Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» үнпарақ мәтіні
Мен, Әлібек Нұржігіт Дарханұлы, Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектебінің 10-сынып оқушысымын. «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» атты балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тұтыну мен таратуға қарсы тұруын дамытуды қолдау үшін өз үндеуімді жолдаймын.
Құрметті замандастар, отандастар, мен елімнің ертеңін ойлайтын саналы жасөспірімдерді салауатты өмір сүруге, дені сау қоғам құруға, өмірге құштар болуға шақырамын. Қоғамдағы тізгінін бермей келе жатқан аса бір қауіпті нәрсе – нашақорлық болса, ал  сол уытты аждаһаның арбауына түсіп жатқан қаншама жастарды көріп және оларға араша бола алмау –  одан да өткен зор қорлық.
Насыбай, шылым, темекі, апиын, арақ-шарап, сыра, есірткі сияқты зиянды заттарды тұтыну және оны тарату ғасыр дертін одан сайын өміршең ете түседі. Одан ұрпақ азады, денсаулық тозады, қоғамға қауіпті орта пайда болады. Ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық та сондай есірік заттардың әсерінен орын алады.Қаншама шаңырақ шайқалады, іргесі сөгіледі. Қаншама әйел жесір қалады, қаншама жәутең көз жетім қалады. Адамзаттың тамырына балта шабылып, «хайуанизм ғасыры» билейтін заман келеді.
Сондықтан, өзімнен кейінгі балалар, бозбала мен бойжеткендер және өзіммен қарайлас жасөспірімдер, менің үніме құлақ сал!

  • Әкенің қанымен тараған ата-бабаң салған жол саған аманат!
  • Ананың сүтімен дарыған ұртыңдағы уыз дәмін кейінгі ұрпаққа сақтап жеткізу саған аманат!
  • «Аманатқа қиянат жасамау барлық саналы жанға парыз!

Болашақ жарқын болсын десең, ертеңің жайдары болсын десең, әр күнің нұрлы болсын десең, әр таңың арайлы болсын десең, әр сәтің шуақты болсын десең:
Спортты жаныңа серік қыл!
Дұрыс және уақытылы тамақтан!
Өзіңді сүйген және өзің сүйген жандардың ортасында бол!
Бос уақытыңды пайдалы іске арна!
Әдемі өмір сүру өз қолыңда екенін ұмытпа!
Мен, осы үндеуім арқылы өзіммен идеялас жандардың ойын жеткіздім. «Біз есіркісіз жұмақ өмірді қалаймыз, тұңғиық тамұқтан шығыңыздар, жарқын болашаққа қол созыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.