С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» еңбегіне талдау

Білім жеке адам өмірінде және мемлекет саясатында аса маңызды орын алатын, іргелі салалардың бірі болып табылады. Тіпті, қазіргі заманның саналы тұлғасын ең болмағанда минималды білімсіз елестету мүмкін емес. Мұның барлығы білім беру және білім алу, яғни, жалпы оқыту мәселелерінің өзектілігін арттырады. Сондықтан, оқыту процесінің қызметі, құрылымы, тиімді әдістемелері көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналғандығы таң қалдырарлық нәрсе емес деп ойлаймын.
Оқыту саласын жан-жақты зерттеп, оған өзіндік көзқарасын ұсынған сондай ғалымдардың бірі психология ғылымдарының докторы, академик Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов болды.
Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Психология» мамандығының студенттері, «Тұлға психологиясына кіріспе» пәні аясында қарастырған С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» еңбегі педагогикалық психология саласындағы мамандарға ғана емес, сонымен қатар, оқу процесінде танымдық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мәселелеріне қызығушылық танытатын әрбір адамға арналған.
С.М.Жақыповтың  айтуынша, біз ХХІ ғасырда, жоғары технологиялар заманында өмір сүрсек те, жаңа тиімді оқыту технологияларын құру қажеттілігі туралы айта отырып, әлі де ортағасырлық категориялармен ойлаймыз.
Университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қаласа да, қаламаса да оқу процесінің тиімділігін нақты не анықтайтыны туралы ойланбастан, күнделікті іс -әрекеттегі оқыту әсерінің тиімділігі мәселесін шешуге мәжбүр болатыны одан да өкінішті.
Дидактикалық жүйе түсінігін анықтай отырып, С.М.Жақыпов оқыту позициясының репродуктивті және продуктивті түрлерін ажыратады. Олардың түбегейлі айырмашылығы жалпы мақсаттың мазмұнын анықтаудан тұрады.
Репродуктивті бағыт өкілдері мақсат ретінде білім, дағды мен қабілеттерді беру мен игеру процесін қарастырады.
Ал, оқытудың жалпы мақсаты ретінде продуктивті бағытты ұстанушылар практикалық немесе танымдық міндеттерді, мәселелерді шешу дағдылары мен дағдыларының қалыптасуын, дамуын түсінеді, мұнда білім осы қызметті қамтамасыз ететін құралдардың рөлін атқарады.
Мен С.М.Жақыповтың «осы уақытқа дейін бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің барлық білім беру жүйелерінде оқыту мәселесіне деген дәстүрлі, немесе репродуктивті көзқарастың басымдылығын білдіретін тиімділік критерийлері сақталған»,-деген пікірімен келісемін.
Алайда, менің ойымша, қазіргі таңда білім берудің практикалық аспектілеріне көбірек назар аудару арқылы бұл мәселеде біршама ілгері жылжу байқалып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанымызға биыл отыз жылдың жүзі толып отыр, бұл уақыт аралығында елімізде білім беру саласында көптеген реформалар жүргізіліп, ауқымды өзгерістер орнады деп ойлаймын. Бұл мәселеде жас мемлекетіміз мүлдем кемшіліктерден тыс деп айта алмасақ та, С.М.Жақыпов сілтеген тиімді оқыту жолында нық қадам басып, жарқын болашаққа қарай ұмтылып келе жатырмыз деп қорыта аламын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.