Қонақ келсе — құт келер

Орынбетова Мереке Жалғауқызы

Тақырыбы: Қонақ келсе — құт келер.

Мақсаты: «Қонақжайлық» ұғымы туралы түсінік беру. «Адамгершілік»  «жақсы адам»  сөздің мағнасын түсіндіру.

Міндеттері:

адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту;

-жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

-қонақ, қонақжайлық туралы түсінік беру;

-жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-әдептілікке тәрбиелеу;

Көрнекілік құралдар:  сужетті суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

Музыка әуенімен  балалар кіріп отырып жайғасады.

-Сәлеметсіздер ме,балалар!Мен сендермен кездескеніме өте қуанышты-

мын.Балалар,бүгін бізге көп қонақтар келді.Алдымен қонақтармен аман-

дасайық.Енді,бір-бірімізге    күлімсіреп қарап,жақсы тілектерімізді  білді-

ріп,амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Балалар шеңбер құрып, тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз!

Әрқашанда тілектес,

Досыңа көмектес.

Көңіл күйлерімізді көтеріп жұптасып тұрайық қимыл қозғалыс пен көрсетіп менімен бірге қайталаймыз.

-Алаққан — алақанға, иық- иыққа, арқа –арқаға, шынтақ –шынтаққа, аяқ –аяққа, мұрын –мұрынға, құлақ-құлаққа. (Жақсы балалар енді көрпешелерді алып шеңберге отырайық).

Әңгімелесу

Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Адамгершілік үйінде қонақта» деп аталады.

— Бүгін біз  адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.
Балалар «Адамгершілік» деген сөзі ол адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым – кішіпейілділік, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер құрметеуге  үйретеді.

Адам баласына  адамгершілігі бар бала — барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Балалар адамгершілік сөзін қалай түсінесіндер. Ол бір –бірлеріне көмек көрсету, амандасу түрлері,  жақсылыққа көрсету,үлкен адамдарды құрметеу, кішілерді сыйлау, түсінісу мен кешіру, адамдардың бір –біріне мейрімділікпен, қамқорлықпен қарап, шыншыл бала болыуын үйреніп тырысуымыз  керек.

Балалардың жауаптары

-Балалар қандай адамды «жақсы адам» деп айтамыз?

-«Жақсы адам» болу үшін  не істеу керек?

-сыйлау керек,

-адамдарды құрметеу керек;

-көмектесу керек

-жауапкершілікке, жақсылыққа.

-қамқорлық көрсету,

-мейрімділікке, кішіпейлік болуымыз керек

-татулыққа, ұйымшылдық

-достарын қадырлеу керек..

Балалардың жауаптары

-Балалар,сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдар ма?

-Қонаққа барғанда сендерді қандай сөздермен қарсы алады?

-Ал, үйлеріңе қонақ келгенде қандай сөздермен қарсы аласыңдар?

-Балалар,амандасудың қандай түрлерін білесіңдер?

Балалардың жауаптар

Балалар үстелге жайғасып отырамыз.

Слайд көрсету.

-Балалар,біз қонақ күту, адамгершілік   туралы слайд көрдік,әңгімелестік.

Біздің халқымыз өте қонақжай болған.Келген адамдарға ештемесін аямай,

барын дастарқанға қояды.

-Қандай құрмет көрсеттіңдер?

-Қонақты қалай құтесіндер?

-Қонақтарға не әзірлеп дайындайды?

-Балалар сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?

-Ойыншықтарыңды жинайсыңдар ма?

Балалардың жауаптары

 Әңгімелеу

Тәрбиеші «Түлкі мен тырна» ертегісін әңгімелеп беру, балалар сұрақ- жауап арқылы жауап бареді.

Қорытынды.Сурет  бойынша  сұрақ-жауап  арқылы, сабақты бекіту.

 —Бүгін сабақта біз адамдардың бір –біріне деген сүйіспеншілігін,сыйластығын, адамгершілігін, қонақжайлығын, адал достығын  адамға тән қасиет екендігін түсіндік.

Алматы облысы Балқаш ауданы «Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Орынбетова Мереке Жалғауқызы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *