой Отечественной войны сержант Тур Баймаханов Абдикадир в окончивший школу в годы Великой Отечественной войны, и Япония, далее Хайле, Цицикар поселения на поле боя. В настоящее время Баймаханов Абдикадыр является ветераном Великой Отечественной войны и ветераном труда.

 

 

Annataciya

 

This theme is a comprehensive study of the creative work «Honor to the veteran is a generation». The work was studied by the pupil of the 7th form Baurzhanovna Merey and his supervisor Baymahanova Nazerke. In this creative work, the veteran of the Great Patriotic War Baymakhanov Abdikadyr will graduate from the sergeant school in Chita during the Great Patriotic War and then fight against the Japanese, and then the settlements of Khaylar and Citsikar. At present Baymakhanov Abdikadyr is a veteran of the Great Patriotic War and a labor veteran.

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

А) Менің атам майданда

Ә) Бейбіт өмірде

Б) Аталар ерлігі – ұрпақтарға аманат

 

ІІІ. Қорытынды

 

ІV. Ұсыныс

 

V. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің ғылыми жобамның аты «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» деп аталады. Бұл ғылыми жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым — қазақ халқының басына қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Сол Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында менің атам Баймаханов Әбдіқадір да бар. Ол кісінің жүріп өткен өмір жолын зерттеп,осы ғылыми жұмысыма арқау етпекпін.

Мен зерттегелі отырған Әбдіқадір ата – үлкен атам. Себебі ол кісі менің атамның әкесі. Есімді білгелі ол кісі немерелерінің қызығын көріп, шөберелерінің қолынан су ішіп 2016 жылдың 20 сәуір көктем айында дүниеден өтті. Атам 6 бала, 3 ұл, 3 қыз өсіріп тәрбиелеген. Өзінің өмірлік жары Күлшара әжеміз 1977 жылы 54 жасында дүние салып, балаларының барлық тәрбиесіне, өмір жолын тауып азамат болуына үлкен болуына бар өмірін арнаған.

Атам балаларына «менің жасымды сендерге берсін, бірақ өмірден көрген қиыншылығымды бермесін» деп отыратын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баймаханов Әбдіқадыр

1925 жылы шағаласы шулаған, балығы тулаған Арал теңізінің жағасындағы Қасқақұлан елді-мекенінде дүниеге келген. Атам ауылдық мектепте оқып, жеті жылдық білім алған. Сол кезеңдердегі халық басына төнген ашаршылық нәубәтін атам еске алып, «бізді ашаршылықтан құтқарған Аралдың балығы» деп отыратын. Атам 12 – 13 жасынан бастап Арал балықшыларымен бірге балық аулаған.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *