«Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу»

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамын.Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар,адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазір бүкіл әлемде интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Көркем еңбек сабағында оқушылармен жұптық және топтық жұмыс жасаудамын. Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес,сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі  шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Оқушыларым жыл бойы ізденіс үстінде. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Оқушының ойын жүйелеуде әртүрлі әдіс-амалдар қолданылады:-жаңа материалды меңгеру;-оқушыға бағыт беруғ яғни түрткі сұрақ, реплика беру;-оқушының өзін көбірек сөйлету;-тақырыпты бекіту;-игерілген білімді тиянақтау;-көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану. Оқушының өз бетімен ізденісіне деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, олар оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін тақырыбын түсіну, ашу, ондағы негізгі ойды бөліп алу; өз ойын дұрыс жазу, айту. АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймын, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін — өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беремін, жауаптарын тыңдаймын. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нә
тижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.Біріншіден– шығармашылық жоба білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.Мысалы: «Жеңіл көйлек тігу»тақырыбын өткен кезде «Түсіну деңгейі»топқа сұрақтар жазылған көйлек мозайкалары таратылады,оқушылардың өз білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы жүргізілді. Екіншіден — оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.«Қолдану деңгейі» бойынша Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады Бұл жерде оқушылар «Топтастыру стратегиясы» арқылы постер қорғайды. І топ ұлттық көйлекІІ топ заманауи көйлекІІІ топ тұрмыстық көйлек Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады.Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті шығармашылық жоба оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.Бұл деңгейде оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындайды.Жұптық жұмыс орындайды. Қалдықтармен жұмыс жасап,көйлектің эскизін дайындайды. «Талдау деңгейі»«Реттілік» кезеңі.Топтағы оқушыларға сұрақ парақшасы таратылады.Бұйымды әрлеп үтіктеу үлгі дайындайды. Фурнитураларды (түйме,ілмек,гүл т.б) қадау материалды пішу. Сызба дайындау бұйымды тігу.Оқушылар жеңіл көйлек дайындаудың технологиялық реттілігін дұрыс орналастырады.«Жинақтау деңгейі»бойынша Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірін тыңдау арқылы қорытынды пікірге келеді.«Бағалау деңгейі» бойынша: Не білдік?, Не үйрендік?, Сен қалай ойлайсың? Осы сұрақтар арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгендерін ортаға салады.Кері байланыс: Қай тапсырма қиын болды,қайсысы оңай болды. Сарамандық жұмыстағы қателіктерге талдау жасау. Оқушылар смайлик арқылы көрсетеді.Төртіншіден– шығармашылық жоба нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым — қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді.Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу — оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі . Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс — әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым: -оқушының шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;-қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;-қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлініп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;-қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады. Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады . «Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір –бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікірін айтып сабақты қорытындылай алады . « Ыстық орындық», «Сұрақтарды ұстап ал», «Ассоциация» «Джигсо» әдістері, яғни диалогтік оқыту барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайды. Сондықтан бір-бірін оқыту оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары
анық.Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан- жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс. Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейнекөріністер алып оған талдау жасау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды. Мысалы: 5сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары» тақырыбында сабақ өткізгенімде алдымен сыныпты түстер бойынша 3 топқа бөлдім. Әр топқа қазақ халқының ұлттық киімдері, баспанасы ,зергерлік бұйымдарымен мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету мақсатында оқушыларға сұрақ қоя отырып қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдер,зергерлік бұйымдары барлығы дерлік ою-өрнекпен әшекейленеді деген мәтіндер бойынша топтық тапсырмалар бердім. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге,бір — бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды.АКТ- ны пайдалана отырып алған мәліметтерін баяндай алды. Қазіргі таңда АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыларымызды мына қадамдарға бағыттайды .1.Оқушы танымын кеңейтеді 2.Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды . 3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады. Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. 1.оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. Оқушылардың көзқарасын кеңейтеді. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнің де еңбек өнімінің жоғарлауы болады. Қорыта келгенде  бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. «Ұстазы жақсының ,ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл — ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады.Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді . Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан — жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу — қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы,бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады » деген сө
зін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.