Қызмет етем халқыма

Абуова Ғайни

Мақсаты:  Рухани жаңғыруды сипаттау сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарды тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Оқушылардың бойына ұлттық сананы оятып,туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін ұялату.

Ұйымдастыру.Көңілді әуен ырғағымен шаттық шеңберіне жиналу.

Сәлем, саған!

Сәлем сізге,

Ашық аспан жарық күн!

Бір шаңырақ астында

Сен тұрасың,

Ол тұрады.

Мен тұрамын.

Біз тұрамыз.

Бір –бірімізге зор денсаулық,шат көңіл тілейік.

Мұғалім:  Балалар ұлан байтақ Қазақстан еліімізде бақытты өмір сүру үшін,елімізді өркендету үшін ,біз өз үлесімізді қалай қосамыз? Әрбір оқушының асқақ арманы,алға қойған мақсаты бар.Бүгін сол арман мақсаттарымызды ортаға салып,ой бөлісуге жиналып отырмыз.Бүгінгі ұйымдастырылған шарамыздың тақырыбын «Халқыма қызмет етемін »деп атадық.Болашақта балалардың өскенде мен кім боламын деген ойларын тыңдап көрейік.

(әр оқушы өз ойын айтады)

Жұмбақ шешу.

Оқу білім бағдары,

Замананың бағбаны. (ұстаз)

Араша тұрар өлімге,

Қай маман бұл-өмірде?  (Дәрігер)

Қалағы бар қолында,Кімді айттым ойымда?  (Құрылысшы)

Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?    (Аспаз)

  1. «Мамандықтың бәрі жақсы»

Балалар әр түрлі мамандықпен таныстыру,еңбекті құрметтеуге ,өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.

Шарты:  Сурет бойынша өзі қалаған мамандығы бойынша ой қорытып,неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелеу.

3 «.Мамандықтар сөйлейді» (Әр мамандықтың кастюмдерін киген оқушылар ортаға шығады)

Әнші:  Әлемге ән боп жалғанар,

Әйгілі небір тарландар.

Әуелей ұшқан аққудың

Әсерлі үнін ұшқан дал.

Роза мен күләштай

Әнші болсам не арман.

Мұғалім:  Мен үлкейіп өсіп толамын

Сонда осы өзіміздің ауылдың

Бөбектерін үйретіп

Мұғалима боламын.

Дәрігер:  Ақ халатты абзал жан.

Дәрігерге бәрі таң

Менде соған қызығам.

Болашақта армандаймын

Болсам екен сондай жан.

Емдеп жазып ауруды.

Тілейтін тез жазылуды,

Дәрігер болғым келеді.

Ұшқыш:  Ар намысын сақтаған,

Жүректе сыр жаттаған.

Туған елін ұясын,

Жан тәнімен сақтаған.

Ұшқыш болғм келеді.

Ақын:    Ал мен ақын боламын.

Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін,

Жырмен жаулап аламын.

Полиция:  Ел деп соққан жүрегі

Ұлы Отанның түлегі

Полиция қорғаным,

Тыным таппай жүреді.

Мен полеции боламын.

Сот:  Әділдіктің жолын іздейтін,

Әділ сотшы боламын.

Сотқа келген халықтың

Мәселесін шешетін

Әділ сотшы боламын.

Жүргізуші:  Елге қызмет істеген.

Көлік айдап үйренсем.

Аспазшы:  Жасайтын түрлі тағамдар

Аспазшы жақсы мамандық.

Тігінші:Тігетін киім –кешекті,

Тігінші болам мен епті.

Электрик:  Жарық еткен түніңді,

Электрик болам білімді.

Қорытынды . Абай атамыз айтқандай «Болмасаңда ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып армандарымызға жетіп,жақсы мамандық иесі болайық!Болашақта сіздерді үлкен маман иесі болып,халқына қызмет етеді деп зор үміт күтеміз. Қазақстан еліне өз үлесіңді қосатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспін.

Ән:  Болайықшы осындай.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *