Мен қандай көбелек көрдім?

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет
Тақырыбы: «Мен қандай көбелек көрдім?»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға көбелек туралы түсінік беру. Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс – тәсілі баспа әдісін қолдана отырып, көбелек суретін сала білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылыққа қызығушылығын ояту, шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру.Қылқаламмен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жәндіктерге қамқор болуға, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: Триз технологиясы, ойын, көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелеу
Қостілділік: Көбелек-бабочка
Көрнекі-құралдар: Көбелектердің суреті, слайдтан түрлі-түсті көбелектер суреті,үлгі сурет, ақ парақ, қылқалам, субояқ

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
 
 
 
 
 
 
 
Іздену-ұйымдастыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рефлексивті түзетушілік
Шаттық шеңбері
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Түрлі-түсті бояумен
Әсемдеп біз жүрейік
Бізге келген қонаққа
Иіліп сәлем берейік.
 
 
Триз технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын анықтау.
 
Гүлдер,гүлдер көктесін
Көбелектер көп келсін
Гүл қанатты көбелек
Бақшамыздан кетпесін
 
Слайдтан өлең жолдарын сурет бойынша көрсету.
 
Өлеңде не туралы айтылған?
Жарайсыңдар, өте дұрыс!
 
Олай болса бүгінгі «Сурет салу» оқу қызметінің тақырыбы ең қызықты,ең тартымды «Мен қандай көбелек көрдім?» деп аталады.
 
Көбелекті көрдіңдер ме?
Көбелектердің түстері қандай болады?
Иә, сары, қызыл, ақ, көкшіл түсті, көбелектер
Бір сәтке көзімізді жұмып, қиялмен гүл толы қырға, шығып келейік.
Ұшып жүрген көбелектер.
Жайқалған гүлдер қандай, қызыл, сары, ақ гүлдер. Осы гүлдердің ортасында бірінен – біріне ұшып, қонып көбелектер жүр. Гүлдер қандай әсем болса, сол гүлдерге ұқсас көбелектер де алуан түсті, пішіні де гүлге ұқсас. Сан құбылған қанаттарын қағып, табиғатты одан сайын сұлуландыра түседі.
 
1. Балалар, көбелектің қанша түрін көріп тұрсыңдар?
2. Қанатының өрнектері қандай?
Сұрақ қою арқылы көбелек пішіні туралы мәлімет беремін.
 
 
Көбелек түрлері.
Компьютер бетінде алуан түсті, алуан түрлі көбелек түрлері ашылады.
Көбелекті орыс тілінде «Бабочка» деп атаймыз.
Көбелектің дене бөліктеріне тоқталу.
Басы, көзі,аузы, мұртшасы,қанаты
Көбелектердің де түстеріне қарай өз аттары болады екен.
Махаон көбелегі, қалақай көбелек,Павель көзі көбелегі, көгілдір көбелек, Монарх ең шыдамды көбелегі, лимон көбелегі.
Көбелектер бунақденелілерге жатады,олар бақшаның ішінде
гүлдің, шөптің арасында, ұшып-қонып жүреді.
 
Тосын сәт:
Осы кезде топқа көбелек ұшып келеді(көбелек болып киінген қыз)
Көбелек: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен кіммін?
Көбелек: Иә, мен көбелекпін, біз өте нәзікпіз, жаз мезгілінде өмір сүреміз.
Гүлден-гүлге қонып, гүлдің ішіндегі шырындармен қоректенеміз.
Гүлдің иісін мұртшалар арқылы сеземіз.Гүлдерге қонып, өсімдіктерді
тозаңдандырамыз.Тозаңданбаған өсімдік жеміс пен тұқым бермейді.
Тәрбиеші: Балалар, көбелектің дауысы біртүрлі бірнәрседен қорқып тұрған сияқты.Көбелек саған не болған?
Көбелек: Менің достарымның қанаттары жараланып қалды. Сендер менің достарымның қанаттарын қалпына келтіруге көмектесемісіңдер?
Тәрбиеші: Балалар көбелектің көңілін көтеру үшін достарының қанатын қалпына келтіруге көмектесеміз бе?
 
Дидактикалық ойын: Көбелектің қанатын дәл тап.
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге, салыстыра білуге үйрету.
 
Көбелек достарының қанатының қалпына келгеніне қуанып ұшып кетеді.
 
Олай болса, «Өнер» орталығында
Көбелектің суретін дәстүрден тыс баспа тәсілі арқылы саламыз.
 
Көбелектің алдыңғы екі қанаты үлкен, артқы екі қанаты кішілеу болады.
Біз көбелектің суретін салып үйреніп алайық.
 
Фишкаларды тарату
 
1.Әдебиет орталығы
 
Мақсаты: Балалардың көбелектер туралы түсініктерін кеңейту, қойылған сұрақтарға жауап алу.Тақпақтар, ертегілер,дидактикалық ойындар арқылы бала тілін дамыту, қызығушылықтарын ояту.
 
Тақпақ .
Көбелек.
Мен тимеймін,жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдап састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой көбелек.
 
Көбелек-ау, көбелек,
Әдемісің керемет!
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой.
 
 
Ақпын, сары, көкпін,
Түрлі-түсті көппін.
Жүрем өзім жайнап.
Арасында шөптің.
Дидактикалық ойын
Тақырыбы: «Көбелектің өз түсін тап»
Мақсаты: Көбелектерді түсін ажырата отырып, өз түсімен сәйкестендіру.
 
2. Өнер орталығы
 
Тақырыбы: «Мен қандай көбелек көрдім?»
Мақсаты: Қылқаламмен, субояқпен ұқыпты жұмыс істеуге жаттықтыру.Саусақ икемділіктерін жетілдіру, бастаған ісін аяқтауға дағдыландыру.
 
Қос бүктеу әдісімен салады.

Көбелекті салу жолдары. 1, 2, 3.

Компьютерден көбелекті салудың үш жолы кезекпен көрсетіледі.
Өзім тақтаға көбелекті салу жолдарын салып тұрып, суретті қағазға орналастыру, сыртқы нобай, формасын тұрғызу, оны субояқпен бояу әдістерін түсіндіремін.
Көбелектің  бір  жақ қанатын  бояп, форматтың екінші бетін беттестіреміз. Қағаз бетін ашқанда көбелектің қанаттары бірдей симметриялы шығып, әрі түстеріде бірдей болып қайталанады.
 
Жұмыстың орындалу реті.
1.Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызамыз.Бояудың жарты бөлігі су болады.Енді бояуды сумен араластырамыз.
2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз.Қылқаламмен көбелектің
дөгелек,сопақша пішіндер салу арқылы денесін саламыз,мұртшасын саламыз және алдыңғы үлкен қанат пен артқы кіші қанатын салу.
Бояумен оң жақ алдыңғы үлкен және артқы кіші қанаттың ішіне көк түстен дақ түсіреміз.
3. Сары, қызыл түстерді қолдана отырып оң жақ қанатын бояймыз.Әрбір бояуды пайдаланған соң, қылқаламның ұшын суға тазалап жуып отырамыз.
 
4.Қағаздың дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанатын беттестіреміз. Оны қолымызбен 1-2-3 деп
санаймыз.
5. Көбелектің қанатын ашамыз.Егер көбелектің қанатындағы бояу өте солғын болса, яғни сендердің бояуларыңның өте сүйық болғаны. Егер бояудың суы аз болса, онда бояуларың кеуіп қалады да келесі қанатына дақ түспей қалады.Бояу жақсы, дұрыс араластырылған жақсы дақ түсірілген болса, онда көбелектің сол жақ қанатының өрнегі оң жағымен бірдей болып шығады.
 
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
 
Құрастыру орталығы
 
Мақсаты: Көбелекті дөңгелек пішіндермен әсемдеу.
 
Қызыл, сары, көк,жасыл түсті көбелектерге дөңгелек пішіндерді орналастыру арқылы көбелекті әсемдеу.
 
 
Балалар шаршаған боларсыңдар Сергіту жаттығуын жасайық.
Музыка әуенімен сергіту сәті.
 
Балалардың өзіндік жұмысы.
Көмек қажет болған балаларға көмектесу.
 
Балалардың жұмыстарын өздерімен бірге тамашалап,жақсы жұмыс жасаған баланың жұмысын барлығына көрсетіп мадақтау.
 
Балалар жұмысын талдау.
 
Балалар бүгін біз не жайында үйрендік?
 
Сендерден көбелек қандай көмек сұрап келді?
 
Көбелек қайда болады?
 
Біз сендермен түсі қандай көбелек салдық?
 
Кім қай орталықта жұмыс жасады?
 
Орталық жұмысы сендерге ұнады ма?
 
Көбелек орыс тілінде қалай аталады?
 
Көбелектің қандай түрлері болады екен?
 
Балалардың жауабын тыңдап, оқу қызметін қорытындылау,мадақтау.
 
 
 
 
Күтілетін нәтиже:
 
Жаңғыртады: Көбелек туралы айтады, түстерін атай алады,үлгіге қарап сурет салады
 
Түсінеді: Көбелектің түрі көп, түстері әртүрлі болатынын, жәндіктерге жататынын
 
Қолданады: Дәстүрден тыс әдіс-тәсіл арқылы сурет салуды
 
 
Балалар қимылмен көрсетеді
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көбелек
 
 
 
 
 
 
 
 
Сары, қызыл, жасыл
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалар жауаптары тыңдалады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сәлеметсіз бе, сіз көбелексіз
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалар үш орталыққа бөлінеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көбелектер туралы білетіндерін айтып, түстерін атайды.Көбелек туралы ертегіні айтып, тақпақтар жаттайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалар көбелектерді түсіне қарай гүліне орналастырады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қылқаламды суға батырады,субояққа араластырады.
Әртүрлі түстерді қолданады.
Қағазды бүктейді,көбелектің оң жақ және сол жақ қанатын беттестіреді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қызыл, сары, көк,жасыл түсті көбелектерге дөңгелек пішіндерді орналастырады
 
 
 
 
Музыка әуенімен сергіту сәтін қимылмен орындайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалар жауаптары тыңдалады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Көбелек туралы айтады, түстерін атай алады,үлгіге қарап сурет салады
Түсінеді: Көбелектің түрі көп, түстері әртүрлі болатынын, жәндіктерге жататынын

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.