«Көңілді информатика»

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Көңілді информатика»
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:
Білімділігі: сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, түрлі-түсті шарлар, маркер, А4 парағы, Пайнт редакторы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Көңілді информатика» атты сыныптан тыс сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы жерде сайысқа төрелік ететін мұғалімдерді таныстырып шығайын:
 
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Оқушылар ортаға шығып жылулық шеңберін құрап, бір-бірлеріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, Балалар, бөлініп өз орындарына жайғасамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласыздар.
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжіспей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І-кезең: «Информатика әлемінен сәлем!»
ІІ-кезең: «Тіл-өнер»
ІІІ-кезең: «Жанды процессор»
ІV-кезең: «Жарнама»
V-кезең: «Капитандар сайысы»
VI-кезең: «Эстафета»
І кезең — «Информатика әлемінен сәлем!»
Әр топ өздері топтың атын және жеке сайыскерлерді еркін формада қысқаша таныстырады.
ІІ кезең – “Тіл — өнер”. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор, монитор, monitor)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі, пробел, blank)

  1. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? (150 минут – 2 сағат 30 минут, 2 часа 30 минут, 2 hours and 30 minutes,)
  2. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (тікенекгүл, кактус, cactus)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз         (пернетақта, клавиатура, keyboard)

  1. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? (алты, шесть, six)
  2. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышка, mausе)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында   (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? (он бес, пятнадцать, fifteen)
  2. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.                    (кітап, книга, book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelеve)
  2. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

  1. Жұртты өзіне қаратқан
    Ақпаратты сақтап,таратқан (есептеуіш машина, компьютер, computer)
  2. Егер білсең,айта қойшы
    Бұл қандай құрылғы
    Ақпаратты қағаздағы
    Компьютерге енгізеді. (мәтіналғы, сканер, scaner)
  3. 15. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? (адам, человек, human)
  4. Аш қарынға неше стақан айран ішуге болады? (бір стақан, один      стакан, one glass)
  5. Компьютердің барлық жұмысын қамтамасыз ететін құрылғы? (жүйелік блок, системный блок, system unit)
  6. Өшірілген файлдар қай бумада сақталады? (себет, корзина, basket)

 
ІІІ кезең –«Жанды процессор»
Ақпаратты компьютерде сақтау үшін ортақ «жады» деген атпен аталатын бірқатар құрылғылар бар. Жады сыртқы және ішкі, ішкі жадының өзі тұрақты және жедел болып бөлінеді. Топтардан  1 адамнан шығып,  «процессор» ретінде «флэш-дисктен» — тарелкадан «жедел жадыға» — стаканға  «ақпаратты» — суды қасықпен тасиды.
Топтарға тапсырма мынадай: флэш-диск – бұл суы бар тарелка, су — ақпарат, стакан – жедел жады. Топтан флэш-дисктен жедел жадыға ақпаратты қасықпен таситын  1 адам — процессорды таңдау керек. Әділқазы процессордың сипаттамаларын – шапшаңдығын және тасымалдау ақпаратының мөлшерін бағалайды. Топ мүшелеріне 1 минут уақыт беріледі. Қай топта су көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
 
ІV кезең – «Жарнама»
Қазіргі кезде жарнамасыз өмір сүру мүмкін емес. Теледидар мен радиодан тұрақты түрде жарнамалар айтылып жатады. Бүгін біздің топтарымыз да өз жарнамаларын назарларыңызға ұсынады. Мұражай экспонаттары – ескі компьютерлерді қазіргі кезде қай жерлерге қолдануға болатынын сайыскерлер жарнамалайды. Дайындалуға 3- минут.
Жүргізуші: Топтар дайындалғанша көрермендерге тапсырмалар ұсынамыз.   Сұрақтарға кім тез жауап берсе, сыйлығымыз дайын! Жауап айтар алдында қолыңызды көтеріңіз.
 
Көрермендерге сұрақтар:

  1. «Блокнотты» қалай ашамыз?
  2. «Вирус» қалай жұғады?
  3. «Қатқыл диск» деген не?
  4. «Себетке» нені саламыз?
  5. «Терезені» қалай жабамыз?

V кезең –Капитандар сайысы
Сиқырлы әріптер. Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет
1 – топ. – Пернетақта
2 – топ. – Бағдарлама
3 — топ. – Информатика
4 – топ. – Арифметика
5 – топ. – Есептеуіш
6 – топ. — Электроника
 
VІ кезең –«Эстафета»
Сонымен, соңғы шешуші кезең – «Эстафета» кезеңіне де жеттік. Интерактивті тақтада 1 минутта сайыскерлер кезекпен берілген суретті салып үлгеру керек. Бұл суретті біз алда келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнаймыз.

  1. Әділқазылар алқасының сөздері
  2. Қорытынды

Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең,
— дей отырып, бүгінгі сайысымыздың өз мәресіне жеткенін хабарлаймыз. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз. Сау болыңыздар!
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.