«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасының деңгейін арттыру»

 

Мен 2017-2018 оқу жылында өзбілімімді  жетілдіру тақырыбы бойынша  «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасының деңгейін арттыру» тақырыбын  алған едім. Өйткені осы тақырып кәзіргі заманға сай болып отыр, сондықтан біздің мектебімізде жан- жақты жағдай жасалып отыр. Әр сыныпта ғаламтор жүйесі, /bilimlan сайтын   күнделікті сабақтарда  қолданамын.                                                                                           Ақпараттық — коммуникациялық технологияны дамыту — білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі — электрондық байланыс, ақпарат алмасу, ғаламтор, электрондық пошта, телеконференция, On — line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
 Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты — оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді.
 Сабақта ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім — білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• іс — әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой — өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
— ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі — болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық — қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс — әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым — қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады.

 

      Осы  әдістемелік тақырып  бойынша  алдағы уақытта  жоспарлап  отырған  жұмыстарымды    жинақтап  лицензиялық    жұмыс  жасайтын  ойым бар.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *