Қоянның тапсырмалары

Мажиренова Махаббат Нурлыбековна

Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қорытындылау. Балалармен екі – екіден тар- кең, биік-  аласа, ұзын – қысқа, ұзындау – қысқалау сөздерін пысықтау. Түстерді, көлемді, пішінді ажырата білуді қайталау.1-5 –ке дейін санауды атай білу

Дамытушылық: Балалардың зейінін, ақыл – ойын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін, өзін – өзі бағалай білуін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды топпен жұмыс жасауға бір – біріне достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілі: әңгіме, ойын, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.

Көркемділік: слайд.

Тәрбиеші балаларды топпен залға кіргізеді. Қонақтармен амандасады.

Ғажайып сәт.

Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.

Қоян: Сәлематсыздар ма! Балалар.

Тәрбиеші: Сәлематсыз ба қоян, қайдан келесің, көңілдісің ғой өзің?

Қоян: Ия, балалар бүгін менің туған күнім, менің достарым бәрі ұйқыларынан тұрып, туған күніммен құттықтап жатыр. Ал, қасқыр сыйлық берді.

Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?

Қоян: Білмедім? Сыйлықты сендерге ашып көрсетейін бе? ( сыйлықты ашады)

Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма? (- деп жылайды)

Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.

Тәрбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті. Сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.

Қоян: Қандай тапсырма?

Тәрбиеші: Сөйлемді дамыту математика, суретке байланысты екен

.

Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе? — Ия

Ал, қоянжан сен жайғасып отыр, біздің балалар саған көмектесуге дайын. (қоян отырады).

1 тапсырма.

Балалар! Ал енді бірінші тапсырмаға назар аударайық.

Балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінде күн қандай болады?

Көктем мезгілінде құстар қай жақтан ұшып келеді?

Көктемде ағаштар не жарады?

Көктем мезгілі екенін қайдан білесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар балалар. Сендер өте жақсы біледі екенсіңдер. Енді көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?

Иә

Көктем туралы тақпақтар. «7 бала айтады»

Балалар! Енді тақтаға назар аударайықшы.

Айгерім: Көлде аққу, көкте қаз

Орманда бұлбұл сайраған,

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Қайсар:Тамшы, тамшы, тамшылар

Көгерді ағаш, тал шынар.

Тамшылардан өнетін,

Тамаша гүлдер бар шығар.

Нұржігіт:Сұлу көктем

Бүршік шашып.

Жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Хадиша: Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады.

Бақшаларға гүл егіп,

Жемістерді тереміз.

Нұрислам:Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз ауладан

Шығып алып көк белге

Маржан:Көктем күні керемет

Жаңбыр жауып себелеп

Күн ашылса болғаны,

Көлбеңдейді көбелек.

Елнұр:Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жасарып

Қызғалдақ боп құлпырып,

Көктем – біздің балалық.

 

Слайдпен жұмыс.Көктем мезгілі туралы әңгіме құрастырады. «4-5 бала:

Сергіту сәті;

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы –қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің

2- тапсырма:

-Ал балалар сендер санау білесіңдер ме

3- тапсырма:
— Мына суретте не отыр ( Күшік )
— Ал мына жерде  нелер тұр? (Мысықтар)
— Күшік мында нешеу екен? Қане санайық. ( 1 ) яғнибіреу
— Ал мысықтар ше?
Санайық қәне мен сендерге көмектесейін. (1, 2, 3 ) яғниүшеу
— Ал сонда қайсысы көп мысық па әлдекүшік па?
Дұрыс айтасыңдар мысықтар көп екен.
4- тапсырма:

Геометриялық пішіндер дегеніміз не?

айырмашылығын ажырату.

5-тапсырма:

Кеңістікті бағдарлау

Көп-аз салыстырмалы

Биік –аласа

Ұзын-қысқа

Дидактикалық ойын: Жасырын тұрған суретті тап.

Тәрбиеші:Жарйсыңдар балалар!

Қоян: Балалар сендер өте білімді екенсіндер.

Тәрбиеші: Балалар енді алдымыздағы қағазы алып умаждап алып алдарында тұрған талдың бүршік атып келе жатқан талдын бейнесін  салайық.

Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар балалар, деп жеке жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.

Қоян : Рахмет балалар.Мен сендерден бүгін көп нәрсе үйрендім көктем туралы,аз-көп,биік –аласа,ұзын-қысқа және санап үйрендім.Сендердің сәбіздерің де өте керемет сыйлық болды енді мен де сендерге сыйлығымды берейін.(Сыйлықтарын таратып береді)
Енді менің кетуім керек  кеш түспей үйіме қайтайын сендерден үйренгенімді ормандағы аңдарға айтайын сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:Сау бол, қоян  балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды .

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *