Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі.

«Ақбота»  естияр  тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің    

                               технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 19. 12.  2012ж.                Тәрбиеші:   Шуканаева  Р.С..

Білім беру саласы:  Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Дене тәрбиесі.

Мақсаты:   Сапқа  тұру,  жүру,  зал  ішінде  шашыраңқы  жүгіруге,  өз  орындарын  тауып дұрыс  тұра  білуін  қадағалау.  Жалпы  даму  жаттығуларын  және  негізгі  қимыл – қозғалыс  жаттығуларын  дұрыс  жасай  білуге  үйрету.

 

Әрекет кезеңдері

  Тәрбиешінің іс-әрекеті

       Балалардың іс-әрекеті

        Енгізу

Дәлелді ояту

Сапқа  тұру,  әр түрлі  бағытта жүру,   тәрбие-шінің  белгісі  бойынша шашыраңқы  жүгіру жай жүруге  ауыса  отырып,  өз  орындарына  тұру.

Сапта дұрыс жүре білу, өз орындарын таба білу, қимылдар-ды жасау, сабаққа қызығушылық таныту.

 

Ұйымдастыру — іздену

 1.  Жалпы  даму  жаттығулары  доппен. 

 5– бөлім.

 

2. Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары.

 2- бөлім

 

Түрлері:

 

-Доға астынан өту.

 

-Екі аяқпен 4-5 сызықтан  секіру.

 

-Обруч ішіне допты  екі қолмен  лақтыру.

       

 3.Қимылды  ойын:

«Түрлі – түсті машиналар»

 

 

Берілген жалпы даму жаттығуындағы қимылдарды дұрыс  жасай  білу.

 

 

 

Қимыл —  қозғалыс жаттығуларын  жасағанда  тәрбиешінің  нұсқауын  дұрыс  тыңдау.дұрыс жасай білу.

 

Ойынға  белсене қатысу.

Жалпы даму жаттығулары:

1.Аяқты  алшақ қою, доп  төменде, допты  алға созу, жоғары көтеру, түсіру. бастап-қы  қалып.5-6 рет.

2.Обручты екі қолмен  алға ұстау. Допты оң аяқ пен сол аяққа домалату.Бастапқы қалып.

 3.Допты екі қолмен ұстау.Еденге тигенше еңкею..

4.Тіземен отыру.

Допты оңға, солға өзін айналдыру.

5. Допты еденге қою.

Допты айнала секіру, адымдап орнында жүру, қайта секіру.

 

Рефлекстік түзету

Сапқа  тұру,  әр  түрлі  бағытта  жүру, ұзындық  бойынша  тұру. Сұрақ – жауап.

Балаларды  мадақтау.

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, достарын  мадақтау.

 

                                                    Күтілетін нәтиже:

Білу: Дене шынықтырудың  пайдасын және сабақтың  ерекшеліктерін  түсіне білу  керек.

Игеру: Көрсетілген  жаттығуларды  дұрыс жасай білуді игереді.

 

Меңгеру: Сабаққа арналған  көрнекіліктердің аттарын және қолдану тәсілдерін меңгереді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *