Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу

Уалиева Жанаргул Муратовна

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім  беру  саласы:  «Таным».

Бөлімі:  ҚМТҚ

Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу».

Мақсаты: Таңертең (таң)  — тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері:  Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен — кіші) және санына қарай  (бір — көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Әр балаға жұмыс дәптері, бір жұмсақ ойыншық – аю, қара қарындаш, 3 аю бейнеленген сурет-карточка, аюлардың әрқайсысына 3-тен бал салынған бөшкелер.

Сөздік жұмыс: бірдей.

Билингвальді компонент: бірдей-поровну.

Ғажайып сәт.  «Аю»

-Мен балабақшаға келе жатып, жолда мына аюды кездестірдім. Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін-жетпейтінін біліп беруді сұрайды.

-Қалай, оған көмектесеміз бе?

Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

-Иә.

«Жете ме» ойыны.

Балалардың назарын әрқайсысының үстелінде бейберекет жатқан үш аю бейнеленген сурет-карточкаға және екі бөшкесі бар тәрелкеге аударады.

-Суреттегі қонжықтар көңілсіздеу ме, қалай? Қонжықтарды немен қуантуға болады? Таптым, оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық, қонжықтардың бәріне бөшкелердің жеткенін тексеріп көрейік.

–Қонжықтардың әрқайсысына бал салынған бөшкенің жеткен-жетпегенін қайдан білеміз?

-Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?

-Қайсысы көбірек – қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме?

-Олар бірдей болу үшін не істеу керек?

Тәрбиеші әрқайсысына тағы да бір-бір бөшкеден таратады.

-енді қанша бөшке болды?

-Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме? Балалар қонжықтар бейнеленген карточкаларға назар аударады.

-Балы бар бөшкені қонжықтардың үстіне қою керек.

-Жоқ.

-Қонжықтар көбірек.

–Бал салынған тағы бір бөшке керек.

-Қонжық қанша болса, бөшке де сонша болды.

–Бірдей болды.

Сөздік жұмыс: бірдей.

Билингвальді компонент. Бірдей – поровну.

Сергіту сәті: «Қоян»

Ыршып-ыршып секіріп,

Қоян келді кеңкиіп.

Аяқтары жаураған,

Жылытпақ боп тырысты

Жүгірді де қуысты

Бір жоғары, бір төмен

Жүр аяқтың ұшымен

Секіреміз, отырамыз,

Аяқтарды жылытамыз.

«Қояндар қонақта» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 15 – оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.

Тәрбиеші балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады.

-Қояндар не жегенді жақсы көреді?

-Сәбізді, орамжапырақты.

-Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіздер ме?

-Сәбіз қанша болса, қояндар да сонша.

-Қояндардың бәріне сәбіз жете ме?

-Иә

Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік.

Балалар сәбізден қоянға дейін жол салады.

Балалар тапсырманы орындайды.

«Моншақты жина» логикалық ойыны.

(15 – оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма)

Үлестірмелі материал – жапсырмалар.

Тәрбиеші балаларға жоғарыда көрсетілген моншақтар сияқты жіпке геометриялық фигуралардан тізу керектігін айтады.

-Моншақтарды қандай геометриялық фигуралардан жинадыңдар?

Геометриялық фигураларды төмендегі жіпке жапсырады.

-Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш.

-Аю сендерге оның қонжықтары үшін, балы бар бөшкелерді санап бергендерің үшін алғыс айтады. Аю балалармен қоштасады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *