Қарлығаш пен Дәуіт

 

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі :  Драма

Тақырыбы: Қарлығаш пен Дәуіт

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын айтып түсіндіру. Ертегі желісін сұрақ қоя отырып, жауап алу. Бет перде киіп ертегіні кейіпкерлерін сомдай білуге үйрету.

 

Әрекет кезедері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

Ә.Дүйсенов.

 

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ жасыру

 

Шеңберге тұрып өлең жолдарын қимылмен көрсету.

Шаттық шеңбері.

Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытқа,

Бала біткен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл

Ұйымдастыру – іздену

1. Ертегіні суреттер арқылы көрсетіп түсінік беру.

-ертегі желісі бойынша сұрақ жауап

-қарлығаш неге мазасызданды?

-балаларына жауыздық жасағысы келген не?

-қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

— карлығаш нелерден көмек сұрады?

көкек не дейді?

-қарға ше?

-қарлығашқа неге көмектесті?

-дәуіт қалай көмектесті?

 

Сергіту сәті

 

2.Ертегіні сахналау.

баланың өз ойымен түсінгенін айта білуі

 

3. дид.ойын: «Атын ата»

Ертегіде кездескен кейіпкерлердің аттарын атау. Жағымды, жағымсыз кейіпкердлерді ажырата білу.

 

Ертегіні тыңдай білуге қызығушылық таныту.

 

 

Қойған сұрақтарға

жауап  бере білу.

Түсінгендерін айту.

 

 

Ертегіні сахналауға қызығушылық таныту.

 

Ертегідегі кейіпкерлердің аттарын дұрыс ажыратып айту.

 

Сөздік жұмыс: жауыздық, шырылдап, жан ұшырды.

 

 

 

Сергіту сәтінде

Қане қанат қағайық,

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

 

Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан боп секріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

Рефлекстік түзету

Тиым сөздер:

-Құстың ұясын бұзба!

-Құстың балапандарына тиіспе!

-Құсқа тас лақтырма!

 

Ой дамыту.

Қарлығаш адамға дос.

Дәуіт адал достарына көмектеседі.

Қиындықта достарыңа көмектес!

 

Балаларды мадақтау.

Өз ойларын айта білу. Достарын мадақтау.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Ертегі туралы түсіне білу керек.

Игеру: Ертегіні өз түсініктері бойынша әңгімелеуді және сомдауды игереді.

Меңгеру: Ертегідегі ұнамды, ұнамсыз, кейіпкерлерді ажырата дағдысын меңгереді.

 

                            Қарлығаш  пен  Дәуіт

Ертеде  бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бірде  балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрап  барса:

 Бүркіт қонаққа шақырған  соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек.

 Бұдан  соң, қарғаға барса:

 Үйленгелі жатырмын , мазамды алма, – дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатып, дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп:

Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.

    Қатты  қиналып  ұшып  келе жатқан  Қарлығаш сонда:

 Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.

Олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт жотасына шығып алады.

 Көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. Жылан  болса ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйқтамақшы екен.

 Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.

 Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *