Қоршаған ортаны қорғау

Мухамеджанова Кульбарам Советовна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырып бойынша білім беру, сөздерді меңгерту.Табиғат жөнінде әңгімелесу, мәтін бойынша жұмыс түрлерін жүргізу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, оқу, жаздыру, түсіндіру, ойландыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, табиғатқа байланысты слайд, карточкалар, аудиожазба,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі;

Кезекшімен сұрақ-жауап

Кім сабақта кезекші?

Кім жоқ?

Қазір қандай жыл мезгілі?

Қазір қандай сабақ?

Қазақ тілі нешінші сабақ?

Ауа-райы қандай?

Үй тапсырмасын тексереміз

а/ сан есім ережесі

ә/ сөз жаттау

б/диологты рөлге бөліп жаттау, оқу

  1. Кейспен жұмыс. Проблеманы шешу. Жағдаятты талдау.
  2. Проблеманы шешу. Жағдаятты талдау.

«Бұлақ»

 Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас, әрі лай. Бұлақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағынан шөп өсіп кеткен. Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.

Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек?

           Жаңа сөздер

Қоршаған ортаны  қорғау – окружающая среда

Мәселе – проблема

Болашақ – будущее

Мөлдір – прозрачный

Ойын-сауық – развлечение

Дүниежүзілік – всемирный

Ұрпақ – поколение

2013 жыл-экология мен қоршаған ортаны қорғау жылы. Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты –табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған . Әр түрлі оыйн –сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі. Қазақстандағы  өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Ал құстардың түрі 500-ден көп. Өзен –көлдерде балықтың 107 түрі бар. Далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен. Оларды қорғауымыз керек.

Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру – біздің борышымыз.

Мәтінмен жұмыс

а/Тыңдаймыз

ә/өздеріне оқыту

б/Таныс сөздерді табу

в/ Жаңа сөздермен танысу

г/  сан есімдерді теріп жазу

д/таблица бойынша жұмыс

 

Сұрақ Жауап
1.2013 жыл қандай жыл деп жариаланды?  
2.Мәтіннен 5 маусым қандай күн екенін жаз  
3.Осы күннің  негізгі мақсаты қандай?  
4.Қандай шаралар өткізіледі?  
5.Осы мәтіндегі басты ой қандай?  
6. Табиғатты қалпына келтіру үшін не істеу керек?  
7. Оған кім жауапты?  
8.Сен қандай үлес қостың?  

 

  1. Рефлексия (синквейн)

Синквейн құрастыру

1-ші жол: сабақ тақырыбын анықтайтын зат есім жазу.

2-ші жол: тақырыптаа анықталған құбылысты ашатын екі сын есім жазу.

3-ші жол: тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік жазу.

4-ші жол: алдыңғы екі жолдағы құбылысты ашатын фразаны жазу.

5-ші жол: сабақтан алған әсерді көрсететін зат есімді жазу.

9.Үйге тапсырма

10.Бағалау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *