Өзгерісті өзімізден бастайық

Жусанбекова Гулшат

«Қоғамды өзгерткісі келсе-мұғалім өзі өзгеруі керек»

Михай Чиксентмихай

            Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренерлерінің қолдауымен білімді жетілдіру курсы  басталды.

ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстың деңгейлік бағдарламасының таңдап алған бағытын толықтыратын үрдісте басталып менің алғашқы аптам ең қызық,ең тартымды,мазмұнды және де қызықты,қиын,құнды болды.

Мен топпен жұмыс жасауды,топ мүшелерінің міндеттерін,қоғамдастық жұмысындағы түрткі мен кедергілер,құрылымы,көшбасшылық қай тобына жататынын,мектеп мәдениетінің өлшемдері,отыз тұжырым,9 ромб тәсілі,мектеп мәдениетін өзгерту,сценарий жазу,сценарий не үшін қажет,нормативтік құқықтық құжаттар туралы алғашқы аптада таныс болсам,кейінгі апталарым бұданда қызық,ауқымды,әсерлі,жаңалықтарға толы болды.Оқығанды тоқып, мен үшін  ең басты  мәселе болған  бағдарламаның идеяларын мектеп ұжымымен,жұртшылықпен таныстырудан бастадым.   Бағдарлама қазақстандық мұғалімдерге эвалюация жасаудың арнайы жүйесін дамытуға бағытталады. Сондықтан мен өз мектебіме оқыту мен оқу  тәжірибесіне жаңашыл өзгеріс енгізіп,кең мағанасында мұғалімдерді ары қарай дамытуға көмектесу үшін  осы бағдарламаны басшылыққа алып жұмыс істеуге бағыт-бағдар беремін деген ой түйдім.

Жасөспірімдердің сын тұрғысыдан ойлай алатын,өзіне сенімді,қалай оқу керектігін білетін,шығармашыл,табысты адам болып дамуы үшін маған үлкен жауапкершілік артылғанын сезіне отырып мектептегі білім беру саласындағы жетекші маман ретінде оқушыларды,қызметкерлермен қоғамдастық мүшелерінің барлығын оқыту үдерісін үнемі жетілдіріп отыруға,ынталандыруға бел байладым.Сондай  ақ мектебімде кәсіби қарым-қатынасты жақсарту,қолдау көрсету,бәріне оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндіктер беру,шығармашылық,жаңашыл шешім іздеу мақсатында басқалармен бірлесіп жүмыс істу арқылы қоғамдастықты құру және қолдау көрсетуді қолға алдым.

«Қоғамды өзгерткісі келсе-мұғалім өзі өзгеруі керек» деп Михай Чиксентмихай айтқандай мектепті басқаруда өзгеше көз-қараста болып,өзімізді басқада қырлардан көре бастадық,өзімізге деген көз қарас мүлдем өзгере бастады,жаңашылдыққа бет бұрдық.Бүгінде үйренуге үйрену керек дегендей «өмір бойы үйрену»  идеясын қазіргі білім жүйесінің негізгі тұжырымдамаларының біріне айналып кетуінің себебі осындай жәйтермен байланысты.Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру »идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену»ұстанымына өзгеруінде болып отыр.(А.Алимов 4бет)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *