Үздік тарихшылар (интелектуалды сайыс)

Молдагалиева Бакытгул Сансызбаевна

Мақсаты: Оқушылар жетінші сынып бойынша тарих пәнінен алған білімдерін шыңдау жинақтау, қорытындылау.  Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,

азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық

жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді  сығып  жүріп

еңбек ет.

Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Назарбаев

Сайыс барысында оқушылардың  көңіл күйлерін көтеру және  өз-өздеріне деген сенімдерін нығайту мақсатында тренинг ойнатамын.

Тренинг  «Түстер»

Ақ— түсті таңдаған оқушылар ақкөңіл   жандар, айналасындағы  достарына  жайдарлы  күлкі  сыйлайды.

Қара— түсті таңдаған оқушылар тиянақты, жинақы болып келеді.

Қызыл—  түсті таңдаған оқушылар ерік жігерлі  болып келеді

Сары- түсті таңдаған оқушылар мейірімді  достарының арасында күн сияқты нұрын шашып жүреді

Көк- түсті  таңдаған  оқушылар сөзге берік, ұстамды болып келеді

Жасыл-  түсті таңдаған  оқушылар  білімді, өнерлі болып келеді

Сайысымызды  бастамас бұрын әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар:

1.Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ  тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:

Айнагүл Жаннатовна

2.Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестік жетекшісі, қазақ  тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:  Индира  Мұратқызы

3.Мектебімізде тарих пәні  мұғалімі: Камила  Сатыбалдиевна

7 а,б сынып оқушылары  өздерінің аты мен ұранымен таныстырады, эмблемаларына  тоқталады.

«Сұрақ бізден –жауап сізден»

7а сынып  1  топ  «Көшпелілер» тобы

1.Теле сөзінің мағынасы?           (Түрік)

2.Батыс түрік қағанатының астанасы?             ( Суяб)

  1. Түркеш қағанатының өмір  сүру  мерзімі?              (704-756жыл)
  2. Қарлұқтар құрамындағы тайпаның саны нешеу? (тоғыз)
    5. Оғыздардағы жоғарғы билік иесінің лауазымы?                  (жабғу)
    6. Қимақтар  мекендеген аймақ?                                               (Моңғолия)
    7. Қарахан мемлекетінің негізін салушы?                  (Сатұқ Боғра хан)
  3. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі? (X-XIII ғасырлар)
    9. Қарақытайлардың мекендеген жерлері ?               (Жетісу)
    10. Қыпшақ мемлекетінің хандары ?               (Алып-Дерек,II Мұхаммед )

7б сынып     2 топ   «Алаш»  тобы

1.Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?           (603жыл)
2. «Тат»  сөзінің мағынасы қандай?               (құл)
3. Араптар  «сүзеген» деп атаған Түркеш қағаны кім?         (Сұлу)
4. Қарлұқ қағанатының екінші  астанасы?                    (Баласағұн)
5. Оғыз қоғамында әскербасының лауазымы?           (сюбашы)
6. Қимақтар құрамында болған ең ірі тайпа?                 (қыпшақтар)
7. Қарахан мемлекетіндегі ханның кеңесшісі           (уәзірлер)

  1. Керейіттер қоныстанған өзен бойы (Керулен)

9.Қарақытайлардың тарихи  шеңбері          (1125-1212 жылдар)

  1. Қыпшақ тайпалары ішіндегі ең беделдісі         (Бөрілер)

Жұмбақ  сандық

«Есімдер»

10.Түркістан қаласында сопылық ілімнің насихатшысы болған ғұлама     (А.Қ.А.Йасауи)

  1. 10. «Құт негізі -білік» еңбегінің авторы           ( Ж.Баласағұн)

10  Испиджаб қаласын өз жазбаларында  Сайрам деп атаған ғалым кім?

( М.Қашғари)

  1. 10. «Шығыстың атақты ғалымы, екінші ұстаз, IX-X ғ өмір сүрген данышпан

адам кім?   (Әл-Фараби)

  1. Ахмет Йасауидің шәкірті кім?  ( С.Бақырғани)

«Мәдениет»

  1. Орта ғасырлардағы діни сәулет құрылысы қалай аталады?      (Мешіттер)
  2. Сығанақ қаласында орналасқан  кесене қалай  аталады?          (Көккесене)
  3. Шығыс пен Батысты байланыстырған жол қалай аталады? (Жібек жолы)
  4. Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою өрнегі кең қолданған кесене қалай аталады?        (Алаша хан кесенесі)
  5. XI-XII ғасырға жататын Шығыс моншасы  табылған қала?     (Отырар)

«Шығармашылық дәстүр»

  1. Қадырғали Жалайыридің шығармасы қалай аталады? (Жылнамалар жинағы)
  2. Жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспап қалай аталады? ( Жетіген)
  3. «Алаң да алаң, алаң жұрт» жырының авторы кім? (Қазтуған)
  4. «Ел айырылған» күйін шығарған  кім?              (Асан Қайғы)
  5. «Әмірің қатты, Есім хан» жырының авторы кім? (Жиембет)

«Терминдер»

  1. Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш қалай аталады?

( Терракота)

  1. Әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер қалай аталады? (Сойырғал)
  2. Күміс, жез қаптырмалармен безендіріліп, қалташалар салынған жалпақ былғары белдік қалай аталады? ( кісе)
  3. Мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі мекемелер қалай аталған?

(Диуан)

  1. Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы қалай аталады?

( Ғаныш)

«Суреттер сөйлейді»

  1. Музыкалық аспап қалай аталады? ( Қылқобыз)
  2. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда құны бір үйір жылқымен бағаланған бас киім қалай аталады? ( Сәукеле)
  3. 1663-1756жылдар арасында өмір сүрген би    (Төле би)
  4. Суретте қай ғашықтардың мазары көрсетілген? (Қозы Көрпеш- Баян сұлу)
  5. XIV-XV ғасырларда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі қалай аталады?

(Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі)

«Кім білгір, кім жылдам»

1.Монғол империясының негізін қалаған Шыңғыс хан ба?    ( Иә)

  1. Алтын ордада Өзбек ханның тұсында ислам діні үстемдік алдыма? (Иә)
  2. Ақ орданың саяси орталығы Сығанақ  қаласыма?     (Жоқ )
  3. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған Тоғылық-Темір ме? ( Иә)
  4. Әмір Темірдің шығу тегі маңғыт тайпасыма? ( жоқ)
  5. Ноғай Ордасының территориясы Еділ мен Жайықтың аралығыма?     (иә)
  6. Әбілқайыр ханның астанасы Сарайшық  қаласыма?  (жоқ)
  7. «Қазақ» сөзі XIV  ғасырда этникалық  мағынаға ие бола  бастадыма?    (иә)
  8. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөз «Алаш» сөзіме?      (иә)
  9. XIV ғасырда ислам дінінің таралуына  қатты көңіл бөлген Есен-бұғама?     (жоқ)

«Жүйрік болсаң,шауып көр»

 

1.Қазақ хандығының негізін салушылар?           (Керей мен Жәнібек)

  1. 1511 жылға дейін Қазақ хандығын билеген Керейдің ұлы? ( Қасым)
  2. Хақназар хан ел билеген  жылдар?           ( 1538-1580ж)
  3. Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлы кім?     ( Тәуекел)
  4. «Жеті жарғы» заңдар жинағы өмірге келді? (Тәуке хан тұсында)
  5. Қазақ хандығының негізін қалаған әулет? ( Шыңғысхан әулеті)

«Шығармашылық  тапсырма»   ( постер қорғау )

           

«Көшбасшы»      (тарихи есеп)

4000+220-3000=     1220 жылы ( Шыңғысхан  Отырар  қаласын  басып алады)

728х2+10=   1466  жылы  (Қазақ хандығының  құрылған жылы)

 

Қалдығайты    жалпы    орта білім  беретін   мектебі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *