Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын

Байтлеуова  Жансая

Жас ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы, ел ертеңі.                                                    «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым                                                             дейтін бала қайдан болады?»

                                                                                                      

А.Байтұрсынов

Еліміздің бүгіні мен ертеңі деп білетін бүлдіршіндерімізді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев назардан тыс қалдырмаған. Елбасы өзінің дәстүрлі  Жолдауында «Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиемен қамтылған балалардың үлесін 2020 жылға дейін 100%  қамтуға  қол жеткізуді нақты тапсырған болатын. Осы Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 елді мекенінен «Мерей» жекеменшік балабақшасы 2013 жылдың 03 мамырында кәсіпкер Емешова Айнұрдың ұйымдастырумен ашылды. Жаңа үлгідегі бой көтерген балабақшада балалардың демалуына, білім мен тәрбие алуына барлық жағдай  жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай төрт топ жұмыс жасайды. Балабақша  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты талабына сәйкес, типтік бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.

Балабақшаның басты мақсаты- балаларды жеке тұлға дамуын қамтамасыз ету, дене бітімі дамыған, белсенді, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген, отбасы, қоғам мемлекет және табиғат  жөніндегі алғашқы түсініктері бар саналы ұрпақ тәрбиелеу. Балабақшаның оқу қызметі үрдісінде балалардың адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыру арқылы ұлттық құндылықтарымыздың яғни, салт-дәстүр, әдет-ұрыптарымызды бойымызға сіңіру. Сонымен қатар бүлдіршіндеріміздің тілін дпмыту, сөздік қорын байыту, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін ояту мен салауатты болашақ өрендерін тәрбиелеу.

Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы  болғандықтан, тәрбиешілерге мдениетті білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Дұрыс тәрбие- балаға өмір бойы азық. Сол тәрбиені дұрыс ұйымдастыратын, жас ұрпаққа тәрбие беретін, басты тұлға- педагог. Балабақшада 14 педагог аянбай қызмет етеді. Балабақшамызда мерекелік іс-шаралар, ертеңгіліктер, ашық ұйымдастырылған оқу-қызметтері, түрлі сайыстар және отбасылық  сайыстар, ата-аналарға арналған ашық есік күндері жыл бойы жүргізіліп келеді.

Балабақша материалдық-техникалық базасы толығымен қамтылған. Музыка залы, компьютерлі кабинет, инновациялық кабинеттерімен  жабдықталған. Жұмыскелердің жұмыс жасауына толық қамтамасыз етілген. Балабақшада бейнебақылау, компьютерлер, музыка аспаптары, ұлттық аспаптар, медициналық кабинет, тынығу бөлиесі, сондай-ақ бөлме ауасын тазалайтын қодырғылармен қамтылған. Балабақша ауласында «денсаулық жолы» алаңы жасалдан. Балалар онда құм, тас, қиыршық тас жолдарынан өтіп келік қолтырауын жатқан су қоймасына келіп суға түседі. Барлық топтарға арналған учаскелері бар. Оны таертеңгілік тәрбиешілер сыпырып, тазалап, су шашып бала қабылдауға алдын-ала дайындайды.

В.А.Сухамолинский: «Отбасы- адамды жақсылық жасауға үйрететін бірінші ортасы болса, тек ата-аналамен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін»-дейді. Балабақшада ата-аналармен жұмыс жолға қойылған. Жыл сайын дәстүрлі және дәстүрден тыс іс-шаралар жыл бойы өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, ашық есік күндері, ата-аналар жиналыстары, тренингтер, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, отбасылық спорттық сайыстар және психологиялық демалыс сәттері т.б. болып тұрады.

Қазіргі таңда ата-аналарды ойландыратын жайттар да аз емес. Оның бастысы нашар оқытындардың қатарына сырттай тәп-тәуір, ойлау қабілеті жоғары деңгейде, оқу мен жазуды мектепке дейін –ақ меңгеріп алған балалардың қосылуы. Мұндай балалардың көбею себебі балабақшадағы білімнің қарапайымдылғы балаға аздық ететіндігінде болып отыр. Менің 35 жылдық тәжірибемнің ішінде осы қиындықтың қазіргі заманның өзекті мәселесі екенін көріп отырмын. Осы мәселелерді шешу заман талабы екені анық, сол себептен балабақша жаңа технологиялармен жұмыс жасауды басты бағытта ұстап отыр. Балабақша педагогтары бірнеше технологияларды жолға қойып басты бағытқа жұмыс жасайды.

Педагогтар  арнайы қызмет көрсету мекемелерімен тығыз байланыс жасайды. Жыл сайын бір арнайы қызметкерді шақырып кездесу өткізіп, балалармен бірге ата-аналарды да арнайы қызмет түрлерінің қиындығы мен ерекшкліктерін таныстырады.

Біздің жастарымыз елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, баланы жаңа заманға лайықты етіп тәрбиелеуге балабақша қызметкерлері міндетті. Олай болса педаготар білім беруде. Тәрбиені  тек қарапайым түрде ғана жүргізбей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жасауға міндетті. Балабақшаның  жұмыс жасаған 5 жылда балабақша қызметкерлері 5 түрлі жаңа технологиялармен жұмыс жасайды. Яғни  әр жылда   бір   жаңасымен  деген сөз. Атап айтсақ денсаулық, тәй-тәй бағдарламасы, дәстүрлі емес сурет салу, монтессори, ментальды арифметика технологиялары. Арнайы курстардан өткен мамандар тәжірибелерін шыңдай түседі.

Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге қуаныш сыйлайтын, өміріміздің мәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі рухани адамгершілігі мол, Қазақстанның болашаған жарқын ететін ұрпақтар болсын.

 

Балабақаша директоры Байтлеуова Жансая Сакыповна

Жоғары білімді, жоғары санатты, 35 жыл еңбек өтілі.

Мамандығы: мектепке дейінгі тәрбие педагогика және психология пәнінің оқытушысы және методист

Гурьев педагогикалық институты 1994 жыл

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *