Үйшік ертегісі

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:                          Шуканаева  Рая

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі :  Драма

Тақырыбы:  Үйшік ертегісі

Мақсаты: Балаларды жабайы аңдармен таныстыруды жалғастыру. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Аңдарға байланысты әндер айтуға, тақпақтар жаттауға  тілдерін дамыту. Балалардың  есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Әрекет кезедері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

«Менің көмекшілерім»

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осында басталған

Мынау басым ақылды,

Барлық істі бастаған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

 

Қызығушылықтарын ояту.

Жұмбақ жасыру

Сұрақ-жауап

Бұлардың бәрі қандай жануарлар?

Қайда өмір сүреді?

 

Өлең  жолдарын шеңберге тұрып қайталау.

 

Қойылған жұмбақты қызығушылықпен шешу. Сұрақтарға жауап бере білу.

Үй ішін аралап, Түнде көп жортады.Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады (тышқан)

Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта Бірін-бірі мақұлдап (Бақа)

Сарғұлт тартқан  түсі бар,

Ақсиған көп тісі бар

Тыным тапппай жүгіріп,

Сілекейі шұбырып

Қыстау маңын ториды

Ауылдың өз бар иті (қасқыр)

Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады (қоян)

Сайқымазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар

Бұл қандай аң,

Ұғып ал (түлкі)

 

Ұйымдастыру – іздену

1. Үйшік ертегісі туралы түсінік беру.

Сұрақ-жауап.

Үйшікті не тауап алады?

Оларға тағы нелер келеді?

Аюды олар қалай қабылдайды?

Достық  дегеніміз  не?

Үйшік қалай құлады?

 

2.Бет перде киіп ертегіні сахналау

Ертегі кейіпкерлерінің қимыл қозғалысын дұрыс сомдай білу.

Сабақты зейін қоя тыңдау.

 

Берілген сұрақтарға толық жауап бере білу.

 

 

Сабаққа қызығушылықпен қатысу. Сөйлеу мәнерін дұрыс айту.

 

 

 

Рефлекстік түзету

Бірлік туралы мақал-мәтелдер.

-Бірлік болмай тірлік болмас.

— Бірлік түбі ынтымақ.

 

Балаларды мадақтау.

Мақалдардың мағынасын түсіне білу.

 

Достарын бағалай білу.

 

 

 

                                        Күтілетін нәтиже:

Білу: Үйшік ертегісі туралы түісніктерді біледі.

Игеру: Ертегіні түсініп әңгімелеп, сахналайды.

 

Меңгеру: Ертегідегі ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді ажырата алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *